Материалдар / Жасыл шырша жанында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жасыл шырша жанында

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік іс-шара мақсатында қолданылатын құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кел, Жаңа жыл ,жаңа жыл!

Мақсаты:балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы ұғым беріп,оны татулықпен, бірлікпен, достықпен өткізуге баулу.

Тәрбиеші: Салеметсіздер ме құрметті бүлдіршіндер,ата-аналар,қонақтар,балалар!Біз сіздерді жаңа 2017 жылмен құттықтаймыз!

Сіздерге жаңа жылда жаңа табыс,бақыт тілейміз.Мектепалды және шағын орталық тобының Жаңа жылға арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Бақыт,шаттық,молшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл

Жаңа жылға арналған тақпақтар айтады. (ОҚУШЫЛАР МУЗЫКАМЕН КІРЕДІ)

ХОРОВОД (БІЗГЕ ЖАҢА ЖЫЛ КЕЛДІ)

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! – деп айғайлап шақырады.
Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)

Тәрбиеші: Мыстан кемпір! /Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды/
Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тименіз біздін шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «Ту-у-у!» ). Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ак,осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын! 
Мыстан Кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.

Тәрбиеші: Балалар, Қане тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізде шырқап, атамызды шақырайық!

Аяз ата, аяз ата деп шақырамыз.

Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз-ата мен ақшақар кіреді. Аяз-ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.



Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.
Аяз-ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба? 
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын. 
Аяз-ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!
Қарашы біз тойға келдік!



Қане балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалар амандасады.)
Аяз-ата: Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді) (ҚАНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ТАҚПАҒЫН ТЫҢДАЙЫН МИНИ ЦЕНТР)
Аяз-ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. 
Шырша шамын жағайық, 
Жаңа жыл тойын ашайық!
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Осы кезде Аяз – ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.
Ақшақар: Қойыңыз Аяз-ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Тәрбиеші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен?
Қане, барлығымыз іздеп көрейікші?
(Сөйтіп жатқанда балалар сиқырлы таяқты тауып алады)
Аяз-ата: Жарайсың, балапаным!
Тәрбиеші: Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар!

Қуант бізді, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат (3рет)


«Құтты болсын жаңа жыл» әнін шыршаны айналып орындау.
Ортаға тақпақтармен: 20 бала

Тәрбиеші: 
Достарымыз бар қуанып,
Тамашалар кештер де
Талшыбықтай бұралып
Биші болам өскенде
Құрметті қонақтар, қыздарымыздың «Шышалар» биін тамашалайық!
Тақпақтар айтылады:15 бала

Әтеш шақыру.

Тәрбиеші: Ата-аналармен ойын:Аяз Атамен көңіл көтеріп «Орындық» ойынын ойнап алайық!

Ән: «Ойыншықтар»
Тәрбиеші: Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
АязАта: Иә, сол кілт шығар.
Тәрбиеші: АязАта, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.
АязАта: Қап, әттеген-ай! Қане біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға мыстан кіріп келеді.)
Мыстан: А-а бәлем! Таптым, сандақ мында тұр екен ғой! 
Аяз Ата: Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай-тағы, не дейді? Сыйлық өзіме де керек.
Аяз Ата: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. Аяз ата: «Қане таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал!Керегі жоқ, қалпыма кетір! Ой, не істесем екен?
Аяз Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін!
Аяз Ата: А-а, онда осылай тұра бер! Мен кеттім!

Мыстан: Жоқ, Аяз-ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтартарымды шешсін!
(осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады.)
Жұмбақтар:
1.Қолы менен қаламы жоқ
Бірақ сурет салады көп Аяз
2. Суда қалқиды
Жылыда балқиды. Мұз
3. Қыста шыны болып қатады
Жылыда су болып жатады Мұз айдыны
4. Аспаннан ақ ұлпа борады
Қырқаны сейсепке орды Қар
5.Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым

Мыстан: Жарайсындар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
АязАта: Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың да ақылды, білімде де өнірлі екенсіндер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді..........)










Бекітемін:-------------------------- Келісемін ----------------------------

«15орта мектебі» директордың тәрбие іс жөнінде

ММ директоры орынбасары

Д.С.Сапанова З.А Қойтбаева

«-----»----------------------------------- «--------»---------------------------















Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!

Мектепалды даярлық сыныбы және шағын орталық

/ертеңгілік/

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!