400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жасыл шырша жанында

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қош келдің,Жаңа жыл»-2018 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келдітой деп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

-Құрметті балалар, ата-аналар, ұстаздар қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің,Жаңа жыл » атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

-Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы , арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан 1«ә» сынып жетекшісі Караматдинова Улзада апайға құттықтау сөзді беремін.

Мұғалім: (мұғалім сөзі)

Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер еліне саяхат жасап , жаң жылымызды әрі қарай мерекелейік.

1.Сайқымазақ: Армысыздар, Халайық!

-Жақсы жайғастыңыздар ма,қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп тұр ма?

Бәріңе орын жетті ме?

-Сендермен кездескендерімізге өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы отырмыз.

-Біз бүгін мерекемізді көңілді әуенмен шыршаны айналып өтуден бастайық.

-Шырша әні

Жүргізуші: Бұрыннан болған екен Аяз ата,

Тосады екен балалар қысқы уақытта.

Ақшақарды қасына ертіп алып,

Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай.

  • Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аязата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

2. Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап қарсы алайық.(Аязата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)

Аязата: Аяулы ата-аналар, ардақты ұл-ыздарға Бүлдіршін балаларға бір сәлем

Қандай жарқын жүздерің.

Қандай әсем жырларың,

Асулармен алысқан.

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

(Балалармен амандасады)

Ақшақар:Амансыздар ма балалар,ұстаздар, ата-аналар.Өздеріңізді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, өтіп кеткен Тауық жылымызға аман-есен саулық тілеп,келер жылымыз Ит жылына табыс жыл,береке,бірлік әкелсін деп тарих жыл болсын деймін.

Аязата: Аязата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды,шырша шамдарын жағады)

Аязата: Бәрекелді балалар!Шыршамыз жарқырап,айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршанып айналып өтейік.

(Балалар аязатаға тақпақтарын айтып береді)

-билеп жатқанда ескі жыл шығады.

Тауық: Мен ескі жылмын,сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.Мына келер жылға айтар тілегім.

Қуанышты ортамызға сазға ұласқан.

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2018 жыл қадам басқан.

Гүлденіп көркейе бер Қазақстаным.

Келесі жыл бастауын итке бердім,(Сахнаға ит шығады)

Ит : Сәлеметсіздер ме кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым , сондай жүгірдім ,кешігем деп қатты қорықтым,әйтеуір кешікпей келдім –ау.

Тауық: Мен тағы бір қонақпын.

Он екі жылда оралар.

Үлкендерге ақниет

Сіздерге де ақниет

Сіздерге де мың рақмет.

Барлығы: Қош бол,тауық, қош бол.

Ақшақар : Қош келдің жаңа жыл

Аязата :Ал айналайын жаңа жыл,келген қадамыңа нұр бітсін . Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда.Жақсы жыл бол жаңа жыл.

Би(Көңілді күн)

Ата-аналармен: орындық ойыны

Ұлдар биі :Жігіттер

Аязата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік,ақшақарым,алда барар ауыл,жыл қуантсын баршаны

Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.

Барлығы: Қош бол,Аязата,Ақшақар.

Сайқымазақ: Міне қымбатты балалар,бірлесіп достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді,достық бірлік бәрінде жеңеді.Аспанымызды бұлт торламасын.Көктегі күніміз сөнбесін.

-Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақыт боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
421
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі