Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Жасыл шырша жанында"ертенгілік
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жаңа жылға
арналған мерекеік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға
балалар қол ұстасып кіреді
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр
жараса.
Басында әсем
жұлдызы
Көз тоймайды
қараса.
Жасыл
желек жамылған,
Асыл моншақ
тағылған,
Miнe, сұлу
шыршамыз.
Көптен күтіп,
сағынған,
Кел, балалар,
келіндер,
Тамашаны
көріңдер.
«Жаңа
жыл» әні орындалады.
Жүргізуші:
Келіңдер жас
ұландар,
Ертегімді
тыңдандар.
Ертегімде сан
қилы
Қызық- Қызық
сырлар бар.
Жаңа жылдың
кешінде
Аңдар келіп 6ip
шешімге
Достаспақшы
ниетпен
Жиналыпты
келісімге.
Соныменен,
балалар
Жаңа жылға
арналған
Ертегіні
көріңдер
Шын бағасын
беріңдер.
(Мерекелік музыка
ойналады.)
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады
да:
Қоян:
Ау, жарандар,
ал қараңдар
Жауып тұр қар
себелеп.
Көкке толды,
жерге қонды
Сансыз аппақ
көбелек.
Тым алыстан,
Марстан
Келіп Аяз
атамыз
Жылды
тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа
батамыз!
Ceкipin билеп жүрген қоянның
алдынан
аю шығады. Қоян
сасқалақтап қалады.
Қоян: Амансыз ба, аю
паң!
Аю: Жаңа жылдың
алдында
Тойды еске
алдым да
Ұйқымды ашып,
сергідім
Ұйықтамаймын
мен бүгін!
Жылды қарсы
алайық
Би билеп, ән
салайық.
Қоян:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық»
ойынға!
Eкeyi қол
ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі
келеді.
Тулкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың
сәлем!
Аю, қоян: Аман
ба, тулкі, кел мұнда!
Тулкі:
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол
береді
Жұмбақ шешкіш
тулкінің
Өнерін жұрт
көреді
Тауып өз
сыңарымды
Тайсалмай, биге
түcin,
Тарқатам
құмарымды.
Аю,
қоян:
Рахмет,
түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі
ән!
Аю,қоян,түлкі
6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni
келеді
Kipni:
Сәлем,достар,аман
ба?
Нұр берді шырша
алаңға
Жылға шашу
шашайық,
Тойлап, көңіл
ашайық.
Қоян Келші биге
басайық!
Бәрі билеп
жатқанда, тиін келеді.
Тиін:
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл
аңдар-ай
Өңкей паңдар
тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім
бар
Қол ұстасып,
биге басып,
Жыл әніне
салыңдар
Бәріңізге 6ip
сәлем.
Бәpi:
Сәлем,тиін!
Жақсы-ақ
биі!
Бәpi қосылып,
билейді. Енді орталарына қасқыр
қосылады.
Қасқыр:
Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ
ашайъқ, достъқ тойын жасайық
Бәpi: Жаңа жыл
құтты болсын !
Достығымыз мықты болсын!
Бәрі бірігіп би
билейді
Жүргізуші:
Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ
жасырайын.
Соны шешесіңдер
ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақал қарт жылына
Бip-ақ рет
келіп кетеді
Қызы мен
ұлына
Сыйлық алып
келеді
/Аяз
Ата/
Жүргізуші: Балалар, енді
жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп
адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз
Ата! - деп айғайлап шақырады.
Аяз
Атаның орнына мыстан
кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың
алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай-пай! Мен
қайда келдім өзі. Мына шыршаның
кереметін-ай! үйге алып кетсем
бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен жұлып
алғысы келеді. /
Жүргізуші: Мыстан кемпір!
Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын
тоқтатпайды
Біз «Жаңа жыл»
мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге
мән бермей, былай дейді:
Жүргізуші:
Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына
шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол
кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай
қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып
көрген, сандықтың
кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді,
мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып
барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып
қалармын!
Мыстан
Keмпip кілтті алып кетіп
қалады
Жүргізуші:
Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата
кешікті ғой. Мүмкін адасып
кеткен болар.Әнімізде шырқап,атамызды
шақырайық!
«Шырша жыры»
жырланады.
Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала
залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді.
Аяз ата;
Аяулы аналарға,ардақты
ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip
сәлем!
Қандай жарқын
жүздерін,
Қандай әсем
жырларың
Асаулармен
алысқап,
Асау желмен
жарысқан
Аталарың
сендерге
Шаршап келді
алыстан
Ақша қар: тақпағын
айтады
Аяз Ата:
Қарашы, балалардың киімi қандай
әдемі. Шыршада әсем
безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып
кетіпті.
Шырша шамын
жағайық,
Жаңа жыл тойын
ашайық.
Жасыл шырша ,жасыл шырша
Жарқыратып жақшы
шамды
Шырша шамы
жағылады
«Аяз ата » әні
Аяз ата: Балалар жаңа жыл келепті ғой, ортаға жаңа жылды шақырайық...
Ортаға жаңа жыл-доңыздар келеді
Жүргізуші:
Келді міне жаңа жыл,аппақ болып
Ән болып,әнші болып,тақпақ болып.
Ауламыздың төріне қонып жатыр,
Аяз болып,мұз болып,қатқақ болып
Жаңа жылдар би билейді
Даярлық сынып тақпақтарын айтады
Би: «Қаражорға»
«Кім жылдам?" ойын
ойналады.
1-сынып тақпақтарын айтады
Би: «Қаршақыздар»
4- сынып тақпақтарын айтады
Би:Үнді биі
«Бауырсақ»-
ертегісі
Флешмоб -1 сынып
Аяз- Ата:
Ой! Бәрекелді,
жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып,
тастадыңдар.
Жүргізуші: АязАта! Сіз
біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз
бе?
Аяз-
Ата: Әрине, барлық
сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда
?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара
жасайды.)
Жүргізуші: Қандай кілтті
сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт
пе?
Аяз-
Ата: Иә,сол кілт
шығар.
Жүргізуші: Аяз Ата,ол
кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі
келген.
Аяз-
Ата: Қап,
әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп
келейік.
(Осы кезде
залға Мыстан кіреді.)
Мыстан: А-а,бәлем!
Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз
бip күш оны артқа қарай итереді)
Аяз-
Ата: Мына ұрлықшы
мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіn
қалды.
Мыстан: Ойбай- тағы, не
дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз-Ата: Ах, бәлем! Олай
болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын.
Аяз-Ата: «Кәне таяғым
мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір
тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал!
Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм
екен.
Аяз-Ата: Бересің ба
сандықтың кілттін?
Мыстан: Жоқ,
бермеймін.
Аяз-Ата: А-а, онда
осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата!
Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді
орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде
мыстан қалпына келеді)
Балаларға жұмбақ
жасырады.
Қыста ғана
болады,
Ұстасаң қолың
тоңады.
(Қар)
Терезеге
қонады,
Әсем ою
ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен тік
пістe.
Қысы жазы бip
түсте
(Шырша)
Мыстан:Жарайсыңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді
екенсіңдер.
Аяз-Ата: Жарайсыңдар
балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде
көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі
екенсіңдер.
Киген киімдерін
қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза
болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін
тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер.
Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып
кетеді.) Балалар: Сау
болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті
қонақтар, балалар! 2010-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып
қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын,
отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш
әкелсін