6 сынып. 22.09.2014
жыл
Сабақтың
тақырыбы: Жасуша - өсімдік организмінің
негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы: қабықша,
цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша шырынына толы вакуоль,
қосындылары. Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың
алуантүрлілігі.
Сабақтың
мақсаты: 1. Оқушыларға өсімдік
жасушаларының құрылысымен таныстыру.
2. Өсімдіктердің табиғаттағы
және адам өміріндегі маңызы туралы оқушы танымдарын
қалыптастыру.
3. Оқушыларды микропрепарат
жасау және микроскопты ұқыпты пайдалана білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: сипаттау, топтау, іздену,
ажырату.
Сабақтың жүру
барысы: І. Ұйымдастыру
кезеңі:
Амандасу.Оқушылардың сабаққа
дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа
аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
кезеңі:
Жалпы
сұрақтар:
1. Ұлғайтқыш құралдардың
түрлерін ата, айырмашылығы неде?
2. Микроскопқа қажетті
жабдықтарды атаңдар.
3. Микроскоптың негізгі
бөліктерін атап, орналасқан жерін
көрсетіңдер.
4. Жасушаның ашылу тарихының
себептері, ашқан ғалымдар.
5. Микроскоппен қарау үшін
микропрепаратты қалай дайындайды?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
кезеңі:
-Әлемде бір кішкене ел бар,
оны тек микроскоппен ғана көре аламыз. Бұл ел Жасуша деп аталады.
Ондағы тұрғындарды жасуша органоидтары дейді. Органоидтардың
барлығы тату-тәтті өмір сүреді. Олардың әрқайсысының атқаратын
қызметтері бар. Бүкіл жасуша органоидтары бірлесіп бірге қызмет
атқарады.
1.
Қабықша
2 .
Цитоплазма
Жасуша 3.
Ядро
4. Вакуоль Хлоропласт
(жасыл)
5. Пластидтер Хромопласт
(түрлі түсті)
Лейкопласт
(түссіз)
ІІІ. Жаңа сабақты
бекіту. Кестемен жұмыс. Атқаратын
қызметіне байланысты кестедегі бос орынға жасуша бөліктерін
жазу.
|
|
Жасушаның
құрылысы
|
Атқаратын
қызметі
|
|
1.
|
|
Жасушада жүретін барлық
тіршілік әрекеттеріне
қатысады.
|
|
2.
|
|
Жасушаны қоректендіреді,
жасуша ішіндегі сұйықтық қысымын
реттейді.
|
|
3.
|
|
Органикалық зат түзуге, қор
жинауға қатысып, өсімдікті түрлі түске
бояйды.
|
|
4.
|
|
Көбеюге
қатысады.
|
|
5.
|
|
Жасуша бөліктерін зақымданудан
қорғайды.
|
Өсімдік жасушасының құрылысы
1. Цитоплазма және оның
қызметі: _______________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
2. Ядро және оның қызметі:
____________________________________
_____________________________________________________________
3. Пластидтер нешеге бөлінеді?
_________________________________
_____________________________________________________________
а) хлоропластар, қайда
кездеседі, атқаратын қызметі:
_______________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
ә) хромопластар, өсімдіктің
қай мүшелерінде кездеседі, қызметі: _____
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
б) лейкопластар, қайда
кездеседі қызметі: _________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
4. Вакуоль және оның
қызметі: __________________________________
_____________________________________________________________
______________________________________________________________
5. Жасуша қабықшасының
ерекшелігі, атқаратын қызметі: ____________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
№3 Зертханалық
жұмыс.
Пияз өңінің, жапырақ
эпидермисінің микропрепараттарын даярлау.
ІV. Үйге §
6
V.
Сабаққа қатысқан оқушылар
бағаланды.