|
Сыныпта
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Әр оқушының орындығының
артында жабыстырулы тұрған конверттегі сұраққа жауап беру
арқылы «Прокариоттар» тақырыбы
бойынша үй тапсырмасын
бекіту.
Дескриптор: алдыңғы өткен тақырыпты
естеріне түсіре отырып, сұрақтарға жауап
береді.
Сол
сұрақтың артында берілген жасушаның суреттері арқылы үш топқа бөліп
отырғызамын. Топ ережесімен, бағалау түрлерімен
таныстыру.
1-топ «Эндоцитоз»
2-топ «Экзоцитоз»
3-топ «Фагоцитоз»
Сабақ
тақырыбын анықтау мақсатында
“Ой
қозғау”
Не себепті жапырақты бірнеше бүктеп жазғанда қайтадан қалпына
келеді? ( Жасуша мембранасының физикалық қасиетіне байланысты
екенін мысалға алу арқылы тақырыпты
анықтату.)
«бүгінгі
сабақта қандай мақсатпен жұмыс жасайсыңдар?», «бүгін біз не
үйренуіміз керек?», «нені орындай алуымыз керек?» мұғаліммен
бірлесіп сабақ мақсатын тұжырымдау.
Оқушылар оқулықтағы мәтінмен
танысады.
«1минут»
әдісі.
Әр топтан 1 оқушыдан
кезек бойынша бір минут ішінде сабақта түсінгені бойынша тоқтаусыз,
қайталаусыз жəне қатесіз
сөйлейді.
Мұғалім оқушыларға bilimland
cайтынан мәлімет тыңдатылады және топтарға сұрақтар
қойылады
1. Жасуша дегеніміз
не?Оны кім ашты? қай жылы?
2. Жасуша қандай
бөліктерден тұрады?
Критерийді оқушылармен бірлесе отырып
айқындау
1
Тақырыптың толық ашылуы
2
Оќушылардың тың идеялары мен биологиялық тілмен
сөйлеуі
3
Нақты дәлелдер келтіруі
Жаңа
тақырып бойынша төмендегідей тапсырмалар
беріледі.
1 –
топ. «Тәжірибе алаңы»
Дескриптор: Жасуша мембранасының өткізгіштік қасиетін
анықтайды. Пияз эпидермисі жасушаларындағы плазмолиз бен
деплазмолиз құбылысын бақылайды.
2 –
топ. Фрайер моделі (Плазмалемма ,тасымалдау
қызметі.)
Дескриптор: Бұл жерде мәтіннің
ішіндегі түйінді сөздерді алып, түйінді сөздерге анықтама
береді.
3 – топ.
«Ақылмандар сарабы» (Сұлба құрастыру және
модельді сөйлету)
Дескриптор: жасуша мембранасының құрылысы
мен қызметін модель арқылы сипаттайды және сұлбасын құрастыру
арқылы талдайды, идеяларды ойластыру
арқылы ең жақсы идеяларды таңдап
алады.
«Төрт
сөйлем»
Бұл тәсіл
арқылы оқушылар тақырып туралы пікірлерін
білдіреді:
Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді
бір сөйлеммен айтыңдар .
Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен
дәлелдеңдер.
Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып,
мысалдар келтіріңдер.
Қорытынды. Тақырып мазмұны бойынша қорытынды
шығарыңдар.
|