400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Жасуша құрамындағы органикалық заттар 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары биология пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге өте пайдалы,Сабақ жоспары тиімді әдіс тәсілдерімен көрсетілген.Ұстаз тілегі сайтына алғысымыз шексіз.Көп рахмет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жасушаның құрамындағы органикалық заттар.

Көмірсулар.

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды жасуша құрамында болатын органикалық заттармен, олардың атқаратын қызметімен таныстыру.

2. Көмірсулардың түрлері, маңызы, қызметімен таныстыру арқылы оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

3. Салуатты өмір сүру әдеттеріне тәрбие леу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Дәстүрлі

Пәнаралық байланыс: Химия

Сабақтың көрнекілігі: Сызбанұсқалар

Сабақтың жүру барысы: I. Амандасу, сабаққа әзірлеу.

II. Үй тапсырмасы: 1. Жасушаның құрамында қанша химиялық элемент бар?

2. Макроэлементтердің маңызы қандай?

3. Микроэлементтер дегеніміз не? Олар жасушада қандай заттардың құрамында болады?

4. Жасуша құрамында қандай зат ең көп мөлшерде кездеседі?

5. Жасушадағы судың маңызы қандай?

III . Өлі табиғатта болмайтын көптеген заттар тірі табиғатта болады, ол заттар органикалық заттар деп аталады. Оларға: көмірсулар, липидтер, нәруыздар, нуклейн қышқылдары, АТФ, ферменттер, майлар, витаминдер, гормондар жатады. Жасушаның құрамының 20-30% органикалық заттар. Әр түрлі организмдердің жасушаларында түрлі мөлшерде органикалық заттар болады. Мысалы өсімдіктер жасушаларында көмірсулар көп болса, жануарлар жасушаларында керісінше нәруыз көп мөлшерде болады.

Көмірсулар. Көмірсулардың формуласы-Cⁿ(H₂O)ⁿ.Құрамында көміртекке қарағанда судың молекуласы екі есе артық болады, сондықтан көмірсулар деп аталады. "Көмірсу" деген терминді ғылымға 1844 жылы орыс ғалымы К.Шмид енгізді. Жануарлар жасушаларының құрамында 1-2%, кейде 5%-ға дейін көмірсулар болса, өсімдік жасушаларында құрғақ салмағының 90%-ға жуығын көмірсулар(картоп түйнегінде, тұқымдарда)құрайды.

Көмірсулар

Shape1 Shape2

Прямая со стрелкой 1 Прямая со стрелкой 4 Күрделі



ҚShape3 арапайым

Моносахаридтер



Дисахаридтер



Полисахаридтер


Shape8 Shape13 Shape12 Shape10 Shape11 Shape6 Shape9 Shape7 Shape5 Shape4


Триоза Тетроза Пентоза Сахароза Лактоза Крахмал Гликоген

Гексоза Мальтоза Целлюлоза

Моносахаридтер- суда жақсы еритін, тәтті дәмі бар, түссіз заттар.
Моносахаридтердің атаулары-молекуласындағы көміртек атомы санының артуына байланысты. Мысалы:триоза(3 көміртек атомы), тетроза(4), пентоза(5), гексоза(6).

Дисахаридтер-моносахаридтің екі молекуласының байланысуынан түзіледі. Дисахаридтерге: сахароза, лактоза және мальтоза жатады. Сахароза-дисахаридтердің ішіндегі ең маңыздысы, оның жалпы формуласы С₁₂Н₂₂О₁₁. Ол өсімдіктің тұқымында, жемісінде, тамырында көп мөлшерде болады. Тамақ


өнеркәсібінде сахарозаны қант қызылшасынан өндіреді.

Полисахаридтер-көптеген моносахарид қалдықтарынан түзілген күрделі көмірсулар. (С₆Н₁₀О₅)ⁿ Оған: крахмал, гликоген, целлюлоза жатады. Крахмал-өсімдіктердің негізгі көмірсу қоры. Ол өсімдіктердің жапырағында, сабағында, түйнегі мен тұқымдарында көп мөлшерде болады. Мысалы, бидай ұнында 75-80%, картопта 25% крахмал бар. Суда жақсыериді, тұрмыста қолданылады. Целлюлоза-өсімдіктердің жасушаларының қабығының негізгі құрамды бөлігі. Мақта талшығының 95-98%, ағаш сүрегінің 40-50%, жасыл жапырақтың 10-25%-ы целлюлозадан тұрады.Өсімдіктерге беріктік, тірек қасиетін береді. Гликоген бауырда түзілетін жануар қанты.

Көмірсудың атқаратын қызметі:

а) жасушаның барлық тіршілік әрекетіне жұмсалатын энергия көзі. 1г көмірсу ыдырағанда17,6 кДж энергия бөлінеді.

ә) құрылымдық қызмет атқарады. Целлюлоза өсімдік жасушасының қабықшасын,ал күрделі полисахаридтер хитинді жәндіктердің сыртқы қаңқасын түзеді.

IV. Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Жасушаның құрамында қандай органикалық заттар болады?

  2. Көмірсу деген не? Оның химиялық құрамы қандай?

  3. Қандай қарапайым және күрделі көмірсуларды білесіңдер? Оларға сипаттама беріңдер.

  4. Көмірсулар қандай қызмет атқарады?

V.Үйге §4. тақырып соңындағы кестені толтыру.

VI. Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1965
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі