Пәні:Биология
Сабақтың
тақырыбы:Жасуша тірі тіршілік иесі
дамуының, құрылымы мен қызметінің
бірлігі
Сабақтың міндеттері:
жасуша ұғымын жан-жақты түсіндіріп,
өсімдік жасушасының өзіндік ерекшеліктерімен
таныстыру
Сабақтың
міндеттері:
Білімділігі
– өсімдік жасушана тән органоид
түрлерімен таныстырып, олардың атқаратын
қызметін, құрылысын оқушы тұлғасына
жете түсіндіру;
Тәрбиелілігі
– түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен
оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге
жету;
Дамытушылығы
– пәнге, тақырыпқа байланысты
қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар:
электронды көрсетілімдер, микроскоптарғ
өсімдік жасушасы.
Сабақтың
типі: құрастырылған
Сабақтың
барысы:
Құрал-жабдықтар:
электронды көрсетілімдер, мироскоптар.
Сабақтың
типі: құрастырылған
Сабақтың типі:Жаңа
сабақ
Сабақтың түрі:
.Білімді жүйелеу
Сабақтың әдісі:
сұбхат, сұрақ-жауап,.
Сабақтың пән аралық
байланысы:Медицина.
Сабақтың көрнекілігі:
сызба-нұсқа,карточка, есептер жинағы.
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу.
Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
ІІ.Үй
тапсырмасын тексеру
Жасушаның
ашылуы жəне зерттеу тарихы
III.Жаңа
сабақ
Плазмалық
жарғақшаның атқаратын қызметі:
жасушаны қоршаған сыртқы
ортадан бөліп тұрады;
қабықша ішке қарай барлық
қоректік заттарды, яғни су мен газдарды
(оттегі, азот, көмірқышқыл газы) өткізіп,
ыдырау өнімдерінің зиянды керексіз
қалдықтарын сыртқы шығарып, жасуша мен
қоршаған орта арасында ұдайы зат
алмасуды қамтамасыз етеді; жасуша
ішіндегі қажетті сұйықтықтың құрымын
реттейді;
ішке қарай зиянды, улы заттарды
өткізбейді, тек кейбір заттарды ғана
талғап өткізеді;
әр түрлі қосылыстар екінші
жасушаға өтіп отырғандықтан плазмалық
жарғақша тасымылдаушы қызметін де
атқарады;
цитоплазмаға енген түрлі
заттардың қосылысын, орын ауыстыруын
реттейді.
Цитоплазма
– құрамында 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май,
көмірсулар, иондар, 1% минералды қосылыстары
бар мөлдір, желімтек, созылмалы қоймалжың
сұйықтық. Цитоплазманың сыртын жұқа
жарғақша – плазмалемма қаптап жатады
Ядро
(латынша «нуклеус», грекше «карион») –
цитоплазма сияқты жасушаның ең негізгі
бөлімі. Оны өсімдік жасушасынан алғаш
рет 1831 жылы ағылшын ботанигі роберт
Броун ашқан. Цитоплазмадан тығыздау
пішінді көбінесе шар тәрізді, кейде
ұзынша сопақ, жұлдыз тәрізді, түссіз,
мөлдір жасушаның дәл ортасына, шетіне
орналасады.
Пластидтер
тек өсімдіктерге ғана тән, бірақ ол
өсімдіктердің ішінде саңырауқұлақ,
бактерия, көк-жасыл балдырлардың
жасушаларында кездеспейді. Қалған жасыл
өсімдіктердің жасушаларының цитоплазмасында
шашырап жатады. Бір жасушалыларда
олардың саны 1-ден 10-ған болады. Цитоплазмаға
қарағанда тығыз болғандықтан жарық
микроскобының көмегімен ғана көрінеді.
Пластидтер 3-ке бөлінеді:
1)хлоропластар (жасыл түсті);
2)хромопластар(сары, қызғылт-сары, қызыл
түсті); 3)лейкопластар (түссіз). Балдырлардың
жасушасындағы пластидтерді хромотофор
дейді, олардың пішіндері таспа, таяқша,
таға, тостаған тәрізді.
ІV. Бекіту.
-
Жасушаның құрылысы (бөліктері)
|
Атқаратын қызметі
|
1. цитоплазма мен ядро
|
Жасушада жүретін барлық тіршілік
әрекетіне қатысады
|
2. вакуоль
|
Жасушаны қоректендіреді, жасуша
ішіндегі сұйықтықтың қысымын ретейді
|
3. пластидтер
|
Органикалық зат түзуге, қор жинауға
қатысып өсімдікті түрлі түске бояйды
|
4. Ядро
|
Көбеюге қатысады
|
5. Жасуша қабықшасы
|
Жасуша бөлшектерін зақымданудан
қорғайды
|
V.Бағалау: (оқушылардың білімдерін
бағалау)
Үйге тапсырма: §2.