жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері.
Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі: Жасушалық биология Пәні: Биология |
Мектеп: №44 мектеп-гимназия Мұғалімнің аты-жөні: Исмагулова Дина Мировна
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы |
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.4.2.1 - «жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» туралы түсініктер;
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушы орындай алады. Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі ұғымдарын анықтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады. Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесінің құрылысын,қызметін ажыртады, сипаттау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2. Кейбір оқушылар орындай алады. Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесін талдау,салыстыру. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
-Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі ұғымдарын,құрылысын анықтайды. - Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйелерінің қызметтерін сипаттайды. -Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйелерін ажыратып,талдайды. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдікмақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминология Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Организмдердің ең кіші өлшем бірлігі......... деп аталады. Ұлпа дегеніміз- ........ Организмдердің белгіі бір қызмет атқаратын бөлігі ...... деп аталады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды баулу
|
«Мәңгілік ел» стратегиясы: «Дені саудың-жаны сау»-деген мақалды басшылыққа ала отырып,салауатты өмір салтын ұстану |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Химия-жасушаның химиялық құрамы Гендік инженерия-біржасушалы ағзалар Өсімдіктер морфологиясы-өсімдік мүшелерінің құрылысы. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
7.1.1.3.Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылсының ерекшеліктерін сипаттау. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурсы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы5 минут |
Ұйымдастыру: сәлемдесу. «Бүгінгі сабаққа тілек».Шаттық шеңберін ұйымдастыру,шаттық шеңберде оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Топқа бөлу. Төрт топқа бөлу. Оқушыларды «Жасуша», «Ұлпа», «Мүше», «Мүшелер жүйесі» терминдері бар суреттерді беріп, топқа бөлу. Бұрыннан білетін білімді пысықтау және жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Пошта» әдісі қолданылып оқушылардан жаңа тақырып бойынша не білетіндерін тексеру. Тақтада төрт пошта ілінеді.Әр топ оқушылары бір-бірімен жұптасып жаңа тақырыпты талқылайды, содан соң топпен ақылдасып, әр топ 4 сұрақ дайындап шығаруы керек. Не білгілі келетіндері туралы сұрақ дайындайды.Оқушылар дайындаған сұрақтарын 4 поштаға бөліп салады. Әр топ өз пошталарына келген сұрақтарға жауап айтады. ҚБ: Мұғалім өзі бағалайды, қолпаштау әдісі арқылы |
Көңіл –күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут
3 минут 5 минут 15 минут
2 минут
2 минут
3 минут
3 минут
|
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Суреттер сөйлейді» әдісін пайдалану.Оқушылар суреттерге қарап тақырыпты болжайды, ашады.
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. «Мәселе неде?» әдісі бойынша «Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері» тақырыбында видеоролик көрсетіледі. Оқу мақсаты таныстырылады. Жж: мәтінді барлығы оқиды. Тж: 1 топ: Жасуша туралы 2 топ: Ұлпа туралы 3 топ: Мүше туралы 4 топ: Мүшелер жүйесі туралы Постер құрастыру – сабақта оқушылардың бірлесе отырып, белгілі бір тақырыпты шешу. Мұғалім оқушыларға тақырыпты таңдап береді.Оқушылар өздігімен мазмұн мен тапсырма орындаудың форматын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдап, бағалайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін плакаттар қабырғаға ілінеді де, топ мүшелері шығып жұмысты қорғайды. Жұмысты қорғау. Қорғау соңында басқа топ мүшелері сұрақтар қояды,мұғалім талқылау ұйымдастырады. Бұл үшін мұғалім әр топқа 1-2 сұрақты дайындауды міндеттейді. Қалыптастырушы бағалау: Бір ауыз сөз. Оқушылар стикерлерге постер туралы бір ғана сөз жазып, оны топтың плакаттарына жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге жұмысты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады. (оларды тақтаға алдын- ала жазып қойған дұрыс): ұнады, қажет, пайдалы,білдім, үйрендім, қызықтым, есте сақтадым,т.б. Оқушылардың қажеттілігін ескере отырып, оқу мақсатын саралау мақсатында оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беріледі. Барлығы үшін: Тапсырма-1 Биологиялық диктант:1. Тірі организм құрылысының ең кіші бірлігі ... болып табылады.(жасуша) 2. Ұлпа - ... ,... ,... мен ... бірдей, ... тобы.(шығу тегі, құрылысы, қызметі, жасушалар) 3.Өсімдіктерде ұлпаның алты типін ажыратады: ... ,... , ... , ... , ... және ... .(түзуші, негізгі, жабындық, өткізгіш, шығарушы, тіректік) 4. Жануарларда ұлпаның төрт түрі болады: ... , ... , ... , және ... .(эпителий, бұлшықет, дәнекер, жүйке) 5. ... – тұтас организмнің бөлігі болып табылады.(Мүше) 6. Өсімдік мынадай мүшелерден тұрады: ... , ... ,..., ... .(тамыр, сабақ, жапырақ, гүл) 7. Жануарлардың мүшелері - ..., ... , ... , ... және т.б(жүрек, өкпе, қарын, бүйрек) 8. Белгілі бір қызметті бірігіп атқаратын мүшелер ... ... түзеді. (мүшелер жүйесін) Көпшілігі үшін: Тапсырма-2 Тж.«Ойлан,бірік,бөліс» топпен кесте толтыру.
Кейбіреуі үшін: Тапсырма-3 Ж.Ойлан,тап.Семантикалық карта толтыру.
Дискриптор: --Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі ұғымдарын,түрлерін және атқаратын қызметтерін анықтайды. -Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесінің құрылысын,қызметін сипаттайды. -Жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесін талдайды. |
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Биология 7сынып
Бейнефильмдер SMK.edu.kz презентация
Биология жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева Алматы Мектеп 2017
Үлестерме карточкалар
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Организмдердің ең кіші өлшем бірлігі......... деп аталады. Ұлпа дегеніміз- ........ Организмдердің белгіі бір қызмет атқаратын бөлігі ...... деп аталады.
Кері байланыс.Рефлексия. Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы: Рефлексиялық шеңбер немесе Үлкен шеңбер. Оқушылар шеңберленіп орындықтарына отырады. Мұғалім оларға рефлексияны шақыратын мынадай сұрақтар қояды:
|
Керібайланыспарағы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетудіжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Пән
аралық
байланыс
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: «Биологиялық диктант» әдісі арқылы жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі ұғымдарын,құрылысын анықтайды
Көпшілік оқушылар: «Ойлан,бірік,бөліс» әдісі арқылы жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйелерінің қызметтерін сипаттайды.
Кейбір оқушылар: «Ойлан,тап» әдісі бойынша жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйелерін салыстырады
|
Дискриптор: жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі ұғымдарын анықтады.
жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйелерінің қызметтерін сипаттады
жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйелерін салыстырды
|
«Мәңгілік ел» стратегиясы: «Дені саудың-жаны сау»-деген ұранды басшылыққа ала отырып,салауатты өмір салтын ұстану.
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелеріне кіріспе нұсқаулық
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген