400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Жасушалы ағзалардың жалпы сипаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бактериялар, олардың биологиялық ерекшеліктері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жасушалы ағзалардың жалпы сипаттамасы,

жасуша ядросы бойынша олардың классификациясы.

Бактериялар, олардың биологиялық ерекшеліктері мен органикалық әлемдегі ролі .Жасушалы ағзалар жасушасыз ағзалардан басым және олардың классификациясы кҥрделі болып келеді. Жасушаның қҧрылымын зерттеген кезде ағзаның кӛптеген жасушалы формаларының қҧрамында ерекше органоид – ядроның міндетті болатыны анықталды. Алайда кейбір ағзалардың жасушаларында ядро жоқ. Сондықтан жасушалы ағзаларды ядролы (немесе эукариоттар) және ядросыз (немесе прокариоттар) деп екі ҥлкен топқа бӛліп қарастырады. Осы бӛлімшеде прокариоттарды қарастырамыз. Прокариоттар деп (ядросыз) жеке қалыптасқан ядросы жоқ ағзаларды атайды. Ядросыз ағзаларға ядроға дейінгі патшалыққа енген Дробянки патшалығын қҧратын немесе Прокариоттарға бактериялар мен кӛкжасыл балдырларды жатқызады. Практикалық тҧрғыдан қарастырса, бактериалардың ең кӛп маңызы бар (1-сурет). Бактерия денесі қабыршағы мен цитоплазмасы бар әртҥрлі формалы бір жасушадан тҧрады. Айқын берілген органоидтар жоқ; жасушада ДНҚ молекуласы бар; ол сақинаға тҧйықталған, оның цитоплазмада орналасу орны нуклеоид деп аталады. Бактерияның жасуша пішіні бойынша кокки (шар тәріздес) (1,1- сурет), бациллалар (таяқша тәріздес) (1, 2 - сурет), вибриондар (доға тәрізді иілген), спириллдер (серіппе пішінінде иілген) (1, 3-сурет) деп бӛліп қарастырады. Бактериялар қарапайым бӛлінумен кӛбейеді (қолайлы жағдайларда әрбір бӛліну 20 — 30 мин. жҥзеге асады). Қолайсыз жағдайлар туындағанда, жасуша бактериялары температура, ылғал, радиация сияқты әртҥрлі ықпал ету факторларына тӛтеп беретін жоғары тҧрақтылыққа ие спорларға айналады. Қолайлы жағдайларға кездескенде, споралар бӛртеді, олардың қабыршағы жарылады және бактериалды жасушалар белсенді бола бастайды. Оттегіге қатысы бойынша оларды анаэробты (молекулярлы оттегі 1 –сурет. Бактериялардың жасуша формасы жоқ ортада ӛмір сҥреді) және аэробты деп ажыратады (олардың ӛмірі ҥшін 02 оттегі қажет), сонымен қоса аэробты және анаэробты ортада ӛмір сҥре алатын бактериялар бар. Бактериялардың кӛбі гетеротрофтарға жатады (олардың ӛмір сҥруі ҥшін энергия кӛзі болып табылатын органикалық заттар және ӛзінің органикалық заттарын синтездеу ҥшін материал қажет). Бактериялардың жарты бӛлігі паразит болып келеді, ал жарты бӛлігі — сапрофиттер (ӛлі органикалық заттармен қоректенеді). Паразит бактериялар консументтер болып табылады (5- бӛлімді қараңыз), ал сапрофит бактериялар — редуценттер болып келеді. Бактериялардың шамалы бӛлігі автотрофтарға қатысты болады (олар органикалық заттарды бейорганикалық заттарды синтездейді, ол ҥшін азот, кҥкірт сутегі т.б. әртҥрлі бейорганикалық заттарды тотығу реакциясының энергиясын қолданады). Бҧл бактериялар хемосинтетикалық болып табылады, мысалы кҥкірт бактериялары, азот бактериялары және т.б. Бактерия арасында фотосинтетика бар, олар кҥннің кӛзінің энергиясын қолданады. Бактериялардың биологиялық ролі ӛте зор. Олар топырақты азотпен қамтамасыз етеді (азотты ҧстайтын бактериялар). Сапрофит бактериялар органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдырады, табиғатта зат алмасудың маңызды буыны болып табылады. Паразит бактериялар адам мен басқа да ағзаларда ауру қоздырады (тырысқақ вибриондар, дизентерия таяқшалары және т.б.). Табиғатта бҧл бактериялар әртҥрлі індетке әкеледі, соның салдарынан кӛптеген адамдар ӛлімге ҧшырауы мҥмкін. Бҧл бактериялармен кҥресу ҥшін алдын-алу әдісін, дезинфекцияны және әртҥрлі дәрі-дәрмкетермен емдеуді қолданады. Қоғамдық гигиена мен жеке гигиена тәртіптерін сақтаудың маңызы ӛте зор. Ӛздік жҧмысқа арналған тапсырмалар 1. Жасуша ядросы бойынша ажыратылатын ағза жасушаларының екі тобын атаңыз. 2 балл 2. «Жасушада ядросы жоқ ағзалар.....немесе... деп аталады» фразасын аяқтаңыз. 2 балл 3. «Бактериялар... болып табылады, себебі олардың жасушалары ... ядро» фразасын толықтырыңыз. 2 балл 4. Бактерияға тән тамақтанудың екі әдісін атаңыз. 2 балл 5. «Паразит бактериялар...болып табылады» фразасын аяқтаңыз. Дҧрыс жауабын таңдаңыз: а) редуценттер; б) консументтер; в) детритофагтар; г) продуценттер. 1 балл 6. «Сапрофит бактериялар...болып табылады» фразасын толықтырыңыз. Жауабын таңдаңыз: а) продуценттер; б) консументтер; в) редуценттер; г) детритофагтар. 2 балла 7. «Азот бактериялары және кҥкірт бактериялары. болып табылады» фразасын толықтырыңыз. Жауабын таңдаңыз: а) консументтер; б) продуценттер; в) редуценттер; г) детритофагтар. 1 балл 8. Бактериялардың биологиялық – экологиялық роліне қысқаша сипаттама беріңіз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қараша
739
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі