Сарыағаш медресе
колледжі
«Елін сүйген Елбасы» және
«Ұстаз ұлы тұлға» атты мерекелік кеші.
Әссәләму аләйкум уа
рохматуллаһи уа бәрокәтуһ
1
жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне,
біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
2
жүргізуші:
Күнге беттеп бара жатыр көш
жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
1
жүргізуші: Ардақты отандастар, 1991 жылы
1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық
сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті
болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға
алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттік
тарихының мерейлі күні саналуға орны
лайықты.
2
жүргізуші: Жоғары Парламенттің
бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш
Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз
үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша
айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға
орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне,
осы мерекені де тойлағалы отырмыз. Халқымыз мұсылман болғандықтан,
оның діни өмірінің ең басты қайнар көзі Аллаһ Тағаланың кәләмі
Қасиетті Құран Кәрім екені даусыз. Сондықтан іс-шарамызды
жалғастырмас бұрын ең алдымен Аллаһтың сөзімен
бастайық.
1
жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш
Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп
жариялансын. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
шырқалсын.
2
жүргізуші:
Елі үшін көтеріп нар жүгін
де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
Ел тынысын тереңінен танып
кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен. – дей келе
ортаға Байзақ
Ақмаржанды өзінің ақ параққа түсірген
өлеңімен шақырамыз.
1
жүргізуші: Ма ша Алла, Алла зейініңізді
арттырсын. Өте тамаша. Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде
салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың
айғағы. 1991 жылы 16-желтоқсанда
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет
болды. Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті
сайланды. Ол
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған
күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті.
«Болашақ»бағдарламасы қабылданды. Көптеген жетістікке жеттік.
Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Ең алдымен, бұл Алланың қалауы одан
кейін елбасының жасауы.
Азаттықпен елге қонды тосқан
бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
«осы кезде видеоролик
президент туралы қойылады»
2
жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар
елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далада жылап келіп,
уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе ортаға 23-9-71 тобын
шақырып, елбасымыздың балалық шағын есімізге
түсірейік. Көрініс.
1
жүргізуші:
Тұратұғын болашақтың үні
кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп. Ортада Омирбай
Әсем. Күй:
«Өміржолы»
2
жүргізуші: Ма ша Алла, Алла өміріңізге
береке берсін. Кешімізді әрі қарай жалғастырамыз. Келесі
кезегімізде Байдуллаева Оразгүлді ортаға
шақырамыз. Нашид: «МА ША
АЛЛА» қарсалыңыздар.
1
жүргізуші: Барака Аллаһ, Аллаһ екі дүние
бақытын нәсіп етсін. Көңіл көтеріп отырайық. Ал енді, кезегімізді
ойынға берсек. Залмен бір тілдесіп алайық. Олай болса
ортаға Низаддинова
Мөлдірді шақырамыз.
2
жүргізуші:
Ұстаз болу – жүректің
батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің
ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің
күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.-
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың
бар болғанын мақтаныш етеміз.Ұрпақ тәрбиесі ұстаздарға байланысты
демекші келесі мерекелік кешіміз ұстаздарға арналмақ. Ендеше,
ортаға Текебай Ализа мен Жұмаханова Айдананы
«Ұстаз» әнімен шақырамыз.
1
жүргізуші: Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай
жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық
береді.
Ақырын жүріп анық
бас.
Еңбегің кетпес
далаға
Ұстаздық еткен
жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай
атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар
қауымы, денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа
толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
«осы кезде видеоролик
ұстаз»
2
жүргізуші:
Тілейміз біз амандық пен
бақытты,
Тілейміз біз қуаныш пен
шаттықты.
Білім алған ұстаз деген
ұлыдан
Біздей шәкірт шынында да
бақытты!- дей келе ортаға шәкірттеріңіз
Наширова
Жұлдызды өзінің жүректен шыққан
өлеңімен қарсалыңыздар.
1
жүргізуші:
Дарын бол, мейлің дана
бол,
Өтетін бәрі
алдынан
Ұстаздар бейне сара
жол.
Ұстаздар – ұлттың
тірегі,
Ұстаздар – мектептің
жүрегі.
Ұрпаққа жетер
ұстазбен
Халықтың ұлы тілегі. Шыныменде
біздің қазіргі алған білімдеріміздің барлығы біздің қадірлі
ұстаздарымыздың арқасында. Ортада 23-9-72
тобының дайындаған
көрінісі. «Динаның бастан кешкен
оқиғасы»
2
жүргізуші:
Ұлықтың мықтылығы
ағашынан,
Қымыздың күштілігі
сабасынан.
Бишінің биші болып
атануы
Үйреткен, тәлім берген
ұстазынан,- дей келе ортаға 23-9-71 тобы ару
қыздарын «Қазақ
биімен» қарсалыңыздар.
1
жүргізуші:
О,ұстазым, ұстаз деген –ұлы
ұғым,
Кәусарынан қанып ішкен
тұнығын.
Енбегіңе мен де жеміс
тілеймін,
Шалқып өтсін шәкіртің мен
ғұмырың.
2
жүргізуші: Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк.
Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу –
бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан
әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі
өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Аллаһ сіздерге разы болсын. Еркеліктерімізді әрқашан көтеріп
жүргендеріңізге мың алғыс. Сіздер екінші аналарымызсыздар. Аллаһ
өмірлеріңізді ұзақ қылсын. Бақытымызға аман болыңыздар. Ортада
Төлбасы Әмина. Ән «Ұлы
дала»
1
жүргізуші: Іс-шарамызды аяқтау мақсатында
сөз кезегін медресеміздің алтындай, ардақты
Сманова
Мавлюда ұстазымызға
береміз.