400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаттап ырым тыйымды, Арттыр әдеп, сыйыңды

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақтың ырым-тыйымдары туралы сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жаттап ырым – тыйымды,

Арттыр әдет сыйыңды.

Мақсаты: Ырым - тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру, тақырып бойынша білім,білік,дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мәні: Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, ұлттық құндылықтарымызды бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту, сөйлеу мәдениетіне дағдыландыру.
Көрнекілігі: қазақтың ырым - тыйым сөздері кітапшасы, ырым - тыйым сөздер,слайдтар.
Жүрісі:

I. Ұйымдастыру.

а) Оқушылармен амандасу, топқа бөлу, танымдық ойынның шартын түсіндіру

ә) Топтардың таныстырылымы. Топ мүшелеріне сәттілік тілеу

б) Кіріспе сөз

Ырым- халықтың сенімімен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық құндылықтарымыздың бір саласы. Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі- ырым - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған.

II. «Бәйге» кезеңі. Даналық әліппесі

Жалғасын тап

Көсегең --------------------- (көгерсін)

Бақытты ---------------------(бол)

Құтты------------------------(болсын)

Өркенің--------------------(өссін)

Талабың------------------(оң болсын)

Жолың--------------------(болсын)

Тыныштығын------------(берсін)

III. «Жорға» кезеңі. Топтық жұмыс (мағынасын өз беттерімен ашу)

Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Қонақтар арасында ыңғайсыздық пайда болады. Малды ғана саусақты шошайтып санайды.

* * * * * * * *
Дастархан қос қабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын төрге қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Бұл «дастархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» дегенді білдіреді.

* * * * * * * *
Қазақта кетік, сынық ыдыспен қонаққа ас бермейді. «Қонақ қорланады, қонақтың көңілі қалады, ренжиді» деп ырымдайды. Қонақты құрметтемеу болып саналады.

IV. «Көкпар» Тыйым отау (шығармашылық жұмыс)

1 топ. Табалдырықты .... .... (баспайды).

Есікті теуіп .............. (ашпайды).

Теуіп ашу ............... (есікті)

Жаман жолға........... (бастайды)

2 топ. Күлді қолмен .......... (шашпайды)

Оттың орнын............ (баспайды)

« Түтінім түзу ұшсын »....... (деп)

Түндікті теріс.................... (ашпайды)

3 топ. Өспеген көкті...... ............ (жұлмайды)

«Көктей соласың »......... (деп)

Малды басқа ................ ( ұрмайды)

«Киесіне жолығасың».......... (деп)

V. Дода. Ырым-тыйым – ұлағат көзі.

Сәйкестендіру
1 топ

1.Ұнамасын, ұнасын 2. Пышақтың жүзін жалама. 2.Ұқсама тентек балаға, 3. Бірақта беліңді таянба

3.Шаршасаң сәл –пәл аялда, 1. Бұзба құстың ұясын.

2 топ

1. Құр беталды ермекке 2. Нанды жерге лақтырма.
2. Жақтыр, мейлің жақтырма, 3.Түнде көлден су алма.
3.Жоқ әдетті шығарма, 1. Бос бесікті тербетпе.

3 топ


1. Адамдарды сынама, 3. Көп алдында керілме.
2. Ақыл-есің бүтінде 1. Түнде айға қарама.
3.Дастарханға емінбе, 2. Кісіге қарай түкірме.

VI. Қорыту. Балалар, бүгінгі тақырып бір сабақтың көлемінде айтылып таусылатын тақырып емес. Сіздер алдағы уақытта да үйреніп,оқып жүрулеріңіз қажет. Сондықтанда сайысымызды Мұзафар Әлімбаев атамыздың «Білем деме, балам!» өлеңімен аяқтаймыз.

  • «Білем» деме, балам!

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам

Дүниеде жоқ шығар.

Көп білуге ұмтылған –

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған –

Көп нәрсені тоқиды.

Сайыс қортындысын шығару. Мадақтау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі