жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаттығу жұмыстарын ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы орындау тиімділігі
Нұр-Сұлтан қаласы №60 мектеп-лицей
Қасымова Айнұр Қабенқызы
Қызметі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Білімі: жоғары, санаты: 1(бірінші)
Жаттығу жұмыстарын ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы орындау тиімділігі
Атақты ғалым-әдіскер Ахмет Байтұрсынұлы «Қай әдіс жақсы?» деген еңбегінде: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі — бір ғана әдісті болу. Шеберліктің белгісі — түрлі әдісті болу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» дегендей, мен өз сабақтарымда әр түрлі әдіс –тәсілдерді қолдануға тырысамын. Соның ішінде қазіргі өмір талабына сай ақпараттық технологияны көп қолданамын.
Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ беру өте қиын және жауапты жұмыс. Сондықтан мұғалім әр сабаққа жауапкершілікпен дайындалып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту үшін жақсы әдіс-тәсілдерді қолданады.
Мемлекеттік тілді үйренудің қажеттілігін бүгінгі күні егемен Қазақстанның кез-келген саналы азаматы түсінеді, толық сезінеді. Мемлекетіміз жүргізіп отырған тіл саясаты бойынша әрбір азаматтың мемлекеттік тілді тегін үйренуге құқығы бар.
Бүгінгі тіл үйренуші оқушылар — болашақ мамандар. Олар өздерінің болашақ күнделікті қызметі бабында ресми-іскери сөйлесуге тән тұлғаларды білуге мұқтаждық танытуда. Сондықтан олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін тіл арқылы тәрбиелеу — зор әлеуметтік мәні бар мәселе болып табылады.
Басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытуда эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқытудың әртүрлі құралдары, кестелері, оқулықтар, техникалық құрал-жабдықтары болуы қажет.
Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдерді дұрыс таңдап оқытқанда ғана біз, мұғалімдер, басқа ұлт өкілдерін қазақ тілін өз ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологиялары қолданылуда.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі — оқытуды ақпараттандыру, яғни ақпараттық технологияларды пайдалану. Жаңа ақпараттық технологиялар — қажетті техникалық және бағдарламалық жабдығы бар компьютер. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Оларға басылымдар, электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен электрондық жазбалар(аудио-бейне-құндақтар) жатады: Сол сияқты құрал жабдықтардың бірі компьютер.
Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары:
Түрлі-түсті иллюстрациялар есте сақтау процесі үшін пайдалы.
Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым.
Бірнеше рет тыңдау мен оқып-білген материалдарды қайталай алады.
Сондықтан компьютерлік технология — білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер қатарына жататын технологиялардың бірі болып табылады.
Мектепте мемлекеттік тілді үйретуде қолданылатын интерактивтік әдіс-тәсілдер: жаттығулар, рөлдік, іскерлік ойындар, имитация әдістері, өрнектеу (моделирование), тұжырымдамалар, жобалар, бағдарламаларды жасау мен қорғау, ойлау қабілетін дамыту және іс-әрекеттің жоғары зиялылық деңгейлерін қолданудың басқа амалдары кеңінен қолданылу арқылы жүзеге асырылуда.
Жаттығу әдісі, педагогикада – оқушының іскерлігі мен дағдысын қалыптастырып, қайрат –жігерін дамытуға бағытталған оқыту әдісі.Бұл әдіс арқылы оқушы алған білімін тәжірибеде қолданып. Білімін тереңдетіп, оның шығармашылық қабілеті дамытылады. Оқушы оқу материалдарын сапалы түсініп, игергеннен кейін, әуелі сол материалға байланысты қарапайым одан кейін бірте-бірте күрделі жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқу, үйрену, ұғынғанын тәжірибеде қолдану, іскерлікке дағдылану жүйесі арқылы оқушы білімді толық игереді.
Мен өз іс-тәжірибем туралы айтатын болсам, сабақтарымда ақпараттық технология мен жаттығу әдісін ұштастырып жұмыс жасаймын. Оқушылар компьютер мен интерактивті тақта арқылы жаттығу жұмыстарының әр түрін орындайды.Оқушылар жаттығу жұмыстарын тақтаға немесе орындарында отырып орындағаннан, интерактивті тақтада орындаса, сабаққа, пәнге деген қызығушылықтары арта түседі. Интерактивті тақта қазіргі өмір талабы, сондықтан әрбір оқушы интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуі керек. Сондықтан мен өзімнің сабақтарымда интерактивті тақтаны жиі қолданамын.
Менің сабақтарымда оқушылар жаттығу жұмыстарын интерактивті тақта және компьютер арқылы еркін орындайды. Интерактивті тақтаның ережелерімен танысып,еркін қолдануға бейімделген.
Әр сабақта флипчарттар жасайды, менің жасаған флипчарттарымды толық орындайды. Жаттығу жұмысын жүргізу үшін мұғалім, ең алдымен оның түрлі мақсатын айқындап алады. Содан кейін оқушыларға жаттығу жұмысының үлгісі көрсетіліп, орындау әдіс-тәсілдері түсіндіріледі.
Жаттығу әдісі арқылы іскерлік пен дағдыны қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұрады:
Біріншіден мұғалім оқушының қабылдап, түсінген білімінің негізінде оларға жаттығудың мақсатын, міндетін түсіндіреді;
Екіншіден мұғалім жаттығудың дұрыс орындалуын көрсетеді;
Үшіншіден алғашқы игерген білімін оқушы тәжірибеде пайдаланады;
Төртіншіден оқушылардың алған дағдысын тәжірибеде өз бетімен қолдана білуі іске асады.
Жаттығу әдісін қолданғанда оқушылардың еліктеуін және шығармашылық іс-әрекетін есепке алумен қатар, олардың ой толғанысын, өзіндік шешімін де ескеру қажет. Қазіргі кезде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша Жаттығу әдісі бір жүйеге түсіріліп, жоғары тиімділікпен жүргізіледі. Жаттығу әдісі арқылы оқыту теориясын тәжірибемен байланыстыру ұстанымы жүзеге асырылады.
Сабақта орындалатын жаттығу жұмыстары:
1-жаттығу
Ә ---------------------------------- Ғ ------------------------------
Ө ---------------------------------- Қ ------------------------------
І ---------------------------------- Ұ ------------------------------
Ү ---------------------------------- Ы -----------------------------
Жұмыс түрлері
1. Мына дыбыстарға сөздер жазыңдар.
Үлгі: ә-әже; ө-өзен
2. Сөздермен 6 сөйлем құраңдар.
2-жаттығу
Жұмыс
түрлері
1. Көп нүктенің орнына дауысты дыбыстарды жазыңдар.
2. Сөздерге сұрақ қойыңдар.
3. Сөздермен сөйлемдер құраңдар.
Нәтижесі: қорыта айтатын болсам мен өз мақсатыма жеттім, себебі оқушылардың пәнге, тілге деген қызығушылықтары молайды;
Ауызекі сөйлеу мәдениеті дамыды; іскерлігі мен дағдысы қалыптасты;
Қойылған сұрақты толық түсініп, еркін жауап бере алады;
Ақпараттық құралдарды еркін қолданады;
Әр сабақта сөйлеу әрекетінің төрт түрін:тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылымды қолдана алады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген