400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаттығу жұмысы,6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаттығу жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы

Мақсаты:   а)Оқушылардың есімше мен көсемшенің түрленуі туралы алған   

                     білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикамен  

                      ұштастыру

                     ә) сөздік қорларын байыту, ойлау, қабылдау қабілеттерін 

                     жетілдіру, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін         

                      дамыту

                    б) сауатты, ұқыпты жазуға баулу, нақыл сөздер арқылы  

                     адамгершілікке, батылдыққа, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Әдіс – тәсілі: сұрақ –жауап,түсіндіру,ой-толғау

Көрнекілігі: интерактивті тақта, перфокарта, тест тапсырмалары,бағалау қағаздары

Барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

- оқушылармен амандасу;

- құрал –жабдықтарын тексеру;

- кезекшімен сұхбат;

- сынып гигиенасы;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі (ереже жаттау),    жаттығу

ІІІ  Өткенді пысықтау

1)Оқушыларға тест жұмысын беру, орындап болғаннан кейін жауабын экранға шығарып, бір-біріне  жауаптарын тексерткізу

IV Жаңа білімді меңгерту

1) «Біліміңді байқап көр» - сұрақтарға жауап беру

Біріккен сөздер туралы

Сан есім ,түрлері

2) «Талдап білеміз бе?»- морфологиялық талдау

Тапсырма:Етістіктерді тауып, морфологиялық талдау жасау

1.Түлкі төлден өседі. 

2. Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды.

3. Еңбек етсең ерінбей, 

    Тояды қарның тіленбей.

4. Оспандар трактор айдап, бір күн де тоқтатқан жоқ.

5. Қарғадан қарға туар қарқылдаған,

    Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған. 

6. Осыны сезген Абай тоқтаусыз жыр тереді. 

3) «Сен қалай ойлайсың?» - синтаксистік талдау жасау

Берілген  мақал-мәтелдерге,нақыл сөздерге синтаксистік талдау жасап, етістіктің атқарып тұрған қызметін анықтау

1. Көрмес – түйені де көрмес

2. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді.

3. Елге еткен жақсылық еленбей қалмайды

4. Үнсіз күліп тұрған –бағанағы шәкірт бала

5. Білмекке кетті көңілі жөнін сұрап.

 

ІV Оқулықпен жұмыс

206-жаттығу.Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

208 – жаттығу. Мәтінді оқу. Есімшелерді бір бөлек, көсемшелерді бір бөлек теріп жазу

 

V Шығармашылық жұмыс

Берілген сөздерді пайдалана отырып, мәтін құрау

Көмектесіп келдік, жиналған, келісіп, көргелі, ертіп әкелдік, айтады, сұраған жоқ, 

 

VI Қорытындылау

Венн диаграммасын толтыру

Есімше мен көсемшені салыстыру

 

VII Бекіту 

Кестені толтыру.INSERT әдісі

Білемін Жаңа ақпарат Ізденемін 

 

VIII Үйге тапсырма

Ереже қайталау, әдеби кітаптардан есімше мен көсемшенің  түрленуіне 7 сөйлем  жазып келу

ІХ Бағалау

Оқушыларды бағалау парақтары бойынша тиісті бағаларын қою







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
794
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі