Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жатыс септік 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінін және оның жалғауларымен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 15.01.19

Сабақ тақырыбы: Жатыс септік
Мақсаты: 1. Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінін және оның жалғауларымен таныстыру.
2. Оқушылардың сабаққа деген қызушылығын арттыру, сөздік қорын күнделікті сөйлеу тілін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдіс - тәсіл: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, таблица, .
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім.

        Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

        Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

        Болашағым, бақытым, дара тілім - дей келе сабағымызды бастаймыз!

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Олар ұстаздар. Ендеше бүгінгі келіп отырған қонақтарға өзіміздің білімдерімізді, тәртібімізді көрсетейік.
(Бағалау парағын таратып, әр партадан бір бала белгілеп отырады.)

Оқушыларды үш топқа бөлу 5-6 оқушыдан (Ауыл атауларын таңдау арқылы)

І топ «Атау септік ауылы»

Жалғау бермей әйтеуір Атауды дара бөліпті.

Тұңғыш ұлы «Атауға»

Кім? Не? Сұрағын беріпті.

ІІ топ «Ілік септік ауылы»

Кең дүниені бөледі,

Екі сұрақ ұсынып

Кімнің? ненің? дегені.

ІІІ топ «Барыс септік ауылы»

Барыс болса жарқылдап

3 сұрақтан қалыпты.

Кімге? Неге? Қайда? деп

Жұлдыз болып жаныпты.

-ға, -ге, -қа, -ке, болам де

4 жалғаумен қалыпты.

II. Үй тапсырмасы:
- Үйге қандай тапсырма берілді?

10 беттегі 6 – жаттығу

Өткен сабақта қандай септікті өттік?
- Табыс септік (кімді? Нені? Кімдерді? Нелерді? )

Ертегі Септік туралы кім айтады?

«Ерте – ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есімжерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атауатты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» — деп егіледі.

Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?» — деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?» — дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі? – деп жылайды. Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын? » — деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмірсүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» — деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
Ендеше «бәйге» ойыны арқылы өткен сабақтарда алған білімдерімізді тексерейік.Дайынбыз ба?
«Бәйге» ойыны. 
с. ж. 30 - Сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды қалай атаймыз? (Септік жалғаулары деп атайды)
с. ж. 10 - Зат есімнің септелуі дегеніміз не? (Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейді)
орта. 40 - Атау, ілік септіктері қандай сұрақтарға жауап береді? (Ата септік: Кім? Не? Ілік септік: Кімнің? Ненің?)
орта. 20 - Барыс септіктің сұрақтары мен жалғауларын ата. ( Кімге? Неге? Қайда? Ға, ге, қа,ке)
оң. ж. 30 - Табыс септіктегі сөздерге қандай сұрақтар қойылады? (кімді? Нені? Ны,ні,ды,ді, ты,ті)
оң. ж. 10 - Қазақ тілінде неше септік бар? (7 септік)
III Жаңа сабақ
Тірек сызбамен жұмыс.
Септіктер
Атау септік, Ілік септік, Барыс септік, Табыс септік, Жатыс септік, Шығыс септік, Көмектес септік
- Қай септіктермен жұмыс жүргіздік?
- Атау, ілік, барыс, табыс септіктерімен. Дұрыс айтасыздар. Бүгін біз келесі септікпен таныс боламыз.

Ерте, ерте, ертеде

Мінезі суық қаталдау

«Қазақ тілі» атанған

Хан патшасыболыпты.

Киіз үй тігіп жайлауға

Қыр басына қоныпты.

Септік деген атаның

Жеті ұлы болыпты.

Жетеуі де ер жетіп,

Білімімен жаныпты.

Ақылымен жетектеп

Сара жолға түсіпті.

Қазақ тілдің ұрпағы

Әкесіне сеніпті.

Жетуіне қаз-қатар

Жеті үй тігіп беріпті.

Қатаң тәртіп қағида

Білімсізді жойыпты.

Сұрақтар мен жалғауын, Жатыс септікпен таныс болыңдар

Жатыс болса бүгінде,

Кімде? Неде? сұрағы.

-да,-де,-та,-те, боп

Жабыстырып қойыпты.

Бүгінгі сабақта жатыс септігімен жұмыс жүргіземіз.
Жатыс септік.
Сұрақтары: Кімде? Неде? Қайда? Кімдерде? Нелерде?
Жалғаулары: - да,- де, - та, - те
Мысалы: қарда, аязда, боранда, әжемде

Сөздік диктант: әжені – т.с, найзаның –і.с, ұшқыш-а.с, атаға-б.с, кітапхана-б.с, ынтымақты-т.с

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап. Ол сөздерге сұрақ қой.

2-жаттығу.

Мәтінді оқы. Жатыс септіктің сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.

3-жаттығу

Жатыс септіктегі сөз тіркестерін тауып, сөйлем құрастырып жаз.

4-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз. Барыс, табыс, жатыс септіктеріндегі сөздердің астын сыз.

6-жаттығу

Сурет бойынша сөйлемдер құрастыр.Жатыс септігінің жалғауы жалғанған сөздерді тап.

Шығармашылық тапсырма.

І топ «Атау септік ауылы» Қазақстан өзендерінің атауларын жазып 3-4 сөйлем құрастыру.

ІІ топ «Ілік септік ауылы» Қыс қызығы тақырыбында әңгіме құру.

Кестемен жұмыс.

Сабақты бекіту: 

Өзін – өзі бақылап, бағалау. (Тест сұрақтарына жауап беру.)

1«Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап

А) А.с.                                С) Б.с.

В) І.с.                                  Д) Ж.с.

  1. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле

А) Оқушы                          С) Оқушының

В) Оқушыға                       Д) Оқушыға

3.Барыс септігінің сұрағын белгіле

А) Кімге? Неге? Қайда?     С) Кімге, Кімді? Нені?

В) Кімдерге? Кімді? Нені? Д) Кіммен? Немен?

4.Табыс септігінің жалғауын белгіле

А) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті   С) да, -де, -та, -те

В) -да, -де, -та, -те                 Д)  -мен, -бен, -пен

5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле

А) көктемде                        С) мектеппен

В) далаға                            Д) мектептен

Жауаптары: 1. А 2.в 3.а 4.а 5.а 

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы
Үйге: 5 – жаттығу 12 бет 






Өзін – өзі бақылап, бағалау. (Тест сұрақтарына жауап беру.)

1«Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап

А) А.с.                                С) Б.с.

В) І.с.                                  Д) Ж.с.

2.Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле

А) Оқушы                          С) Оқушының

В) Оқушыға                       Д) Оқушыға

3.Барыс септігінің сұрағын белгіле

А) Кімге? Неге? Қайда?     С) Кімге, Кімді? Нені?

В) Кімдерге? Кімді? Нені? Д) Кіммен? Немен?

4.Табыс септігінің жалғауын белгіле

А) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті   С) да, -де, -та, -те

В) -да, -де, -та, -те                 Д)  -мен, -бен, -пен

5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле

А) көктемде                        С) мектеппен

В) далаға                            Д) мектептен










Өзін – өзі бақылап, бағалау. (Тест сұрақтарына жауап беру.)

1«Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап

А) А.с.                                С) Б.с.

В) І.с.                                  Д) Ж.с.

2.Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле

А) Оқушы                          С) Оқушының

В) Оқушыға                       Д) Оқушыға

3.Барыс септігінің сұрағын белгіле

А) Кімге? Неге? Қайда?     С) Кімге, Кімді? Нені?

В) Кімдерге? Кімді? Нені? Д) Кіммен? Немен?

4.Табыс септігінің жалғауын белгіле

А) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті   С) да, -де, -та, -те

В) -да, -де, -та, -те                 Д)  -мен, -бен, -пен

5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле

А) көктемде                        С) мектеппен

В) далаға                            Д) мектептен








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
1331
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12