400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаһандану үдерісіндегі шет тілін саралап деңгейлеп оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Шет тілі сабағын саралап деңгейлеп оқыту латын әліпбиін қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаһандану үдерісіндегі ағылшын тілі мен латын тілін

заманауи технологиялар арқылы оқыту


Сапарова Ғалия Мұратқызы


Кентау қаласы, «Кентау көпсалалы колледжі» МКҚК

Galmadi_0103@mail.ru


Резюме

В этой научной работе рассматривается на сегодняшний день важная задача системы образования в нашей стране, переход на национальный модуль образования, которая является продвижением образования молодого поколения на международный уровень, а также рассматривается обучения молодежи английскому и латинскому алфавиту с использованием современных технологий.

Abstract

This scientific work considers the important task of the education system in our country, the transition to the national education module, which promotes the education of the younger generation to the international level, and also examines the teaching of English and Latin alphabet using modern technologies.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен көрегендігінің арқасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтар мен қайшылықтардан сүрінбей өтіп, бүгінгідей мамыражай күнге жеттік. Оған арқау болған елбасының жыл сайынғы Жолдауларындағы, бағдарламалық мақалаларындағы елімізді дамытуға негізделген басым бағыттар мен атқаруды қажет ететін міндеттер. Тұңғыш Елбасымыз мақаласында жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың негізгі міндеттері айқындалған еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мақсатты жұмыстардың жүзеге асырылып жатқанын айтқан еді. Соның бірі қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру мәселесі көңілге өте қонымды. Елбасымыздың латын әліпбиіне 2025 жылы көшу туралы тапсырмасы - өзге мемлекеттердің тәжірибелерін, экономикалық тиімділігін саралаудан туған ой деуге болады. Күллі ғаламды шарпыған жаһандану үдерісі ағылшын тілі мен латын графикасының көк­жие­гін бұрынғыдан бетер кеңейтіп жіберді. Өйткені бүгінгі заманауи технологиялар мен инновациялық идеялардың басым көпшілігінің ағылшын тілді әлемнен бастау алып отырғаны жасырын емес.

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен бірге үнемі өзгеріп отырады. Ол ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Педагогикалық технология-қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың жаңа мазмұн, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық жиынтығы. Ал өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде педагогика ғылымының Докторы, профессор Қараев Жауынбай Амантұрлыұлының «Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясын» жас ұрпақты оқыту барысында үнемі қолданып келемін.

Ж.Қараевтың педагогикалық технологиясы – оқытудың дифференциялауға негізделген, оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрдің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Бұл технологияның ең басты ерекшелігі: алдымен мұғалім емес, білім алушының әсерлену жүйесін қалыптастырады.

Оның өзіндік ерекшеліктері мынада: білім стандартына сай толық нәтиже береді, мақсатты диагностикаға қарай ден қою және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді, дидактикалық үрдістің тұтастығы, білім алушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы.

Ж. Қараев технологиясының жемісі сол, ол білім алушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып шешім қабылдауға дағдыландырады. Әсіресе, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын сабақтарында білім алушы өз ойын тұжырымды жинақтап, шешен сөйлеуге қалыптасады. Деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін жеке тұлға ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.

Білім алушыларды бағалау да ерекше, ол рейтингтік (көпұпайлы) жүйе бойынша жүзеге асады.

Ағылшын тілі сабағында «Kazakhstan» тақырыбында осы әдісті пайдаланып, сонымен қатар латын әліпбиін қолдана отырып өткізілген сабағымды ұсынамын.

Taqırıp: “Kazakhstan”

Sabaqtıñ barısı.

I. Uıymdastırw kezeñi

II. Üy tapsırmasın suraw

III. Jaña sabaqtıñ maqsatımen tanıstırw

All people like to visit countries, to see different styles of life, different cultures, traditions and customs....There is a proverb: East or West, Home is best. Do you understand the proverb? So, today we are going to speak about our Home, our country Kazakhstan.

Jaña sabaqtı tüsindirw. 1. Suraqtar. What do you know about Kazakhstan? (the map of Kazakhstan) а. What is the official name of our country?

b. Where is it situated? ( in Central Asia)....

2. Jaña sözdermen tanısw: the area, a desert, population, to occupy, ...

3. Mätindi oqıp, awdarw. Kazakhstan.

The Republic of Kazakhstan is situated in Central Asia. The area of the country is 2.717.000 square kilometers. Its population is 17 million people. The population lives mostly in cities and towns and large villages. Kazakhstan is the largest state in Central Asia. It borders on Russia in the north and west …..

Level 1

4. Säykestendiriñiz:

1. Kazakhstan consists of а) about 16 million people.

2. The Republic of Kazakhstan borders b) oil, gas, coal, chrome.….

8 ұпай

5. Qazaqstan mätinine säykes keletin sözdi belgileñiz

Dombra , Almaty, London, a tulip, the Irtysh , about 16 million, the Thames, …

10 ұпай

6. Suraqtarğa jawap beriñiz

1. Where is Kazakhstan situated? A. In Central Asia

2. Where is Astana situated? B. In the north of the country….

10 ұпай

7. Durıs jäne burıs söylemderdi tabıñız

1. Kazakhstan is situated in the central part of Europe.

2. Kazakhstan borders on Russia in the north and west.

3. Aktobe is situated in the east of the country….. 8 ұпай

Level 2

8.  Tömendegi sözderdi paydalana otırıp, söylemdi tolıqtırıñız

1.      Kazakhstan is situated in --------------------. 
2. Our republic is ------------------- state. 
3. The President of Kazakhstan is -------------……..

Cultural, Asia, independent, Kazakh, capital, nineteen, Nazarbaev, Ertis 10 ұпай

9. Burıs söylemdi tabıñız. 

1. Pavlodar is a capital of Kazakhstan. 
2. Pushkin was a great Kazakh poet. 
3. Aktau is a cultural center of Kazakhstan......
5 ұпай

10. Söylemdi tolıqtırıñız. 
Irtysh …  Nazarbaev …  Abai …  TahtarAubakirov …  Astana …  Almaty … 

10 ұпай

Level 3

11. Mätinge tüsinik aytıñız 15 ұпай

12. Maqal-mätelge qazaqşa balamasın berip, tüsindirip ötiñiz 10 ұпай

My country, your country, Travel east or west.

If north is good and south is better, Which land is the best?

IV. Üy tapsırması. «My Motherland»

V. Qorıtındı

V

Biletinim

What I know?

-

Bilgenime säykes kelmeytini

Its different opinion

+

Men üşin jañalıq

Its new information for me

?

Tañqaldırdı

What I learned?

Осы өтілген шарада мына нәтижелерге жеттім:

1. Оқытудың мақсаты психологиялық тұрғыда орындалды.

2. Оқушылар жаңа ақпараттармен қамтамасыз етілді.

3. Оқыту процесінде барлық оқушылар толық белсенді араластырылды.

4. Пікір алмасу жүзеге асты.

5. Оқу мотивациясы жоғарылады.

6. Ойдың ұшқырлығы, үнемі жақсы шешімдер таба білу әрекеттері дамыды.

Оқушылардың әр тапсырмада орындаған ұпай саны

№

Оқушының аты-жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

Жалпы ұпай

1

Аптай Бақдәулет

6

7

8

5

3

4

-

-

33

2

Әбдіғани Нұртас

5

6

6

4

3

3

-

-

27

3

Бабажанов Икрам

4

5

5

3

2

-

-

-

19

4

Баймұратов Береке

6

10

9

6

5

4

-

-

40

5

Бейсенбек Ержан

6

10

8

5

4

5

-

-

38

6

Есен Алмас

3

6

5

3

2

1

-

-

20

7

Жұмабекова

2

5

4

2

2

-

-

-

15

8

Жұман Нұрдәулет

5

8

6

4

4

3

-

-

30

9

Жорабекқызы

5

6

5

3

3

2

-

-

24

10

Қасымбек Аружан

4

7

6

4

4

4

-

-

29

11

Қалымбетова

6

8

8

7

4

5

-

-

38

12

Қалымбетова

3

5

4

2

3

2

-

-

19



Жалпы оқушылардың үлгерімдері






Тұңғыш Елбасының қай тұрғыдан болмасын, асығыстыққа жол бермей, ұсынған қазақ/латын әліпбиі жобасынының қанатқақты нұсқасын күллі қоғамның талқысына салып отыр­ғаны бекер емес. Ендеше, еліміз­дің рухани жаңғыруының алтын арқауы – тіліміздің табиғи болмысын сақтап қалуға бағытталған және көз ілеспес жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан өркениет көшінен еліміздің қалып қоймауын көздейтін тағдыршешті мәселенің түйінін тарқатуға белсенді атсалысайық.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. А., Мектеп, 1978 ж.

3. Қараев Ж.А “Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы’ 1994 ж.

4. Педагогикалық журнал «Қазақстан мектебі» №2, 2004

5. Республикалық ғылыми әдістемелік журнал «Мектептегі шет тілі» №1, 2008 ж.

6. Ковдикова Ж. У «Деңгейлеп саралап оқыту педагогикалық технологиясына сәйкес өтетін сабақтардың үлгісі » Бастауыш мектеп №9 , 2003 ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі