Жаһанданудың бизнеске әсері 11 12 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаһанданудың бизнеске әсері 11 12 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 11-12шы сынып окушыларына керек. Сонымен қатар тарих пәнінін мұгалімдеріне өз пайдасын тигізеді. Немесе Қазакстандағы бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге де оз пайдасын тигізе алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Негізгі сұрақ:


1)Жаһанданудың ҚР-дағы кәсіпкерлікке әсері қандай?


Қосымша сұрақтар:


1) ДСҰ-на кіру отандық кәсіпкерлерге қандай мүмкідік пен қауіп әкелді?


2) Отандық өнімнің әлемдік, шетел нарығындағы орны?


3) Мигрант жұмысшылардың кәсіпкерлііке әсері?





Жаһанданудың Қазақстан Республикасы кәсіпкерлеріне тигізетін әсері


Жаһандану дегеніміз жаңа жалпы әлемдік саяси экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Бұл процесс бүкіл әлем бойынша жүріп жатқан соң,оның әсері Қазақстанға да тиді. Әсіресе, Қазақстандағы кәсіпкерлік саласы көптеген өзгерістерге ұшырады. Осы өзгерістердің қабылдану себебтерін айқындау мен жергілікті әлеуметке әсерін зерттеу зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Қазақстанның елбасы Н.Ә. Назарбаев әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына шығу үшін отандық кәсіпкерлердің өніміне қолдау көрсету қажеттілігін атап өткен болатын. Мысалы, “Қазақстан-2030”, “Бизнес жол картасы” және “Даму”, “Самұрық қазына” секілді жобалар өз кәсібін ашқысы келетін азаматтарды қолдау арқылы, ең ұтымды өнімдерді әлемдік нарыққа шығаруды көздейді. Алайда, бұл саланы жоғары көтеру үшін жаһанданудың оң және теріс жақтарын анализдеу қажет және бұл мәселені толық ашуға PEST анализ әдісі сәйкес келеді. PEST әдісі жаһанданудың кәсіпкерлікке саяси,экономикалық,әлеуметтік және технологиялық жағынан әсерін жүйелі түрде көрсетеді.Қазақстан нарықтық саясатқа көшуінен елде жас кәсіпкерлер көбейіп келеді.Олардың көбісі мемлекеттің қолдауы арқылы шетелдік инвесторларды өздеріне қаратуда және олар бірлесе отырып, ортақ тауарлар шығаруда.Мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тығыз байланыс нарықта сұраныстың ұсынысқа сәйкес келеуін қамтамасыз етеді.Бұл елдің экономикалық саласының көтерілуіне және халықтың жұмыспен қамтылуына өз үлесін қоспақ. Бұл зерттеу жұмысы жаһанданудың әсерінен Қазақстандағы кәсіпкерлердің өзгерген рөлін анықтауға көмек береді.Оған қоса, келесі он жылдықтардағы кәсіпкершіліктің Қазақстан экономикасы мен халқының экономикалық белсенділігіне тигізер әсерін қарастырады.

Жаһанданудың Қазақстан Республикасының кәсіпкерлеріне тигізер әсерін зерттеу барысында, мен ең алдымен зерттелінетін аудиторияны таңдап алдымб таңдаған аудиториям мұғалімдері мектеп оқушылары сонымен қатар бизнес қызметкерлері болды. Мектеп мұғалімдерінің ішінен де талдау жүргізу арқылы, арнайы мұғалімдерді таңдап алдым, олар экономика және жаһандану пәнінің мұғалімдері болды. Менің тақырыбым олардың өтіп жатқан тақырыптарымен сәйкес келетін болғандықтан, сол мұғалімдерден сұрағанды жөн көрдім. Ал мектеп оқушыларына келер болсақ, тек жоғары сынып оқушыларынан және болашақта осы мамандықты таңдайын деп жатқан, осы бизнес туралы зерттеп жүрген адамдардан сауалнама алдым. Әдіснама ауызша түрде жүргізілді, алдымен керек сұрақтарды құрастырып алып, содан соң алынған жауаптарды өзіме белгілеп алып отырдым да барлық алынған жауаптардан қорытынды шығардым. Менің зерттеу жұмысым тек қана сауалнама жүргізу ғана емес, ғаламтордан керек ақпараттарды жинастыру мен де қатысты болды. Алынған сауалнамадан қорытынды жасайтын болсақ, 65 % адам жаһанданудың бизнеске пайдасын тигізеді деп жауап берді. Ал қалған 35%-ы оның зиянды жақтарын айтып өтті. Таяқтың екі ұшы бар демекші, жаһандаундың да оң және теріс жақтары кездеседі, біріншіден саяси жағынан басқа елдермен тәжірибе алмасуға қолайлы жағдайлар туындайды.Технологиялардың бағасы тез көтеріліп немесе тез түсіп кетеді, себебі елімізде технологияны қолданатын адамдар саны көп болғандықтан оларға көп сұраныс қажет болады, сондықтан да бағасы көтеріліп кетед, ал барлығы тиісті керекті технологиялар мен қамтамасыз етіліп болған соң оның бағасы күрт өзгеріп кетеді, яғни түсіп кетеді. Өнімнің сапасы артады, яғни жаһандану арқылы, елімізде жақын арада дамып келе жатқан кәсіптер жұмыстарын алға ілгеріте алады, олар сыртқы саясат арқылы қарым-қатынас жасасып, өзінің мүмкіндіктерін көбейте алады. Сонымен қатар цивилизация қарқыны жоғарылайды, оған себеп өзге елдермен жасалынатын қарым қатынасты айтуға болады. Халықаралық бәсекелестік жаһанданудың тағы да бір ерекшеліктеріне жатады, яғни еліміздегі кәсіпкерлер жаһандану арқылы, әлемнің алпауыт елдерімен бәсекелес бола алады. Олардан асып түспеген мен бірге жұмыс жасау барысында шет ел азаматтарының пайдаланатын әр түрлі тәсілдерін үйреніп алуға болады және де ол тәсілдер мен еліміздегі басқа да азаматтар мен бөлісу арқылы жаңадан кәсіп ашуға мүмкіндік туады. Қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік жахандық сипатта болып отыр. Мемлекеттер бір-бірімен экономика мен саясаттың барлық параметрлері бойынша нарықтық институттар ретінде іскерлік әлемді тарту мақсатында бәсекеге түседі. Әйгілі американдық экономист М.Портер ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеті туралы сұрақты қойып, фирмалардың да, мемлекеттің де нақты стратегияларды жасауда есепке алуға қажетті шешуші факторларының бірқатарын көрсетті. Ол «соңында бәсекелестік қабілеттің ұлттық деңгейдегі тек жалғыз дүрыс концепциясы алғы технологияларды енгізу негізінде экономикалық өсуді ең жоғары деңгейге жеткiзу» деп санайды. Екіншіден, жаһанданудың экономикаға әсері дамушы елдер көпұлтты компаниялардың қызметі арқылы жаһандану процесіне толықтай қатыса алады, ал бұл дамушы елдер, мәселен біздің елімізге өзіндік пайдасын тигізе алады. Дамушы елдердің басқа елдер мен бірігуі арқылы жаһандану үдерісі елімізде белсенді жүзеге асырылатын болады. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруге қатысты кедергілерді азайтады. Сарапшылардың біразы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік бізге кері әсер етеді, біздің нарық бұл бәсекелестікке төтеп бере алмайды, онсыз да тұралап тұрған ауылшаруашылығы шетелден ағылатын арзан өнімнен бас көтере алмайды десе, екінші бөлігі – бұл ұйымға мүшелікке өту арқылы біздің сауда кеңістігіміз біршама артады, шетелден әкелінетін автокөліктердің баж салығы төмендейді, шетелдің сапалы бұйымдарына қол жеткіземіз дегенді айтады. Біздің ДСҰ- на 1996 жылы 29 қаңтарда жіберген келіссөздердің ұзаққа созылуынын мамандар нақты түсіндірді . Баспасөз хабарламасында Қазақстанның ДСҰ құрамына кіруіндегі қиыншылығы мен бірегейлігі республиканың Еуразиялық экономикалық одағына мүшелігімен байланысты тарифтер туралы келісім жасасудың қажеттілігімен байланыстырылған.

Төмендегі берілген сурет 2016 жылғы өндірілген өнімнің жеке түрлерінің өндірісі туралы мәлімет, бұл мәләмет арқылы, елімізде өндіріліп жатқан өнімдердің мөлшерін анықтап соған байланысты қорытынды жасауға болады.

Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың бәсекелестік қабілеті ЖІӨ-нің өсу қарқыны, итнвестициялық белсенділік, еңбек өнімділігі және салық ауыртпашылығы көрсеткіштеріне жатқызылуы мүмкін емес. Нарықтық экономиканың жақсы дамуы бірқатар факторлардың маңызды саны арқылы анықталады, олардың ішінде маңызды рольді қаржылық факторлармен катар институционалды және әлеуметтік-саяси факторлар да алады. Жеке мемлекеттің бәсекелестік қабілетін талдау кезінде макроэкономикалық тұрақтылық және экономикалық саясаттың болжамдылығы, мемлекеттік саясаттың бәсекелестік талаптарына сәйкес келуі, қаржы нарықтарының дамуы мен қаржы қызметтерінің сапасы, инфрақұрылымның дамуы, ғылыми-технологиялық потенциал, жоғары дәрежедегі маманданған жұмыс күшінің болуы (болмауы) сияқты факторларды есепке алу керек. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:

  • үлкен компаниялардың жетекші рөлі;

  • жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;

  • жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;

  • жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;

  • барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;

  • бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

Үшіншіден, жаһандану әлеуметтік ықпалын да тигізеді, жаһандану көптеген шектеулерді қысқарта алады, яғни шекара арқылы тауар тасымалдау, еңбек ресурстарын капиталды сыртқа қарай тасымалдауға мүмкіндік туғызады. Жаңадан өндірістік емес секторлар, жұмыс орындары ашылады. Еліміздегі аудандарда әлеуметтік деңгейі көтеріледі, ол Қазақстанның дүниежүзіндегі орнын көтеруге септігін тигізеді. Мәселен елімізде ғаламтор арқылы шет елдермен байланысып отырған қанша кәсепкерлер бар, егер де жаһандану болмаған жағдайда, олар өздерінің жұмыс ресурстарын алмасу мүмкіндіктерінен айырылатын еді. Төртіншіден технологияға тигізетін әсері, озық технологиялардың дамуы, телекоммуникация жіне есеп алмасу шығымдарын азайту, ұлттық нарықтағы жаһандық интеграцияны жеңілдетеді. Ақпарат алмасуға кеңінен мүмкіндіктер туындайды, қазіргі таңдағы ғылыми технологияларға сұраныс көбейе бастайды. Жаңадан кәсіп ашқысы келген адам басқа елдің кәсібімен толықтай танысып, өзінің білімін арттыра алады. Жаһанданудың бұл қыры кәсіпкерлікке тікелей әсер етеді, оның дамуына зор үлесін қосады. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін — өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Нарықтар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10-12%-ға түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр.

Жоғары да берілген графикте Қазақстандағы шағын және орта кәсепкерлік туралы мәліметтер көрсетілген. Әр түсте заңды тұлғалар туралы мәлімет берілген, мәселен ауыл шаруашылығын кәсіп қылып отырған заңды тұлғалар саны соңғы деректер бойынша -246,4 болып тұр. Қазір оның саны график бойынша болжайтын болсақ азайып кетті деген ойдамын, себебі қазіргі таңда заңды адамдардан бұрын ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдар саны азайып кетті, бұл жаһанданудың тигізген зиянды жақтарына жатады. Себебі бұрын мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын кәсіп қылып отырған адамдар қазір технологиямен жұмыс істейтін салаларға көшіп кетті. Сонымен қатар, шетелден келген мигранттар кәсіпке өз үлесін қоса алады, олар басқа елдің кәсібін тереңінен зерттеу арқылы, елімізді сол ақпаратпен қамтамасыз ете алады.

Қорытындылай келе, Н.Ә.Назарбаев: «Жаһанданудан қорғанудың қажеті жоқ, керісінше оған жан-жақты дайындалу керек»,- деп атап көрсеткендей. Жаһанданудың кәсіпкерлікке тигізер зиянынан пайдасының көп екенін зерттеу барысында анықтай алдым. Жаһандану жекелеген елдердің экономикалық жағдайына үлкен әсер етуде. Ол ұлттық үкіметтен ақша-несие және бюджет-салық салаларында саясатты жасауда сыртқы факторларды есепке алуды талап етеді. Қарама-қарсы жағдайда халықаралық факторлардың әсері мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясатының тиімділігін төмендетеді, яғни мемлекеттің бюджеттік реттеу процесі де тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін жаһандану процесіне сезімтал болуы керек. Мемелекеттегі қаржы қарқынды дамитын болса, ол мемлекеттегі кәсіпкерлерге дамуға қолайлы жағдай туғыза алады. Мен болашақта өзім кәсіпкер болғым келетіндіктен осы саланы таңдадым. Осы тақырыпты зерттеу барысын да шешу жолдарын да қарастырдым, оларға мыналар жатыд деп сепетеймін:

  • Оқушыларды кәсіпке баулитын арнайы жобалар ұйымдастыру ( мәселен біздің мектебіміз де “Start-up” атты жоба ұйымдастырылған, әр адам өзінің идеясы мен бөлісім бизнес жүргізуге болады.

  • Кәсіпкерлік туралы мектеп оқыту форматына енгізу, барлық оқушыларға міндетті ету, себебі өз білімдерін көрсете алмай жүрген адамдар осы сабақта көрсете алады.

  • Арнайы шаралар орналастыру, бұның бірінші шешімнен айырмашылығы, ай сайын әр аудан-аймақтар да жүргізіліп тұрады.

  • Осы ойларды жүзеге асыру үшін, үкіметтен қаражат бөліну.

Мен өзімнің жұмысымда керек көптеген мәліметтер біле алдым, уақытты үнемді пайдалану арқылы, жаһанданудың бизнеске әсерін жан-жақты зерттей алдым деп есептеймін.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1175
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі