400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаһанды жанарына сыйдырған ғарышкер 8-сынып. Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдасы тиер деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис

Сабақтың тақырыбы Жаһанды жанарына сыйдырған ғарышкер

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

Т/А. 8.1.3.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

Ж.8.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу


Сабақтың мақсаттары


1.Мәтіннен алынған үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау

2.Оқылым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазу


Бағалау критерийлері

  • үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды.

  • мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады.

Алдыңғы оқу

Ғарыш, ғарышкер туралы ұғым қалыптасқан.

Сабақтың жоспар ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин



«Бәрі де өз қолыңда» аңызын тыңдайды. Оқушы жауаптарымен байланыстыра отырып, сабақ тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.

Аңыз













Сабақтың ортасы

30 мин









№1 «Серпілген сауал» әдісімен тыңдалым тапсырмасы

Ж.Ж.

Тыңдалым алды

  • Бұл затты не үшін қолданамыз?

  • Неге әрқайсысымыз жер шарын глобустан басқа жерден көре алмаймыз?

  • Кімнің жер шарын көруге мүмкіндігі мол?

Олай болса, тақырыпқа түсініктеме беріп кетейік.

Жаһан – жер шары, Жанар – көз.

Тыңдалым тапсырмасы

1-үзінді

«Байқоңыр» ғарыш айлағы - дүние жүзіндегі ең ірі айлақтың бірі. Ол Қазақстанның оңтүстігіндегі Қызылорда облысында орналасқан. Оның тарихы 1955 жылдан бастау алған. Бірақ бір қызығы, 1955 жылдан 1991 жылға дейін 36 жылда бірде-бір қазақтың ғарышқа ұшпауы көңілге күдік ұялатады.

(Әрі қарай қалай жалғасуы мүмкін?.. қандай мәселе көтерілуі мүмкін?..) оқушы жауаптары тыңдалады.

/Жауаптар – елдің КСРО құрамында болуы, тәуелсіздіктің жоқтығы, ғарыш саласы басшыларының бұра тартуы, т.б./

2-үзінді Видеодан алынды/ www.kaztrk.neus/ Әрі қарай не болуы мүмкін? Ғарыштан келгеннен кейінгі басты мәселе не болуы мүмкін?..) оқушы жауаптары тыңдалады.

/Жауаптар – ғарышкерлердің денсаулығы, зерттеу жұмыстары қорытындысы, түрлі ғылыми зерттеулер т.б.

Тыңдалымнан кейін

«Құндылықтар спектрі» суреттермен жұмыс

/Үй тапсырмасын тексеру/

Үйге сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен сөз тіркесінің түрлерін қайталауға берілген болатын. Қазір жаңағы мәтін үзінділеріне берілген суреттермен байланыстырып, 4 сөз тіркесін жазып, талдай қойыңдар

  • Дескрипторы:

  • мәтінде көтерілетін мәселені болжайды;

  • болжамын мәтін мазмұнымен салыстырады.

  • ҚБ « +, -, қызықты»

  • МҚБ. «дескриптор арқылы бағалау»

№2 «Сүзгі» әдісімен жазылым тапсырмасы


Жазылым алдындағы тапсырма

Оқушыларға жинақы мәтін туралы түсінік беріледі. Жинақы мәтіндердің ішінде аннотация жазу талаптары таныстырылады.

«Аннотация» латын тілінен аударғанда «annotatie» - «ескертпе» деген мағына береді. «Аннотация - бір ғана шығарманың қысқаша мазмұны».

Мақсаты – мақаланың не туралы екендігімен таныстыру, мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.

Шарттары :

  1. Мақаланың баяндау желісі сақталу керек

  2. Әр бөлігінен ақпараттар алынуы тиіс.

  3. Шығармаға баға берілу керек.

  4. Автор  туралы мәліметтер келтірілуі тиіс.

  5. Кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы тиіс.

  6. Әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасалуы керек

Т.Ж.

Жазылым тапсырмасы.

Оқушылар 2 беттен тұратын интервью мәтінінен «Сүзгі» әдісі арқылы жинақы мәтін аннотация жазуға кіріседі. Үлгі жасайды, түзетеді, постерге түсіреді, дескрипторға салып тексереді.

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Топтар жұмыстарын алмастырып, таныстырады.

  • Дескрипторлары:

- мәтіннің әр бөлігінен маңызды ақпараттарды іріктейді;

- мәтін мазмұнын сақтайды;

- аннотация шарттарын сақтайды

- аннотация жазады.

  • ҚБ «дескриптор арқылы бағалау»

  • МБ « +, -, қызықты»



Глобус, суреттер,












«Қазақ тілі» оқулығы,


ЖБМ бойынша нұсқаулық.





НЗМ

«Оқу жоспары»

8-сынып



Жинақы мәтін бойынша көмекші құралдар




Жазу талаптары


Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия


Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін еске түсіремін.


Критерийлерге сай оқу мақсатына қол жеткізу бағытында кері байланыс аламын.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
2006
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі