МАҚАЛА
Тулекешева З.Ж.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті
email: zaidatulekesheva@gmail.com
ЖАҺАНДЫҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ РӨЛІ МЕН ОРНЫ
Аңдатпа.Бұл мақалада жаһандану дәуіріндегі ағылшын тілінің рөлі мен орны қарастырылады. Ағылшын тілінің әлемдік қоғамдастықта үлкен рөл ойнайтындығы көрсетілген. Жаһандық ағылшын тілінің әрі қарай дамуы туралы болжамдар талданады.
Түйінді сөздер: тіл, ағылшын тілінің таралуы, lingua franca, жаһандық ағылшын тілі.
Z.J.Tulekesheva
THE ROLE AND A PLACE OF GLOBAL ENGLISH IN THE MODERN WORLD
The role and a place of English during the era of globalization in the modern world is considered in this article. It is shown that English plays important role in the world community. The forecasts concerning further development of global English are analyzed.
Key words: language, spread of English, lingua franca, global English.
Кіріспе.
Ағылшын тілінің қазіргі әлемдегі маңыздылығын бір жолмен бағалауға болады: ағылшын тілі бұл халықаралық қарым-қатынас тілі. Жер бетінде бір жарым миллиардтан аса адам ағылшын тілінде сөйлейді, ал оны үйрену барасындағыларды санау тіпті қиын. Басқа сөзбен айтқанда- бұл барша әлемдік қоғамдастықтың жаһандық тілі.
Ақпараттық технологиялар мен заманауи коммуникацияның дамуына қарай, ағылшын тілі жаһандық ауқымда таралуда. Қазіргі уақытта ол өмірдің барлық салаларында қолданылатын, халықаралық байланыс тілі болып табылатын lingua franca рөліне үміткер. Бұндай құбылыстың бұрын-сонды болмағандығын , әлемнің түкпір-түкпірінде ағылшын тілінде сөйлейтіндігімен бағалауға болады, және бұл тіл туралы ұлтаралық қарым-қатынастың біртұтас тілі ретінде, яғни Д.Кристалдан кейін жаһандық тіл деп аталған тілмен теңестіріліп айтылуда. [Cristal D. 2003:212]
Халықаралық қатынастар саласында ағылшын тілі ірі саяси ұйымдардың (БҰҰ, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы, Британ Достастығы, Еуропа Кеңесі, Еуропа Одағы, НАТО), сонымен қатар маңыздылығы төмен ұйымдардың (Африка хоккей федерациясы, Еуропалық Әуе құқығы қауымдастығы) жұмысшы тілдер қатарында көшбасшы болып табылады. Араб тілінде немесе испан тілінде сөйлейтін халықаралық ұйымдар қорытынды өкіл құжаттарын ағылщын тілінде басып шығарады.
Нақты мысал көптеген елдер өздерінің ана тілдерін қолдануға құқылы Еуропалық одақтың отырыстары бола алады. Білікті аудармашылардың жетіспеушілігіне байланысты, барлық тіл жұптары үшін (100-ден астам) делдал тілі ретінде ағылшын тілінің көмегіне жүгінді.
Материалдар мен әдістер
Ғаламдық Интернет желісіндегі ағылшын тілінің рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 75% әлемдік пошта ағылшын тілінде жазылады, электрондық тасымалдағыштарда сақталатын ақпараттың шамамен 80% (жеке және жалпыға ортақ) ағылшын тілінде жазылады. Қазіргі уақытта желіде 1000-нан астам тіл қолданылады, алда ағылшын тілінің әсері артуы мүмкін, өйткені ол бағдарламалық қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Тіл сол тілде сөйлейтін халқы бар мемлекеттің саяси және экономикалық күшіне байланысты жаһандық мәртебеге ие болады.
Ағылышын тілін халықаралық тіл ретінде пайдалану үшін және өзара түсіністікті қамтамасыз ету үшін . тіл нормаларын сақтау қажет, ал ағылшын тілін екінші тіл ретінде тарату оның бөлінуіне және басқа түрлердің пайда болуына алып келеді. Бір жағынан ағылшын тілін үйренетін адамдардың саны артады, екінші жағынан ол салыстырмалы маңыздылығын жоғалтады.
Нәтижелер және талқылау
Қазіргі уақытта ағылшын тілі 113 аумақта қолданылады. Оның кейбір ағылшын тілінің шотландтық диалектісі және ток писин (Папуа-Жаңа Гвинеяның мемлекеттік тілі) сияқты түрлері тәуелсіз тілдер деп танылған.
Ағылшын тілінің арқасында барлық жерде ұлтаралық қарым-қатынас, байланыс орнату, түрлі жанжалды жағдайларды шешу және жәй қарым-қатынас құру мүмкін. Әрине халықаралық ағылшын тілі тікелей ана тілдерінде сөйлейтіндердің тілі емес екендігін және оны өздерінің тілдік тәжірибесінде қолданатындардың көпшілігі ешқашан ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде болған емес екендігін есте сақтаған жөн.
Жер шарында ағылшын тілін 90-ға жуық ел мемлекеттік тіл ретінде қабылдады, көптеген елдерде оны үйрену міндетті болып табылады, ал балама таңдау болған кезде, мысалы ағылшын және неміс тілі, 85 % -ы ағылшын тілін таңдайды.
Қорытынды
Халықаралық өмір ағылышын тілінің белгісімен өтіп жатыр. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми жұмыс тілі болып табылады. Іскерлік келіссөздер, саммиттер, конференциялар, съездер - барлығы ағылшын тілінде өтеді. Жаһандық мәдени, ғылыми өмір тек ағылшын тілінің арқасында мүмкін болады, ол арқылы тәжірибе, ақпарат, жетістіктер алмасу мүмкін. Олимпиада ойындары да – ағылшын тілін ресми тіл ретінде таңдады. Ағылшын тілін білу бір кездері ақыл-парасаттылықтың, сән-салтанаттың белгісі болған. Бүгінгі таңда ағылшын тілін білу бірінші қажеттілік болып табылады, алдыңызда қандай мақсат болмасын: интернет кеңістігінде еркін бағдарлау, мансаптық өсу ағылшын тілін қажет етеді.
Зерттеушілер ағылшын тілі алдағы уақытта әлем бойынша өзінің басым позициясын сақтап қалатынына сенімді.
ХХІ ғасырда ағылшын тілімен болған оқиға шынымен ерекше. Бұрын-соңды бірде-бір тіл дәл мұндай қысқа уақытта әлем бойынша таралған емес. Бүгінгі таңда ағылшын тілі-бұл әлемдік ақпараттық ағынмен байланысу мүмкіндігі, мәдени әлемдік қауымдастықтың тең бөлігі болу мүмкіндігі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кристал Д. Английский язык как глобальный. – М.: Весь Мир, 2001.–240с.
Нестеренко В.С. Проблемы существования и перспективы развития глобального английского в современном мире // Язык и культура . – 2011. –
№2. Crystal D. English as a Global Language. Cambridge. Cambridge University Press, 2003. 212p.
Электронные ресурсы Какуридис Т., Манян М. Глобальный язык: взгляд европейца. Web:http://www.mnemo. ru/study/01/01_10.htm.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаһандық ағылшын тілінің қазіргі әлемдегі рөлі мен орны

шағым қалдыра аласыз