15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жауын - шашын. Суды қорғау
Бекітілді: Калиниченко Л. С.
Күні: 26. 12. 2016
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 3 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Жауын - шашын. Суды қорғау.
Сабақтың
мақсаты:
а) білімділік: Жауын-шашынның
пайда болуын түсіндіру, түрлерімен таныстыру, жауын - шашын және
оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру;
ә) дамытушылық: Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ орындату арқылы
ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
б) білімділігі: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген
қызығушылығын туғызу және оны қорғауға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ.
Сабақтың
әдісі: сұрақ - жауап, тесттік
тапсырмалар, ойын.
Сабақтың
көрнекілігі: слайд, суреттер, сөзжұмбақ,
ребус, шарлар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. – Саламатсыздар ма, оқушылар?
Көңіл – күйлерің қалай? Бүгін ауа – райы қандай? Бүгін сабақта кім
жоқ?
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау:
- Оқушылар, өткен сабақта қандай тақырып өттік?
"Табиғаттағы су. Бұлт және тұман".
Оқушылар өздеріне ұнаған шарды
таңдап, шардағы сұраққа жауап береді.
1. Табиғатта су қай жерлерде, қандай күйде кездеседі? (Жер шарының
төрттен үш бөлігі, адам денесінің жартысынан көбі су құрайды. Өзен
көлдер, мұхиттар, жауын - шашын.)
2. Жел дегеніміз не? (Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге
ауысуы)
3. Күн сәулесі нені қыздырады? (ауа түссіз, мөлдір болғандықтан жер
бетін қыздырады.)
4. Бұлт қалай құралады? (Жер бетінен жоғары көтерілгенде ауа
салқындайды. Оның құрамындағы бу ұсақ су тамшыларына немесе мұз
түйіршіктеріне айналады. Олар шоғырланып бұлт түзеді.)
5. Бұлттың түрлері? (Шарбы, будақ, қабат).
6. Табиғатта су өте көп мөлшерде қайда кездеседі? (өзен, көл,
мұхит).
III. Жаңа сабақ: -Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбын ребус арқылы анықтайық: «Жауын – шашын. Суды қорғау». Біз бүгін жауын – шашынның түрлерімен танысатын боламыз, сондай – ақ табиғаттағы суда адамзат қалай ластайтындығы туралы білетін боласыңдар.
Тәжірибе көрсету. Қайнаған
суды шыны ыдысқа құйып, үстіне салқын тәрелкемен жауып қоямыз.
Сонда, су буланып, тәрелке бетіне су тамшылары түзіледі.
Жер бетінен көтерілген бу салқындап, су тамшыларына айналады. Су
тамшылары бірігіп ауырлайды да, жерге жаңбыр болып жауады.
Құрлық беті қатты қызғанда жерден көтерілген су буы ауаның салқын
қабаттарында біртіндеп су тамшыларына, одан да салқын қабаттарына
жеткенде қар - мұз қиыршықтарына айналады. Осының нәтижесінде
бұршақ жауады.
Қыста үлкен биікте су тамшылары қатып, әуелі ине сияқты мұз
түйіршіктерін түзеді. Олар бір - біріне жабысып, қар ұлпасына
айналады. Қар кристалдары әр түрлі, қайталанбайтын болып
келеді.
Жаңбыр, қар, бұршақ - жауын-шашынның түрлері.
IV. Сергіту
сәті.
Бақыт болып жаушы жаңбыр,
Менің әсем қалама.
Бақыт болып жаушы жаңбыр,
Менің байтақ далама.
Менің әсем қалама,
Менің байтақ далама.
Жұмбақ шешу: Оқушылар жұмбақтың жауабын тапқаннан кейін, сөзді жазып, жанына тиісті суретті қоюы тиіс.
Етек жеңі жиналмай,
Дауыл тұрса дым қалмай,
Түйдектеліп көшеді,
Тоз - тоз болып өшеді
(Бұлт)
Жарқ - жұрқ етіп қанжары
Көк теңізді осады.
Жалт - жұлт етіп жон жалы
Арыстан даусын қосады.
(Найзағай)
Дауыл ақ дән ұшырып,
Шашып өтті аспаннан.
Шекемізді ісіріп,
Қаштық үйге сасқаннан
(Бұршақ)
Көктен жетеді,
Шөпке сүңгіп кетеді.
(Жаңбыр)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Құрлық бетіне түскен жаңбырдың біразы сіңіп, жер асты суларын
құрайды. жиналған су енді еңіс жаққа қарай жылжып, өзен жағасында,
сай табанында бұлақ түрінде ағып шығады. Бұлақ ылдиға қарай бір
ізбен ағады. Оны жылға дейді. Жылғалар өзенге айналады. Өзеннің
ағып шығатын жерін бастау дейді. Өзен ойысты бойлап ағады. Оны арна
дейді. Жолда келіп қосылған ұсақ өзендерді саласы дейді. Көлге,
теңізге қосылатын жерін сағасы дейді.
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.
Судың ластануы туралы айтып өту.
Өз ойларын ортаға салу: "Өскенде суды қорғау үшін қандай шаралар
атқарар едің?"
V.
Бекіту.
Тест тапсырмаларын орындау.
Сұрақтары:
1. Судың 3 күйі...
а) мөлдір, сұйық, түссіз
ә) сұйық, қатты, газ тәрізді
б) ерігіш, қатты, жылы
в) газдалған, мөлдір, сұйық.
2. Жаңбыр, қар, бұршақ - бұл...
а) жер асты сулары
ә) бұлт түрлері
б) тұман түрлері
в) жауын - шашын түрлері
3. Өзеннің көлге, теңізге
барып құятын жерін не деп атайды?
а) сағасы
ә) бұлақ
б) бастау
в) арна
4. Ұзаққа созылған ақ жауын жауатын бұлт түрі:
а) будақ бұлт
ә) қабат бұлт
б) шарбы бұлт
в) тұман
5. Жер шарының қанша бөлігін су алып жатыр?
а) 3/4 бөлігін
ә) 1/2 бөлігін
б) 1/3 бөлігін
в) 4/4 бөлігін
6. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не деп
атайды?
а) ауа райы
ә) су
б) жел
в) ауа
7. Ауаның қасиеті:
а) ауыр
ә) мөлдір және түссіз
б) сұйық
в) қатты
4 сурет, 1 сөз ойынын ойнату. Балалар құрастырған сөздері бойынша
қысқаша сипаттама береді.
А Б З Қ Ш Н
Р Р С Т У Х «су»
Ж Ш И Б Қ Р
Ң Ы Ч А Т Ө «жаңбыр»
П Н Ш И Б Ұ
Қ А Л Р Б Ю «бұршақ»
Б М Р С Ұ Х
К И Ж Л А Т «бұлт»
А Қ М Т Р З
И У Ұ Ш К К «мұз»
А Қ М Т Р З
И У Ұ Ш Н К «тұман»
VI. Бағалау. Жұлдызшалардың санына қарай
оқушыларды бағалау.
VII. Қорытынды: -Балалар, бүгін сабақта не үйрендіңдер? Қиын тапсырмалар болды ма? Бүгінгі сабақ ұнады ма?
VIII. Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқып келу. «Суды қорғау» тақырыбына сурет салу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген