Күні: 27.04.2017
Сыныбы: 3
б
Сабақтың
тақырыбы: Жаз
айлары
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша, окушылардың
білімдерін арттыру. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы
білімдерін бекіту. Жаңа сөздермен таныстыру және оларды сөйлемде
дұрыс қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын толығымен
жеткізе алуға және қойылған сұрақтарға нақты да дұрыс жауап
беруге үйрету
Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, өздерін дұрыс
ұстауға, сыпайылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас сабақ
Сабақтың
әдісі-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, аудару, топтық
жұмыс
Көрнекілігі:интерактивті тақта, үлестірмелі
қағаздар
Сабақтың барысы
І
Ұйымдастыру кезеңі
А)
Сәлемдесу
Ә)
Қазақстан Республикасының Гимн
орындау
Б)
Сабаққа даярлықтарын тексеру
Шаттық
шеңбері. Бір –бірімізге жақсы көңіл күй сыйлау үшін жақсы тілектер
айтамыз
Топқа
бөлу
-енді
балалар біз топқа бөлінуіміз керек. Мына гүлдердің біреуін таңдап
алайық. Қызғалтақ гүлі бір топ,
Түймедақ гүлі бір топ болып екіге бөлінеміз.
Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларға гүлдер таратылып
отырады. Қай топ гүлді көп жинаса сол топ жеңіске
жетеді
ІІ Үй
жұмысын тексеру
Сұрақтар
қою арқылы үй жұмысын тексеру
1 Қазір
қай жыл мезгілі
2
Көктемгің айларын атаңдар?
2
Көктемде қандай мерекелер бар?
2 Наурыз
қашан тойланады?
4
Наурызда не пісіреді?
5 Наурыз
парсы тілінен аударғанда қандай мағына
береді?
ІІІ
Жаңа сабақ
А) Ой
шақыру (Мұғалім сұрақтар қояды)
-Суретке
қарайықшы қай жыл мезгілі
суреттелген?
- Жаз
айларына қай айлар жатады?
-Сендерге жаз мезгілі ұнайды
ма?
Яғни,
біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жаз
айлары»
Мақсаты: Біз сабақта жаңа
сөздермен танысамыз, мәтінмен жұмыс істейміз, сөз тіркестерін
құрамыз тағы басқа жұмыстар
орындаймыз.
Б)
Сөздік жұмысы
Жаз –
лето
Демалады – отдыхают
Шомылады – купаются
Кунге
күйеді – загорают
Ыстық
– жаркий
Ұзақ
– длинный
Қысқа
– короткий
Сөздерді
хормен қайталау
Сөз
тіркесін жасау, дәптерге жазу
-
Демалады.
-
Балалар
демалады.
-
Жазда
балалар демалады.
ІҮ
Тапсырмалармен жұмыс
1-тапсырма Мәтінмен жұмыс
Мәнерлеп
оқу, балаларды оқыту, балалармен
аудару
Жаз
айлары
Жаз – өте ыстық жыл мезгілі.
Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда балалар демалады. Олар
ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға
шомылады, күнге күйеді. Балалар жазды өте жақсы
көреді.
Мәтіннен
не түсінгендеріңді интерактивті тақтаға қарап тапсырманы
орындайық.
2-тапсырма Интерактивті тақтада. Суреттердің орнына
сөздермен жазу.
Жаз
Жаз -
өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары маусым, шілде, тамыз. Жазда күн
ұзақ, түн қысқы болады Жазда бала -лар демалады. Олар өзенде
шомылады
3-тапсырма Дәптермен, тақтамен жұмыс (Грамматикалық тақырып
бойынша)
-Жазда
балалар қайда барады? (Ауылға,
лагерьге)
-енді
осыған жіктік жалғауын жалғаймыз.олай болса жіктік жалғауын
қайталап жіберейік.
Жіктік
жалғауын жалғау
Ауылға
бару Лагерьге бару
Ү
Сергіту сәті «Көңілді күн»
5-тапсырма Көп нүктенің орнына дұрыс сөздерді
кою
Жазда күн ......(қысқа,
ұзақ) болады.
Ең
ыстық жыл мезгілі - ........(қыс,
жаз).
Жазда ........(қар, жаңбыр)
жауады.
Балалар жазда ..........(шана тебеді, суға
шомылады).
Жазда
күн ... (ыстық. суық) болады.
Жазда
балалар ... (суға шомылады, аққала
жасайды)
ҮІ
Сабақты бекіту
Ойын Әр
топқа сұрақ қойылады, топ оқушылары дұрыс не бұрыс екенін шапалақ
ұру арқылы жауап береді.
І топ 1
Жаз айлары маусым, шілде, тамыз
(Дұрыс)
2 Жазда адамдар жылы киім
киеді (бұрыс)
3 Жазда аққала жасаймыз
(бұрыс)
4 Жазда балалар суға шомылады
(дұрыс)
ІІ топ
1Жазда балалар шана, шаңғы тебеді
(бұрыс)
2 Жаз жылдың ең ыстық жыл
мезгілі (дұрыс)
3 Жазда қар жауады
(бұрыс)
4 Жазда балалар лагерьге
барады (дұрыс)
ҮІІ Үйге тапсырма
беру
Сөздік жатттау 149
беттегі 4 тапсырманы
толықтыру
Рефлексия: Әр оқушы сабақ ұнаса көңілді смайликке,ұнамаса
көңілсіз смайликке жабыстырады.
Бағалау:
Әр топ өзінің жинаған гүлдерін
санайды