400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

"Жаз аруы" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазғы сауықтыру лагерьінде қолдануға болатын сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар! Біздің мектеп ішіндегі «Айгөлек»жазғы сауықтыру лагерінің аруларының арасында өтетін «Жаз аруы»атты сайысқа қош келдіңіздер! Аруларымыздың жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деген тілекпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.

Бір көріп таң қалдырмай сахнада,

Өмірде сақталсыншы бұл әдебі,- деп ару қыздарымызды ортаға қошеметтеп шақырайық

Жүргізуші:

Әділдікпен баға берер аруға,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Нақ аруды бүгін таңдап алуға

Әділқазылар алқасы:

Арулар бар өнерін салар анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың, бөліп-жарып.

  1. « Тегін білу- тектілік» таныстыру.

  2. «Қыз өссе, елдің көркі» сұрақ-жауап

  3. «Қыз еркем – өнерімен көркем» өнер сайысы

  4. «Ойлан, тап» шығармашылық жұмыс

  5. «Қыздарға әсемдік жарасады» сән көрсетілім



Жүргізуші:

Өнер қуып арулар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,

Өздерін таныстырып өтер дейміз.



І-бөлім « Тегін білу- тектілік» таныстыру.



(Әділқазы алқасынан бағаларын сұрау)



2-Жүргізуші:

Өзінің алғырлығын ұғындырып,

Көрсетер көп іздеген мығым қылық.

Келесі бұл сайыстың жоспарында,

  1. Түседі бәсекеге білімділік, - деп сайысымыздың 2-бөлімі «Қыз өссе, елдің көркі» сұрақ-жауап





(Әділқазы алқасынан бағаларын сұрау)



Жүргізуші:

Әр аруға әдемілік жарасады,

Жеңу үшін бәрі де таласады.

Бәрің де өнерлі де, сұлусыңдар,

Риза болып мына жұрт қарасады, дей келе сайысымыздың ІІІ-бөлімі «Қыз еркем – өнерімен көркем» атты қыздарымыздың өнерін тамашалайық.



Жүргізуші:

Достарым бар қуанып,

Тамашалар кештерде

Тал шыбықтай бұралып

Биші болам өскенде





Қыздар,қыздар, сұлу қыздар

  1. Неткен көркем сұлусыңдар –деп енді аруларымыздың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін байқап көрейік. 4-бөлім «Ойлан, тап» шығармашылық жұмыс



Жүргізуші:

О, қазақтың қыздары ғажап неткен,

Сұлулықты, өнерді қанат еткен.

Паш етті қазағымды күллі әлмге,

Оларға ай қызығар қарап көктен.





Сұлулық табиғаттан басталады,

Жазбен олар бірге шаттанады.

Қызғалдақтай құлпырып, гүлдей жайнап,

Сән думанға барлығы аттанады.

5-бөлім «Қыздарға әсемдік жарасады» Қалдық заттардан тігілген сән үлгісіне кезек береміз.



Аруларды шақыру.

(Әділқазы алқасынан бағаларын сұрау)

Жүргізуші:

Ана-мақтан, ана – жыр,

Ана – бақыт, жанашыр.



Хор:Анашым.



Жүргізуші:

Арулар, аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар

Арулар тіршілікке күретамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.

Жүргізуші:



«Қыз өссе, елдің көркі» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек.Осының бәрі де қыздың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен, алғырлығынан шыққан сөздер болса керек. Бүгінгі сайысымыздың барлық бөлімдері аяқталды. Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
2090
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі