400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жазалау және мадақтау

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір тәрбие әдістерінің мақсаты оқушыларды адамгершілік көзқарасқа сендіре білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

. Жазалау және мадақтау

Жақсы отбасында жазалау деген ешқашан болмайды, және бұл отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы.

Бірақ тәрбиесі төмен отбасылар кездеседі, бұндай отбасыларда жаза қолданбау мүмкін емес. Осындай кезде ата-аналар жазаға немқұрайлы қарап, көбінесе істі түзетудің орнына бүлдіріп алады. Жазалау - өте қиын зат; ол тәрбиелеушіден үлкен әдептілік пен сақтықты талап етеді, сондықтан біз ата-аналарға мүмкіндігі бойынша жазалаудан аулақ болып дұрыс тәртіпті қалыптастыруды ұсынамыз. Әрине бұған көп уақыт керек, бірақ шыдамдылық танытып нәтижесін күту керек.

Бала қалай жазаланса да, ол не істесе де, ол сізді әрқашан туған, жақын адам ретінде сезінуі тиіс. Баланы, сіздердің барлықтарыңызға қиын жағдай болған кезде итермелеуге болмайды.

Бала өз кінәсін үндемей және қинала уайымдайтын жағдайда, ересек баланы кемсітетін кешірімді талап етпей ақ, қолын бірінші ұсынуы керек. Бүл жазасыз қалдыру емес, бүл ақ көңілділік. Егер бірінші болып айыпты бала келсе, онда сізде айбыңызды мойындауыңыз қажет (шынайы түрде): «Білесің бе, мен бір нәрсе істеп қойдым, кел түсінесейік...» немесе жай ғана «кешір, мен қызбалық таныттым...».

Бірақ осыдан кейін еш нәрсені еске түсірмеу қажет, ары қарай талқылауға кешірімді қылық жасамау керек, жазалау себебі -бүл ызаны, жабырқаулықты, өкпені тудырады. Нәтижесінде, алғашқы кінә ұмытылып, ал өкпе қалады.

Дәл осылай сақ және қолдау көрсете білу керек. Алдын-ала ешқандай сыйлық немесе марапатқа уәде беруге болмайды. Дұрысы жай мадақтау немесе марапатпен шектелу керек. Бала қуанышы, қанағаты, ойын-сауығы балаға жақсы қылық үшін марапат ретінде емес, баланың дұрыс қажеттілігін табиғи қанағаттандыру ретінде болуы тиіс. Балаға не қажет болса соны баланың еңбегіне қарамай, барлық жағдайда беру керек, ал балаға қажетсіз және зиянды нәрсені марапат ретінде беруге болмайды.

Өкінішке орай, кейбір отбасылар қаталдық пен қатыгездік тәрбие құралы болып табылады деп санайды. Көбісі өзінің балалық шағын, әке-шешесінің зорлық-зомбылығын естеріне түсіріп, осындай тәрбиені сенімді деп санайды: міне бізді кезінде ұрды да ұрысты да, бірақ адам болып шықтық қой.

Балаға сәби кезінен бастап саналы түрде қатал жаза қолданатын адамдар қатары да кездеседі. Балаға деген сүйіспеншілік пен нәзіктілік оларға айқын жауыздық ретінде қабылданады. Олар тәрбие бойынша серіктестерімен жиі жанжалға түседі - әйелі немесе күйеуі. Баланың көзінше ұрыс туындап, жанжал шығады. Баһаға, ең жақын адамдары қолдау көрсетпесе, бала қалыпты өмір сүре алмайды.

Мамандар мынадай шешімге келді, биологиялық жағынан толық жаратылған, бірақ ата-ананың жылуынан айырылған балалардың қалыпты дамуы бұзылады, оның бейімделу мүмкіншілік аз болады.

Балаға жоғарғы талап қою, зеріктіретін ғибраттылық, баланы «суық», үндемей тәрбиелеу әрекеті неге әкеліп соқтырады? Күтілетін және нақты нәтижелердің айырмашылығы бола ма? Ереже сияқты бүндай стиль, ата-аналардың үшқалақ мінезі, олар баладан өздеріне жетіспегендерін талап етеді. Осымен қатар, өкінішке орай бала ата-анасының қылығын қайталап отырғанын түсінбейді. Мысалы, үйде ата-аналардың біреуі қызбалық білдірсе, шешесі өз баласын сабырлы, әдепті, шыдамды болуға үйретіп, оны сосындай қарым-қатынасқа үйретеді, бірақ бұның бәрін пайдасыз деп санауға болады.

Ата-ананың істеген қылығының барлығын бала тез қабылдап алады. Өзіне деген адалдықсыз, талап етпеушілік, немесе керісінше, қоршаған ортаға деген жоғарғы талаптарды олар ешқандай қиындықсыз, дайын үлгі ретінде қабылдайды. Ал, өсе келе мұғалімнің, құрбыларының өзіне деген қарым-қатынасын «әділетсіз» деп наразы білдіреді, немесе қынырлықпен, басқыншылықпен қорғанады, немесе ешкімге ашылмай, өз өзімен қайғырады.

Осындай қатал қарым-қатынас болған отбасылардағы балалардың неврологиялық реті бұзылады: тұтығу, түнгі қорқыныштар, ұйқының бұзылуы. Кішкентай адамның психикасы - өте жіңішке аспап, оны жеңіл бұзып, сындырып алуға болады, бірақ сосын оны түзету қиынға түседі.

Сондықтан өз балаларыңыздың қылықтарын түсінуге тырысыңыздар. Ешқашан шешім шығаруға асықпаңыздар, әсіресе жаза қолдануға асықпаңыздар.

Мадақтау — бұл баланың жағымды; мінез-құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі. Орынсыз мадақтаудан балада мен—мендік, тәкапарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.

Жазалау — бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалауда жабырқанқылық болмайды, ол болған қателікке қайғыру дейді А.С.Макаренко. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға болады. Күдіктеніп немесе ұжымның пікірсіз жазалауға болмайды. Жазалауда жеке адамның абыройын төгіп, балағаттау, қорлау ешқандай моральдық нормаға сыймайды.

IV топтағы әдістердің ішінде педагогикалық бақылау және психологиялық сұрақтарды еске алған жөн. Педагогикалық бақылаудың бірнеше түрлері бар. Олар: тікелей бақылау, ашық бақылау, жасырын бақылау, қысқа мерзімді бақылау; ұзақ мерзімді бақылау т. б.

Тікелей бақылау зерттеуші мен объект арасындағы бақылау арқылы тікелей байланыс, қатынас. Ашық бақылауды қатысушылар біледі. Жасырын бақылауды телидидардан, жасырын дыбыс жазу, арақашықтық (дистанциялық) бақылау үшін тура микрофон байланысы көмегімен жүргізуге болады.

Қыска мерзімде бақылау сабақ, үзіліс және бүтін жұмыс күні барысында жүргізіледі.

Ұзақ мерзімді бақылау оқу тоқсанының және жыл бойында жүргізіледі.

Жеке адамның тәрбиелілігін (әдептілігін) зерттеуде бақылау әдісін қолдану үшін нақты бағдарлама жасалады. Осыған орай, фактыларды жазу жүйесін ойластыру, оларды бақылау күнделігіне, бақылау картасына жазып отыру қажет.

Психологиялық сұрақтар ұжым мүшелері арасындағы қатынастарды, жолдастық құштарлықты немесе теріс қатынастарды анықтайды. Мұндай сұрақтар дер кезінде қайшылықты анықтауга және оны іскерлікпен шешуге мүмкіндік береді. Тәрбиенің нәтижелерін анықтауда мынадай көрсеткіштер еске алынады: оқушылардың моральдық норманы игеруі; мемлекет заңдарын білу және сақтау: сынып пен мектептің қоғамдық өміріне қатысуы; біздің еліміздегі және шетелдердегі жағдайларды бағалай білу. Сонымен, әрбір тәрбие әдістерінің мақсаты оқушыларды адамгершілік көзқарасқа сендіре білуге, жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлық нормаларнн меңгеруге үйретеді.

Айта кету керек, басқа да толып жатқан тәрбие әдістерінің жіктеулерін жасауда бірсыпыра үлес қосқан ғалымдарға В. И. Коротов, В.А.Каспин, И.С.Марьенко т.б. жатады. Олардың жіктеулері де оқыту мен тәрбие процесінде еске алынады.

Не себепті осы уақытқа дейін тәрбие әдістерінің бірыңғай ғылыми негізделген жіктеуі болмай келді?

Оның себебі, біріншіден, тәрбие әдістерінің жіктеуін жасауда бірыңғай пікірдің жоқтыгы толық дәлел бола алады; екіншіден, тәрбие өте күрделі процесс, ол әр түрлі әдістердің өткізілетін тәрбие шараларының мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келуін талап етеді

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
3070
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі