400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жазба жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныптарға арналған жазба жұмыстар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерзімі: 26. 01. 2016

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Үйректі қорыған тауық»

Мақсаты: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу.


Үйректі қорыған тауық.

Жадыра жаңадан сатып алған төрт үйректі тауық қораға қамап қойды. Үйректер тауықтармен бірге ұядан сыртқа шығып, үйірден ұзамай, жайылды. Осы үйректерді аяқ астынан қайырып, қоритын қорғаушы табыла кетті. Ол шұбар тауық. Қанатын қомдап қойып, үйректердің қасынан шықпайды. Ұзап кетсе, үйректерді шоқып – шоқып алдына салып қуып келеді. Ұясына кіргізіп алып, алдында қанатын қомдап, кәдімгідей қоқиланып тұрады. Осы көріністі тамашалаған Жадыра, үйректерді қорыған шұбар тауыққа іштей риза болды.

Берілген сөз саны: 65сөз


Тапсырмалар: Септік жалғауларын тап.

Атау, ілік, барыс септіктерін тап.


Үй тапсырмасы: Қайталау


Бағалау:










Мерзімі: 06.10.2015

Пән: Қазақ тілі 4 сынып

Тақырыбы: Мазмұндама «Аналық жүрек»

Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру.

Міндеттері: жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін қалыптастыру;

Сауатты жазуға баулу;

 

Аналық жүрек.

    Күздің суық бір күні болатын. Мектептен қайтып келе жатыр едім. Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы естілді. Көмек сұраған тәрізді. Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым. Ол мысықтың баласы екен. Өзі өте кішкентай екен.

    Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр. Аяп, үйге алып келдім. Үйде өзімнің мысығым бар болатын. Ол өте сүйкімді болатын. Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан «Мамық» деп атаушы едім. Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым. Ол жатсынбай, өз баласындай жақсы көріп кетті. Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай, еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.    

 

Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: аналық жүрек, үлпілдек, мамықтай, жатсынбай, еміренген.

Мазмұндама жоспары:

1. Мысықтың кішкентай баласымен кездесуі.

2. Үйге алып келуі.

3. «Мамықтың» бауырына салуы.

4. «Мамықтың» бала мысыққа еміренуі.

 



Мерзімі: 28.10.2015.

Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты «Алтай»

Мақсаты: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу



Алтай

Алтай – Азия тауларының ішіндегі ертеден қалыптасқан көне тау жүйесі. Алтай қазба байлықтарға өте бай. Мұнда қорғасын, мырыш, темір, алтын, күміс, қалайы тағы басқа рудалар кездеседі. Тас көмір, қоңыр көмір, құрылыс жабдықтары мол. Алтайдың қысы суық, ұзақ болады. Көктем мен күз мезгілі қысқа.

Алтайдан, Ертіс, Обь, Енесей өзендері басталады.

Алтайда көптеген кен орындары бар. Мыңдаған адамдар жұмыс істейді.


Берілген сөз саны: 59 сөз


Тапсырмалар: Сөйлемнің біріңғай мүшелерін тап


Үй тапсырмасы Қайталау


Бағалау  










Мерзімі: 15.12.15.

Тақырыбы: Мазмұндама «Ақ тоқаш»  

Мақсаты: мәтін мазмұнында сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастыру дағдысын қалыптастыру;

- сауатты жазуға төсілдіру;

- ұқыптылыққа, еңбекті бағалауға тәрбиелеу. 

Ақ тоқаш.

    Түс кезі. Екі дос мектептен қайтты. Қызу әңгімелесіп, көңілді келеді. Екеуінің қолында ішінде шұжығы бар ақ тоқаш. Сөз арасында ұрттары бұлт-бұлт етіп қояды. Қажыкен нанның бір кішкене қалдығын қағазға орап, сөмкесіне салды. Ал Болат өзі тойып, тоқашының қалғанын жолға қарай лақтырып жіберді. Оның үстіне тоқашты доп етіп теуіп, ойнады. Нанды домалатып біраз жерге апарды. Қажыкен оған ұрысты. Мыңдаған адамдардың еңбегі, маңдай тері соны бағалай білу керек екендігін түсіндірді. Қателігін түсінген досы басын төмен салып, артта ілбіп келе жатты.



Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: шұжығымен, қуалай жөнелді, артта ілбіп.

Мазмұндама жоспары:

1.Көңілді екі дос.

2.Ақ тоқаш пен шұжық.

3.Жол жиегінде «доп» болған нан.

4.Қажыкеннің ақылы.


Үйге тапсырма: Қайталау



Мерзімі: 22. 12. 2015.

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Құстар»

Мақсаты: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу.

Құстар

Құстар бір орында отырмайды. Бұтақтан бұтаққа секіріп, бір ағаштан екінші ағашқа ұшып-қонумен болады. Бірнеше мыңдаған шақырым қашықтыққа ұшып кетіп, қайтып келе алатын құстар ғана.
Барқылдақ торғай, суықторғай, қарлығаш, шымышық, бозторғай, ләйлек сияқты құстар алысқа ұша алады. Сондықтан оларды жыл құстары деп атайды. Жазда олар біздің жерде тіршілік етіп, ұя салады, балапан шығарады. Суық түссе жылы жаққа ұшып кетіп, қыс бойы тіршілігін сонда өткізеді, көктемде қайтып келеді.

Берілген сөз саны: 65 сөз


Тапсырма: біріккен сөздерді тап


Үй тапсырмасы: Қайталау


Бағалау:  




Мерзімі: 08.10.2015

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Еділбай қойы»

Мақсаты: Оқушыларды диктантты дұрыс жазуға төсілдіру.

Міндеттері: Көркем, сауатты жазуға баулу;

 

Еділбай қойы

Ерте кезде Каспий теңізінің жағасында Еділбай деген жас қойшы болады. Ол бала күнінде күнде әкесімен бірге бетпақ далада қой жайысады. Қойларының денесі кішкентай, жүні аз, еті татымсыздау екен. Бір күндерде қойларының ішінен салмағы сегіз пұттық, үлкен құйрықты қойлар кездеседі. Тегі, басқа бір жерден адасып келіп қосылса керек. Еділбай бұл қойларды жеке бағады. Қойлар тез көбейе бастайды. Кейіннен бүкіл Қазақстанға тарайды.


Берілген сөздер саны: 60сөз



Тапсырмалар: Сипаттау мәтінін тап



Үй тапсырмасы: Қайталау



Бағалау










Мерзімі: 23. 09. 2015

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Отан»

Мақсаты: Оқушыларды диктантты дұрыс жазуға төсілдіру.

Отанын құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу.

Міндеттері: Көркем, сауатты жазуға баулу.



Отан


Әркімнің туып өскен жерін – Отан деп аталады. Қазақстан менің туған жерім, атамекенім. Онда биік таулар мен өзендерді, далалар мен ормандарды кездестіресің. Біздің елімізде әртүрлі ұлттың өкілдері тұрады. Олардың барлығы бір – бірімен тату – тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Қазақ халқы қонақжай, ұлттық дәстүрге де бай. Еліңнің келешек дамуына сен де өз үлесіңді қоса аласың. Ол үшін сабақты жақсы оқып, алған біліміңді өмірде қолдана білудің керектігін ұмытпаған абзал.



Берілген сөздер саны: 65 сөз



Тапсырмалар: Дыбыс және буын үндестігін тап



Үй тапсырмасы: Қайталау



Бағалау






Мерзімі: 02. 12. 2015.

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Мақсаты: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу.


Тәуелсіз елдің ұланымыз

Біз елімізді әлі де көркейту үшін талмай еңбек етуіміз қажет. Барлығы еңбекпен келетін дүние. Тәуелсіздікте сондай ауыр еңбектің нәтижесі.

Тәуелсіздіктің жолында қаза болған жандардың еңбегі еш кетпейді. Бүгінде тәуелсіз ел атанып отырғанымызға жиырма төрт жыл. Осынша көп жылда біздің еліміз күннен күнге гүлденіп, жаңару үстінде. Оның барлығы батыр аға – апаларымыздың арқасында. Ал, біз болашақ ұрпақ тәуелсіз елдің жас та, батыл да ұланымыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.



Берілген сөздер саны: 67 сөз



Тапсырмалар: Жай және құрмалас сөйлемдерді тап.



Үй тапсырмасы: Қайталау



Бағалау







Мерзімі: 24.05.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты «Достықты сынау»

Мақсаты: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу.

Достықты сынау


Түлкі, қасқыр, құндыз үшеуі орман, тауды аралауға шықпақ болды. Олар жолға шығып, өзенге де жетті. Өзенге көпір жасап, көпірден үшеуі қатар өте алмайтын болғандықтан, бір-бірлеп өтпек болды.

- Сен бірінші өт, – еді қасқыр құндызға.

- Сен үлкенсің, сені сыйлаймыз.

- Дұрыс! Құндыз бірінші өт, – деді түлкі.

Құндыз көпірмен өтіп барады. Кенет көпір түсіп кетті де, құндыз суға кетті.

- Ойбай, өлетін болды, өлетін болды! – деп айқалады қасқыр.

Құндыз жағаға шықты да, жөтеліп, сілкініп қалды.

- Ой, тамаша!

Қасқыр мен түлкі қуанып кетті.


Тапсырма: Мәтіннен одағай, шылау сөздерді тауып, астын сыз.


Берілген сөз саны: 74 сөз


Үй тапсырмасы:






Мерзімі: 1. 03. 2016

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ашқарақтар»

Мақсаты: Оқушыларды диктантты дұрыс жазуға төсілдіру.

Міндеттері: Көркем, сауатты жазуға баулу;



Ашқарақтар

Шөже торғайлар ауладағы тақыр жерде табылған дәнді шоқып жеп жүр. Үйінің есігін ашып, торғайларға бір кісі бір түйір дәнді лақтырып жіберді. Нан торғайлардың қасына түсті. Шошыған торғайлар бытырап ұша жөнелді. Қайта оралып, нанға жақындады. Біреуі түсіп, бір шоқыды. Екіншісі бір шетіне жабысты. Үшіншісі барғанда, талас басталды. Бір – бірінен қызғануда. Сол аралықта балпанақтай қара торғай жерге қонды да, нанды көлденең тістеп алып, ұшып кетті. Торғайлар байқамай қалды.


Тапсырма: Мәтіннен етістіктерді теріп жаз.


Берілген сөз саны: 65 сөз


Үй тапсырмасы










Мерзімі: 23.05.2016.

Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты «Жыландар»

Мақсаты: Оқушыларды диктантты дұрыс жазуға төсілдіру.

Міндеттері: Көркем, сауатты жазуға баулу;



Жыландар


Жазда саяхатқа шығып, жеміс жидек терген кезде жыландарды көріп қаласыңдар. Сол мезетте олар шағады деп қорқасыңдар. Жылан өздігінен шақпайды. Жаздың ыстық күндерінде жылан денесі күнге қызып, сергек болады. Ал жауын шашынды, бұлтты күндері жуасады. Жыландар нашар көреді. Сол себептен қимылды, дыбысты сезгенде жасырынып қалуға тырысады. Міне сол сәтте жыланды адам да, жануарлар да байқамай, оған жақындай береді. Сонда жылан өзіне қастық ойлап тұр деген оймен шағып алады.


Тапсырма: Зат есімнің септік жалғаулары жалғанған сөздерді тап.

Берілген сөз саны: 67 сөз


Үй тапсырмасы












Мерзімі: 29. 04. 2016.

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Көкпар»

Мақсаты: Оқушыларды диктантты дұрыс жазуға төсілдіру.

Міндеттері: Көркем, сауатты жазуға баулу




Көкпар


Біздің ауылдың жайлауы таудың үстінде. Тау жоталары шұбатылып кетіп бара жатқан түйе көшіне ұқсайды. Мұнда биік шатқалдар мен жартастар көп. Малшылар бір–біріне таяу орналасады. Ауылда той да болып тұрады. Сондай тойлардың бірінде көкпар тартылды. Көкпар қызығын көру үшін ел түгел жиналды.

Жайлау жазық емес, сондықтан аттап басқан сайын өрге шығу керек. Көкпаршылар ат үстінде күш сынасып, көкпарға берілген серкені тартысып жүр. Серкені біреу жұлып алып, өңгере қашты. Басқалар оны қуып кетті.



Тапсырма: Сөз таптарын тап. Сөйлем мүшелеріне талда.


Берілген сөз саны: 70 сөз


Үй тапсырмасы





Мерзімі: 6. 05. 2016.

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Майдан үшін»

Мақсаты: Оқушыларды диктантты дұрыс жазуға төсілдіру.

Міндеттері: Көркем, сауатты жазуға баулу



Майдан үшін


Майдан үшін, жеңіс үшін көмір қажет. Қару-жарақ жасайтын зауыттарды іске қосатын да, жауынгерлерге киім-кешегі үшін мата тоқитын фабрикалардың станоктарына қуат беретін де осы көмір.

Кенші бұрғысымен өндірілген әрбір түйір көмір – жауға қарсы атылған оқ. Сәкен аға өз бригадасына осы жайды түсіндіріп, шахтадан қайтып келе жатты. Ымырт үйіріліп барады. Қардың түскеніне екі-үш күн өтпей жатып-ақ бетін көмір ұнтақтары жауып, қара қошқылдана бастапты. Кеншілер табанымен тапталған жалғыз аяқ соқпақ жол, Сәкен ағаны жатаққа қарай асықтыра түсті.


Берілген сөздер саны: 73 сөз


Тапсырма: Шылау сөздерді тап.


Бағалау












Мерзімі: 11. 03. 2016

Пән: Қазақ тілі 4 сынып

Тақырыбы: Мазмұндама «Емші құмырсқалар»

Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төсілдіру.

Міндеттері: жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін қалыптастыру;

Сауатты жазуға баулу;



Емші құмырсқалар.

Күн ыстық. Көптен жаңбыр жаумай тұр.

Құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр екен. Қара қарға онымен қоймай, құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып, қанатының астына тығады. Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да, бір бұтаққа барып қонды. Сонан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да, қауырсындарын тарақтап болып ұшып кетті. Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады. Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл да, қан сорғыш насекомдарды жойып жібереді. Құмырсқа – құстардың нағыз емшісі.

 

Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: Құмырсқа илеуі, насекомдар.



Мазмұндама жоспары:

1.Ауа райы

2. . Құмырсқа илеуіндегі қарға

3. Насекомдардың жойылуы

4. Құмырсқа – емші.

Үйге тапсырма


Мерзімі: 16.05.2016.

Тақырыбы: Мазмұндама «Шахтада»  

Мақсаты: мәтін мазмұнында сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастыру дағдысын қалыптастыру;

- сауатты жазуға төсілдіру;

- ұқыптылыққа, еңбекті бағалауға тәрбиелеу. 


Шахтада

Менің шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер ауыз сол жерде. Ақыры шыдамадым. Көкем сыйлаған фонарымды алдым да, шахтаға тарттым. Өйткені шахта жер астында. Ал жер астында күн болмайтынын көкем айтқан.
Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Ерсілі – қарсылы ағылып жатыр. Бір ағайдың соңынан жүрдім. Көп есіктен өтіп, үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай жүгіріп барды да, тордың есігін жапты. Міне, қызық! Темір есіктің арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті.

Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: Шахта, ерсілі – қарсылы, әп – сәтте



Мазмұндама жоспары:

1. Шахата келбеті

2. Жер астына кіруі

3. Қоңыраудың даусы

4. Шахтерлердің көзден таса болуы.



Үйге тапсырма


Мерзімі: 15. 03. 2016


Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты «Наурыз»

Мақсаты: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу.



Наурыз

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды.



Берілген сөздер саны: 75 сөз


Тапсырма: Сан есімді тап. Сын есімдердің астын сыз.



Бағалау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
962
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі