Материалдар / Жазбаша емтихан жұмыстарын ресімдеу және тексеру бойынша жадынама 9- сынып ЭССЕ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жазбаша емтихан жұмыстарын ресімдеу және тексеру бойынша жадынама 9- сынып ЭССЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ/орыс (оқыту тілі) бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – эссе түріндегі жазбаша емтихан (мақала, әңгіме, эссе) Емтихан жұмыстарын өткізу, бағалау және ресімдеуге ұсынымдар Жұмысты дайындау, тексеру, бағалау шкаласы, т.б. барлық нұсқаулық толық көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2024
1233
13 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жазбаша емтихан жұмыстарын ресімдеу және тексеру бойынша

жадынама

9- сынып


Қазақ/орыс (оқыту тілі) бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – эссе түріндегі жазбаша емтихан (мақала, әңгіме, эссе)

Емтихан жұмыстарын

өткізу, бағалау және ресімдеуге ұсынымдар

9 (10) білім алушыларға арналған емтихан материалдарын (тапсырмалар мен балл қою схемаларын) облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары) дайындайды.

Емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділеріне негізделеді (мәтіндердің жалпы көлемі – 400-450 сөз).

Білім алушылар мәтін үзінділеріне сүйеніп, екі мәтіндегі өңделген ақпараттарды дәлелдер ретінде келтіріп, 170-200 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындайды.

Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептің білім алушылары үшін емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділеріне негізделеді (мәтіндердің жалпы көлемі – 450-500 сөз). Білім алушылар мәтін үзінділері негізінде екі мәтіндегі ақпараттарды өңдей отырып, 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысының 1-еуін (мақала, эссе, әңгіме және т.б.) орындайды.

Тапсырмада білім алушылардың мәтін ақпаратын өңдей отырып тиімді пайдалануы, стильдік және жанрлық ерекшелікті сақтап, аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алуы, өз ойларын дәлелді жеткізуі, сонымен бірге сөздік қор мен орфографиялық, грамматикалық норманы сауатты қолдану қабілеттері бағаланады.

Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.

Емтихан жұмысын жазуға 2 астрономиялық сағат бөлінеді. Емтихан өткізу тілі: қазақша

Эссе тақырыптары бар пакеттер білім алушылар мен мектеп комиссиясы мүшелерінің қатысуымен емтихан басталғанға дейін 15 минут бұрын ашылады.

Мұғалім эссе тақырыптарын тақтаға барлық білім алушыларға көрінетін етіп жазады (әр оқушыға таратуға және ұсынуға болады).

Білім алушылар жұмысты орындағаннан кейін жұмысты шимайжазумен (черновик) бірге оны Комиссияға тапсырады.


Жұмысты емтиханға бөлінген уақытта аяқтамаған білім алушылар оны аяқтамай тапсырады.

Емтихан өткізу кезеңінде білім алушыға сынып бөлмесінен 5 минутқа шығуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ол комиссияға жұмысын тапсырады, емтихан жұмысында білім алушының емтиханда болмауының ұзақтығы белгіленеді.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін үзіліске ұзақ уақыт беріледі.


Жұмысты рәсімдеу

1.Титул парағы

1) жоғарғы сол жақ бұрышына мектептің мөртабаны қойылады ектеп атауы, мекенжайы мөртабанда жазылған. Сонымен бірге мөртабанға емтихан өткізілетін күн жазылады (мөртабандағы рет бойынша 27 мамыр 2022 ж. немесе 2022 ж. 27 мамыр).

2) 10-жолдан бастап жол ортасынан, азат жолдан бастап жазылады (қағаздан сызғыш арқылы анықтап алу керек).


9-сынып оқушысы Т.А.Ж. (ілік септігі)

қазақ тілінен (қазақ әдебиетінен) негізгі мектеп курсы үшін

жазған емтихан жұмысы


3) Келесі беттен бастап жазба жұмысын (эссе) орындайды

1) жазба жұмысының (эссе) тақырыбы бірінші жолдың ортасынан бастап жазылады.

2) жазба жұмысының (эссе) тақырыбы мен жұмыс мәтіні арасында жол қалдырылмайды.

3) білім алушы жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыстың соңына карандашпен сөз санын цифрмен жазып қояды.

4) жазба жұмысы (эссе) тексерілгеннен кейін жұмыс үшін жалпы балл қойылады.


3.Бағалау

Бағалау міндеттері бойынша балдардың бөлінуі

Бағалау міндеттері

Балы

1-БМ Коммуникативтік құзырлық

10

2-БМ Тілдік құзырлық

10

Барлығы

20


Бағалау міндеттері








1-БМ

Коммуникативтік құзырлық

Білім алушы:

әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсініп, интепретациялауы;

әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алып, оларды талдауы және жинақтауы;

білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазуы;

ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, хат және т.б.) жазуы тиіс.

2-БМ

Тілдік құзырлық

Білім алушы:

орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық, пунктуациялық нормаларды сақтауы тиіс.


Бағалар сипаттамасы


Баға

Сипаттама

5

Білім алушы пән бойынша терең білімі мен түсінігін көрсетеді. Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты түсініп, өңдеп қолданады. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере отырып, мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, идеяларды терең түсінгендігін көрсетеді. Ақпаратты терең талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, ұсынылған тақырыпты толықтай ашады, ойын жүйелі, еркін жеткізеді. Тілі жатық, тақырыпқа сай лексиканы ұтымды, дәлме-дәл қолданады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді, мәтін құрылымын қатаң сақтайды. Бірден көп емес орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық ұсақ қатесі бар немесе мүлде жоқ.

4

Білім алушы пән бойынша жеткілікті білімі мен түсінігін көрсетеді. Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты түсініп, өңдеп қолданады. Коммуникативтік міндеттерге жауап бере отырып, мақсатты аудиторияның назарын өзіне аудара алады, алайда маңызды идеяларды назардан тыс қалдырады. Ақпаратты жеткілікті деңгейде талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, ұсынылған тақырыпты ашады, ойын жүйелі жеткізеді. Тілі түсінікті, тақырыпқа сай лексиканы орынды қолданады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерді, мәтін құрылымын сақтайды. Үштен көп емес орфографиялық/грамматикалық және пунктуациялық ұсақ қателер кездеседі.

3

Білім алушы пән бойынша базалық білімін көрсетеді. Әртүрлі типтегі, жанр мен стильдердегі мәтіндерден аздаған ақпараттарды қолданады. Ұсынылған тақырып бойынша сөздік қоры шектеулі, қолданылған лексика мен құрылымдар жалпы мазмұнды түсінуде қиындық тудырады. Мағыналық ірі қателер кездеседі. Жанрлық және стильдік ерекшеліктер, мәтін құрылымы сақталмайды. Үштен артық орфографиялық/грамматикалық/пунктуациялық қателер кездеседі.

2

Білім алушының пән бойынша базалық білімі жеткіліксіз.


Балл қою кестесі

Коммуникативтілігі

Тіл сапасы

9–10 балл

Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын терең түсінеді.

Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты өңдеп, ұтымды қолдана біледі. Сәйкес стильді жоғары деңгейде қолданады.

9–10 балл

Терең идеяларды жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды өте жақсы түсінеді.

Тілі өте сауатты, бір ғана ұсақ қате болуы мүмкін, көркем, таза жазады.

7–8 балл

Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын жақсы түсінеді.

Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты ӛңдеп, орынды қолдана біледі.

Сәйкес стильді жеткілікті деңгейде қолданады.

7–8 балл

Кейбір идея мен түсініктерді жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды жақсы түсінеді.

Тілі сауатты, екі ұсақ қатесі болуы мүмкін.

5–6 балл

Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын қанағаттанарлық деңгейде түсінеді.

Өз ойын жеткізу үшін кейбір ақпаратты өңдеп, қанағаттанарлық деңгейде қолданады.

Сәйкес стильден ауытқу байқалады.

5–6 балл

Өз ойын жеткізуде қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары қанағаттанарлық деңгейде.

Тіл сауаттылығы қанағаттанарлық деңгейде. Үш-төрт ұсақ және ірі қате кездеседі, бірақ мағынаны түсінуге кедергі келтірмейді.

3–4 балл

Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын түсінуі шектеулі.

Өз ойын жеткізу үшін аздаған ақпаратты өңдеу кезіндегі кейбір талпынысы көрінеді. Бірізділік сақталмаған және стильді қолдануда қателер жібереді.

3–4 балл

Өз ойын жеткізуде қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары шектеулі.

Тілі сауатсыз, ұсақ және ірі қателері мағынаны түсінуге кедергі келтіреді.

1–2 балл

Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын түсінуі өте шектеулі.

Ақпаратты өңдемей дайын күйінде 1–2 балл

Қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары өзара байланыспайды.

Мазмұнды түсінуге қиындық 9 қолданады, сондықтан өз ойын білдіруі байқалмайды.

Белгілі бір стильдік бірізділік жоқ.

1–2 балл

Қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары өзара байланыспайды.

Мазмұнды түсінуге қиындық келтіретін ұсақ және ірі қателер өте жиі кездеседі.

0 балл

Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын түсінбейді.

Көлемі жағынан жеткіліксіз, ұсынылған ақпаратпен байланыс жоқ.

0 балл

Грамматикалық және лексикалық нормаларды қолдануда ірі және ұсақ қателер тұрақты қайталанады.


Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдете оқытатын білім алушылар үшін тапсырмалар мен балл қою кестесі


Балл қою кестесі

(Әңгімеден басқа жазылым түрлеріне арналған)


Коммуникативтілігі

Тіл сапасы

9–10 балл

Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын терең түсінеді.

Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты өңдеп, ұтымды қолдана біледі.

Сәйкес стильді жоғары деңгейде қолданады.

9–10 балл

Терең идеяларды жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды өте жақсы түсінеді.

Тілі өте сауатты, бір ғана ұсақ қате болуы мүмкін, көркем, таза жазады.

7–8 балл

Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын жақсы түсінеді.

Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты өңдеп, орынды қолдана біледі.

Сәйкес стильді жеткілікті деңгейде қолданады.


7–8 балл

Кейбір идея мен түсініктерді жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды жақсы түсінеді.

Тілі сауатты, екі ұсақ қатесі болуы мүмкін.

5–6 балл

Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын қанағаттанарлық деңгейде

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!