400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жазбаша көбейту және бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

КММ «№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясы»






Shape1





Тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу.



Өткізген: Қасымова Г. М.













Сабақтың тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты: - жазбаша көбейту және бөлу туралы меңгерген білімдерін қайталай отырып жалғастыру, бекіту.

  • Логикалық ойлаудың математикалық стилін дамыта отырып, математикалық білімдерін дамыту.

  • Әр түрлі ойындар арқылы тез есептей білуге, шапшаң ойлауға дағдыландыра отырып, таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланысы: дүниетану пәні

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, ой қозғау, үлестермелі тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, интерактифті тақта, құстардың суреті.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ал, кәнекей, балалар,

Бері қарай қарайық.

Қажет құрал, кітапты,

Алдымызға алайық.

Алаңдамай басқаға,

Сабаққа назар салайық.

Дұрыс есеп шешімін,

Мұқиятпен табайық.

Психологиялық дайындық.

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жұмысты біз бастаймыз!

ІІ. Өткенді қайталау

  • Үй тапсырмасын тексеру.

  • «Кім тапқыр?» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру.

ІІІ. Тірек білімдерін белсендіру.

  • Сөзжұмбақты шешу.

(Заттық суреттердің алдыңғы дыбыстарын қосу арқылы сөз шығару.)

  • Ой қозғау

Сөзжұмбақтың шешуіндегі көктем сөзіне ой қозғай отырып, көктем мезгілі, көктем айлары және көктемгі құбылыстар жайында ойымызды жинақтау.

ІV. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту.

Көктем мезгілінде біз нелерді қарсы аламыз?

Көктемде ұшып келетін құстарды біз қандай құстар дейміз?

Ендеше, біз жыл сайын өзімізге ұшып келетін құстарды қарсы алайық.

Олай болса, бізге ақтұмсық қарға өзімен бірге бүгінгі өтетін жаңа сабақты алып келген екен.

  • Жаңа сабақ түсіндіріледі.

210×4=21×10×4=21×4×10=840

21 онд. × 4 =84 онд.

840׃4=(84•10)׃4=84׃4•10=210

84 онд. ׃ 4=21 онд.

V. Сабақты бекіту. Жыл құсымыздың бірі қараторғай ұшып келеді. Қараторғайды қарсы ала отырып, оқулықпен жұмыс жүргіземіз.

№1, №2 тапсырмалар арқылы есептеу.

  • Келесі жыл құсымыздың бірі бұлбұлды қарсы алу үшін кестемен жұмыс жүргіземіз.

  • a

    4см

    9дм

    b

    3см

    8дм

    Һ

    6см

    ?

    V

    ?

    720дм

  • Жыл құсымыздың бірі аққулар өздерімен бірге бізге сергіту сәтін алып келген екен.

  • Сергіту сәті.

Тақтадан көктемнің суреті көрсетіледі. Балалар суретке мұқият қарап алып, көздерін жұмып отырады. Көктем жайында мәтін оқылады. Құстардың әуені ойналады.

  • Жыл құсымыздың тағы бірі көкек ұшып келеді. Көкек өзімен бірге деңгейлік тапсырмалар алып келген екен.

  • Есепті шығар

Мерекелік концертке бірнеше костюм тігу керек болды. Дүйсенбіде 12 костюм, сейсенбіде 13 костюм тігілді. Содан кейін тігілмеген 16 костюм қалды. Концертке барлығы қанша костюм тігілуі керек?



Фигураның периметрі мен ауданын тап.

Оқулықтағы №4 тапсырма бойынша

Shape2

VІ. Сабақты қорыту: - Жыл құсымыздың бірі, адамдарға ең жақын құс қарлығашты қарсы алайық. Қарлығаш өзімен бірге бізге «Кім көп біледі?» -дей отырып, «Сиқырлы сандар» ойынын алып келіпті.

(Әр сандарды оқушылар таңдай отырып, сол санның астындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындайды.

  • Бағалау

  • Үйге тапсырма

Күнделікті ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.

  • 132 бет №6 тапсырма

  • Көбейту кестесін қайталау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі