400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жазбаша көбейту және бөлу 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-сабақ


Пән: Математика

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

«Су – тіршілік көзі», «Демалу мәдениеті. Мерекелер» тақырыптары аясында

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

140X2,280:2 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану.

3.2.1.5 әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін танып біледі

Көптеген оқушылыр:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолданады, әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстырады.

Кейбір оқушылар:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритміне мысал келтіре алады

Бағалау критерийлері

екі (үш) бірдей көбейткіштер көбейтіндісін санның квадратымен (кубымен алмастыру);

рационалды есептеу үшін көбейту қасиеттерін пайдалану;

бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді шығару;

қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу ережесін қолдану және, қосындыны санға көбейту ауызша орындаған кезде және 100 шегіндегі санды бөлген кезде қосындыны санға көбейту

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Бірлік, ондық, жүздік, көбейту алгоритмі, бөлу алгоритмі

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

- көбейтуді қалай орындауға болады?

- көбейтуді қалай орындағаныңды түсіндіре аласың ба?

- бөлуді қалай орындайды?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Ондық құрамына негізделіп үш таңбалы сандарды қосуды және алуды ауызша орындау, үш таңбалысандарды қосу және алу алгоритмін, нөлге аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап,жылы күлкілерін сыйлайды.Педагог күлкінің маңызына тоқтайды.

Оқу құралдары арқылы (өшіргіш, қалам, қарындаш т.б.) ортаға бала санына қарай түрлі ручка, (қарындаш, өшіргіш) қойылады

ә р оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Белсендіру.

Өзектендіру.

Математикалық диктант.

Тақтада (жинақ полотносында) су тамшылары түріндегі қима қағаздарда тапсырмалар жазылған. Мұғалім қима қағаздарды бірден алып, тапсырманы оқиды. Оқушылар жауабын жазады.

6 жүздік және 3 ондықтан тұратын санды жаз;

582 санында барлығы неше жүздік бар?

520 санында барлығы неше ондық бар?

Ондық разряды 5 цифры болатын үш таңбалы санды жаз;

12 ондықты 2 есе арттыр.

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритміне тапсырмалар енгізуге болады.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау





Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.


Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.








Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

-Тақтадағы өрнекке қараймыз.

140∙2

- Үш таңбалы санның разрядтарын атаңдар?

-Көбейтуді қалай орындауға болады?

- Көбейтудің қалай орындалғанын түсіндіре аласың ба?

140∙2=14∙10∙2=14∙2∙10=280

14 онд. ∙ 2 =28 онд.

- Бөлуді қалай орындауға болады?

280:2=(28∙10):2=28:2∙10=140

28 онд. : 2= 14 онд.

- Сіздерге осындай есептеулер үшін жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі таныс па? (жоқ)

Ендеше, бүгін біз бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қолдануды үйренеміз (мұғалім мақсатты айтады).

Жаңаны ашу.

Мұғалім оқулықтағы 1-тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

- Баған түрінде көбейту алгоритмін қарайық.

Жазамын: бірінші көбейткіш – 140, яғни 14 ондық. Ондықтың астында екінші көбейткіш – 2-ні жазамын.

Ондықтарды көбейтемін: 4 онд. ∙2=8 онд., 8-ді ондықтардың астына жазамын.

Жүздіктерге көбейтемін: 1 жүзд. ∙2=2, 2-ні жүздіктің астына жазамын. 0-ді түсіремін.

Жауабын оқимын: 280.

Мұғалім оқулықтағы 2-тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

Баған түрінде бөлу алгоритмін қарайық.

Жазамын: бөлінгіш – 280, бөлгіш – 2. Бірінші толымсыз бөлінгіш – 2 жүздік. Бөліндіде 3 цифр (жүздік, ондық, бірлік) болады.

Жүздіктерді бөлемін: 2:2=1, 1-ді бөліндіге жазамын.

Ондықтарды бөлемін: 8:2=4, 4-ті бөліндіге жазамын.

Бірліктерді бөлемін: 0:2=0, 0-ді бөліндіге жазамын.

Жауабын оқимын: 140.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Өзіндік жұмыс

3 тапсырманы «Кім жылдам» ойыны түрінде орындауға болады. Бұл тапсырманың бірінші және екінші бағанын 1-қатарда отырған балалар, ал үшінші және төртінші бағанын 2-қатарда отырған балалар орындайды.

-Өздерің көбейту мен бөлуге мысал келтіре аласыңдар ма?

Оқушылар өздері құрастырған мысалдарын түсіндіре отырып орындайды, тексеру жасайды.

Жаңаны қолдану.

Мұғалімнің №4 тапсырмадағы теңдеулерді шешуді топпен орындатуына болады.

Оқушылармен Қазақстандағы суқоймалары туралы әңгіме жүргізіледі.

- Балалар, біз 2-сыныпта еліміздегі ең ірі бірнеше суқоймаларымен танысқанбыз. Олардың тереңдігін анықтағанбыз. Кім оларды атайды? (Бұқтырма, Қапшағай, Шардара)

- Бүгін біз тағы да еліміздегі бірнеше суқоймамен танысамыз. Берілген суқоймалардың ішінен ауданы бойынша ең үлкенін анықтаймыз.

- Суқойма не үшін қажет? (электр энергиясын алу, ауыл шаруашылығын суландыру, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін т.б.)

Мұғалім №5 тапсырманы жұппен орындауды ұсынады. Оқушылар кестені пайдаланып, дұрыс теңдіктер және теңсіздіктер құрастырады.

Дескриптор:

екі (үш) бірдей көбейткіштер көбейтіндісін санның квадратымен (кубымен алмастыру);

рационалды есептеу үшін көбейту қасиеттерін пайдалану;

бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді шығару;

қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу ережесін қолдану және, қосындыны санға көбейту ауызша орындаған кезде және 100 шегіндегі санды бөлген кезде қосындыны санға көбейту

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.




Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Өткенмен жұмыс.

Оқулықтағы 6-тапсырма практикалық жұмыс ретінде ұсынылады. Бұл тапсырманы орындамас бұрын, оқушылармен санның үлесі ұғымын қайталау керек. Есепті шығару үшін жетекші сұрақтар беруге болады:

- Ыдыс неше бөлікке бөлінген? (5)

- Бір бөлігіне неше литр су сыяды? (6л)

- Осы ыдысқа барлығы неше литр су сыятынын анықтау үшін не істейміз? (6 л •5)

- Біз бір ыдысқа неше литр су сыятынын анықтадық. Осындай 3 ыдысқа неше литр су сыятынын анықтау үшін не істейміз? (30л • 3)

Осыдан кейін оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды.

7-тапсырманы орындау барысында оқушылар көбейтудің қандай қасиетін қолданғанын айтады және әртүрлі орындауы мүмкін. Жұптық жұмысты ұсынуға болады. Бұл тапсырманы мысалы мынадай түрде орындауға да болады:

18 ∙ 45 =9∙2∙45 = 9 ∙90=810

25∙24= 25∙4∙6=100∙6=600

35∙18=35∙2∙9=70∙9=630

24∙35= 6∙4∙35=6∙140=840

«Броундық қозғалыс» әдісі арқылы оқулықтағы 8-тапсырманы топтарға бөлініп орындайды. Есепті қалай шығарғандарын қарсы топтарға барып түсіндіреді.

10-тапсырма шығармашылық тұрғыдағы тапсырма. Мұғалім оқушылардан сұрайды:

- Кез келген сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге бола ма?

Оқушыларға тапсырманы орындау барысында сұрақтар белгілі бір түрде болуы керектігін айтады. Мысал келтіруді сұрайды. Бұдан кейін оқушылар жұппен тапсырманы орындайды.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушыларға «Көңілді қоңырау» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.




















Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.















Оқушылардың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1027
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі