400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жазбаша түрде қалдықпен бөлу 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3.1.2.10 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

3С бөлімі - Жазбаша көбейту және бөлу

Күні: 21.02.2020

Сынып: 3 «Д» сынып

Мектеп:№181 ЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Кабылова.А.Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жазбаша түрде қалдықпен бөлу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.10 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: есептерді шығару әдісін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар: Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.

Кейбір оқушылар: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Бағалау критерийлері

  • Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

• Қамтиды:

• бөлу, бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді, толымсыз бөлінгіш;

• көбейту, көбейткіш, туынды;

• түсіндіру, есептеу, анықтау;

• алғашқы, одан кейін, келесі, алдыңғы, соңғы;

• бастау ... онда ... соңында ...

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бұл есептеу қандай түрге қатысты?

  • Сіздің дұрыстығыңызға қалай сенім арта аламыз?

  • Алдыңғы әрекетті қалай табуға болады?

Неліктен екенін айта аласыз ба…?

  • …біздің бұл әрекетті ең алдымен орындауымыз керек пе?

  • … жауап (…) мәнінен жоғары болу керек пе?

  • .... көбейтуді орындау алгоритмін қатал ұстану керек пе?

Қалай екенін айта аласыз ба…?

  • бөліндіде цифрдың санын табасыз ба?

  • көбейтуді орындаудың дұрыстығын қалай білемін?

Жазбаша тапсырма:

  • «Бағанды» көбейтуді орындау алгоритмін құрастыру және жазу

  • «Бұрышпен» бөлуді орындау алгоритмін құрастыру және жазу

  • Алынған нәтижені толымсыз бөлінгіштен алып тастаймын.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Кестедегі және ауызша кестеде жоқ көбейту және бөлу әрекеттерін орындау. Екі/үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу мүмкіндігі, көбейту және бөлу тапсырмаларында есептеуді орындайды.

«Ұяшық таңда» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут














5 минут



























2 минут










  1. Психологиялық дайындық кезеңі

Қане балалар, математика сабағында айтылатын ұранымызбен сабағымызды бастайық!

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен

Математика сабағын бастаймыз!

Алдымен сынып ішінде жаңа атмосфера қалыптастырып алайық. Ол үшін орнымыздан тұрып, қарама-қарсы тұрған көршімізге «Алақан» тренингі арқылы жақсы энергиямызды таратайық. Әр оқушыға алақан пішінінің суреттері таратылады.Әр алақан суретінде жылы лебіздер жазылған.

Жылы лебіздерімізбен тілектерімізді жолдаған болсақ ары қарай сабағымызды жалғастырайық.

  1. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

«Ұяшық таңда» әдісі арқылы «Оң көрші» әдісін жүзеге асыру

Кез келген бір оқушы ұяшық таңдайды, оның ішінен тапсырмаға жауап беретін оқушынің есімі шығады. Сол екі оқушы бірлесе отырып кезекпен-кезек бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді (ауызша)әрі арасында ширату сұрақтарын қойсада болады.

7-тапсырма

Заңдылықты анықта.Тағы 3 сан жазып, қатарды жалғастыр.

101 000 111 000 121 000 131 000 141 000 151 000


909 000 808 000 707 000 606 000 505 000 404 000

«Ширату сұрақтары ?»

1.Жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмі ?

2.Бөлінгіш дегеніміз не ?

3.Бөлгіш дегеніміз не ?

4.Бөліндінің мәні дегеніміз не ?

5.Қалдық дегеніміз не ?

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

ҚБ: отшашу арқылы

Қосымша сұрақтар….

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

- Балалар,біз қандай бөлімді оқып жатырмыз?

"Атақты тұлғалар" бөлімі бойынша кімдерді, нені білдік?

1. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? (Керей,Жәнібек,Қасым)

2.Қазақ халқының ұлы ағартушылары кімдер?

3. Ежелгі замандағы ұлы математиктер: (Пифагор)

4. Фигуралардың ауданын есептеудің ортақ тәсілін ойлап тапқан математик кім? (Архимед)

5.Диаграммаларға аты берілген математик:(Льэнорд Эйлер, Джонн Венн)

6.Қазақстанның математигі:(Орымбек Жәутіков)

7.Ғарышты зерттейтін құралды ойлап тапқан астроном кім?(Г.Галилей)

ҚБ: 3 шапалақ арқылы бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Жаңа сабақ


























































Сабақтың ортасы


15 минут














































































































































5 минут





















3 минут











































2 минут























3 минут












Жазбаша түрде қалдықпен бөлуді орындай отырып ғарышты зерттеген астрономмен таныс болдық. Бүгінгі сабағымызда да ғарыш ғылымының негізін қалаушылардың бірі:

Константин

Циолковский

Осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған орыстың өнертапқыш ұлы ғалымы.

Балалар біз бүгінгі сабағымызда Циолковскийдің формуласы арқылы ғарышқа саяхат жасай отырып, өзіміздің ракетамызды құрастырып, ғарыш кеңістігінде өзіміздің жаңа планетамызды құрасытырамыз. Оған өзіміз атау береміз.макетін, жобасын өзіміз құрастырамыз.

Ол үшін:

      • Оң көршімізбен келісімшартқа отырамыз

      • Арасында бірлесіпте, өздікте жұмыстар орындаймыз

      • «Жетіқарақшы» картасы арқылы адаспай ғарышқа ұшамыз

      • Өз ракетамызды жасап, ғарыш айлағына кіру билетін ұтып аламыз

      • Есептерге, ережелерге, формулаға толы ракетамызды ұшырып, өз планетамызды ашып, жер бетіне ораламыз

      • Оралғаннан кейін ғарыштан алған әсеріміз жайлы сұхбат береміз

Олай болса балалар жаңа сабағымызды бастайық. Өзімізге мотивация алу үшін Оқулықта берілген тапсырманы орындап К.Циолковскийдің керемет бір нақыл сөзін оқып, өзімізді ғарышқа ұшуға дайындайық.

Text Box 1

бүгін

56:2


Text Box 7

іске асуы

75:5


Text Box 8

мүмкін

84:6




Text Box 9

ертең

96:6


Text Box 10

мүмкін болмаған нәрсе

38:2





К. Циолковскийдің айтқан сөзін осы өрнектерді дұрыс шешу арқылы оқи аламыз.

Ол үшін жауаптарын кему ретімен орналастырамыз.

Сонда « Бүгін мүмкін болмаған нәрсе ертең іске асуы мүмкін»


Әр жұпқа кішкентай ракета пішініндегі кесінді қағаздар беріледі. Ол ракетада оқулықтағы

2-тапсырма көрсетілген. Есептерді шешіп, ракеталарды тақтада ілініп тұрған ғаламшарлар баннеріне жабыстыру.

Оқушылар бір-бірте ғарышқа ұшуға дайындалып жатыр.


"Қолдану" №2 тапсырма. Өрнекті баған түрінде жазып, қалдықпен бөлуді орында.

679:5=135(4қ) 949:8 =118(5қ) 659:5=131(4қ)

764:3=254(2қ) 537:5 = 107(2қ) 554:4=138(2қ)

815:8= 101(7қ) 565:4 = 141(1қ) 564:5=112(4қ)

ҚБ: 3 шапалақ арқылы

«Ракета құрастыру»

Жаңа ақпарат

Ракета, зымыран (немісше Rakete, италианша rocchetta, rocca — ұршық) — өз массасын біртіндеп бөліп шығару нәтижесінде пайда болатын реактивті күш әсерінен қозғалатын ұшу аппараты. “Ракета” термині Еуропада 15 — 16 ғ-ларда пайда болды.


  • жылдамдығы 3000 — 4500 м/с-қа дейін жетеді

  • ұшу ұзақтығы 17 мин

  • массасы 10 т-дан 3000 т-ға дейін

  • 85 — 90%-н жағар май құрайды

  • массасы 140 т-ға дейінгі жүкті орбитаға шығара алады.

Қазіргі кезде космонавтикада қолданылатын негізгі қозғалтқыш — сұйық отын жағатын Ракета қозғалтқышы Мұндай Ракета қозғалтқышын пайдалану идеясын 1903 ж. К.Э. Циолковский ұсынды.

Ракетаның шашыранды бөліктеріндегі 3- тапсырмадағы есептерді шығарып, жоғарыда айтылған сандар бойынша қалдықпен бөлуге есептер құрастыру. Нәтижесінде ракетаның кейбір бөліктерін құрастырып жасауға мүмкіндік аламыз.


№3. Шешуін баған түрінде жазып, қалдықпен бөлуді орында.

Болды-338 Бөліп алды-3 бала Қалды?

Ш: 338:3= 112 (2 қалд) Ж: 2 бөлшек қалды

Жұптар өздері өрнек құрастырады: 4 өрнек

Қиындықтарды түсіндіру

- Қане тапсырманы дұрыс орындадық па?

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерден қате жібердіңіз?

– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?

– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.

(Қосымша тапсырма орындау).

– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?

(Қателерді түзету).

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқыту есебін айтады.

Мұғалім бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады.

Мен:

  • Жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмін түсіндіруді;

  • Жазбаша түрде қалдықпен бөлу алгоритмін қолдануды;

  • Қалдықпен бөлуді тексеруді білуді;

  • Сызбасы бойынша есеп құрастыра білуі;

  • Фигураның периметрін таба алуы;

  • Теңдеулерді шеше білуі;

Жақсы, дұрыс орындаған оқушыларға ғарыш айлағына кіру билетін сыйлау.


Келесі тапсырмамызда ракета бөлшектерінде беріліпті. Қанекей бәріміз бірге, тапсырмамызды тауып ракетамыздың келесін бөлшегін құрастырайық.

№4. Есепті шығар. Шешуін өрнек түрінде жаз.

Конструктордағы 3 қалтаның әрқайсысында 112-ден бөлшек бар.Ғарыш кемесінің моделін жасау үшін 289 бөлшек жұмсалды. Қанша бөлшек қалды?

Болды- 3*112 Ш: (3*112)-289=47

Жұмсалды-289 Ж: 47 бөлшек

Қалды-?

Жарайсыңдар! Өте жақсы! Қараңдаршы біздің ракетамыз ракетаға ұқсап келе жатқан сияқты. Толықтай құрастырып болуымызға аз ғана қалыпты.

Тақтамен жұмыс

Келесі қиын тапсырманы біз тақтаға орындайық

№5 Сызба бойынша есеп құрастыр.

Ш.50+(50*9)=500 Ж:500 адам


СЕРГІТУ СӘТІ: Музыка қойылады.Барлық оқушылар орындарынан тұрып жұптар бір-біріне массаж жасайды.Музыка ырғағына сәйкес баяу әрі жылдам жасайды. 2-3 минут

Кеселі тапсырманы сен дұрыс орындасаң, ғарыш айлағына кіру билетін әрі ракетаңды ұшыруға мүмкіндік аласың.

"Талдау" №6. Есептерді шығар.

AutoShape 3 Ә) Қара түсті б-145 Ш: 145+(145+40)=330

Ақ түсті б-? 40-ы арт Ж: 330 бөлшек

"Жеке жұмыс"№7

а) Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ұзындығы 120м, ал ені ұзындығынан 3 есе кем.Осы жер телімінің периметрін тап.

120:3=40см Р=(а+в)*2 Р= (120+40)*2=320см

ә) Р= (100+60)*2=320cм



Керемет! Жарайсыңдар балалар!

Осы тұста білімімізді шыңдау үшін қысқаша видеоролик көріп алсақ.

Мақсаты: ғарышты зерттеген зерттеушілердің, өнертапқыштардың жасаған туындыларымен танысып бізге қандай қажеттілігі бар екенін түсіндіру.

Видеоролик көру барысында бірнеше сұрақтар қойылады. Сол үшін мұқият тыңдаңдар.

Сұрақ-жауап, талқылау….


Балалар біз ғарыш айлағына келдік. Мұнда алуан түрлі ғаламшарлар орналасыпты. Қолымыздағы билеттерді өткізіп, ішіне кірейік. Ал ракетамызды ұшырайық. Балалар бізге ракета ұшыруға рұқсат бермей жатыр.Ол үшін жеті қарақшы картасын тауып, ішіндегі тапсырмаларды орындап, картаны құрастырыңдар дейді. Ендеше планеталардан бастап іздейік. Планеталар шар тәрізді, ішінде карта жасырылған. Шарды жарып карта ішіндегі тапсырманы орындайық.

"Жинақтау" №8. Теңдеуді шеш:

Бұл теңдеулер деңгейінің қандай екенін сұрайды (қиындатылған). Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:

1.Теңдеуді оқы. 
2.Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан. 
3. Шығара алатын есептерді орында. 
4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз. 
5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.

Оқушылар алгоритмге сәйкес теңдеуді шешеді.


№10. Атауын айтпай фигураны сипатта.

1. Жасыл түсті 6 жағы,12 қыры,8 төбесі бар.

2. Қызыл түсті,барлық қабырғалары тең,4 төбесі бар

3. Сары түсті,3 қабырғасы,3 төбесі бар

4. Көк түсті,4 қабырғасы,4 төбесі бар


ҚБ: Жарайсыңдар! Өте жақсы!

Тапсырмалардың барлығы орындалды.Барлық есептер шығарылды. Енді алаңсыз ұша берсек болады.


-Ракета ұшыру.

-Жерге оралу.

-Марапаттау.

-Сертификат.

-Сұхбат беру.


«Ең,ең………» марапаттау сәті

К.Циолковский атындағы ең үздік мақтау қағаздарымен марапатталады.

      • Ең үздік құрастырушы номинациясы

      • Ғарыш мақтанышы номинациясы

      • Ең үздік озық ойлы оқушы

      • Ең жылдам оқушы

      • Ең тәртіпті оқушы

      • Ең тәртіпті оқушы














«Сертификат» 3 оқушы «Байқоңыр ғарыш айлағына» кіру үшін 20%-дық жеңілдік ұтып алды. Келесі сабағымыз дәл осы тақырыпта болмақ. Жолыболғыш жандар екенсіңдер.


«Сұхбат беру»

  • Ғарыштан алған әсерлерің қандай?

  • Ракета жасау қиындық тудырды ма ?

  • Ракета жасау үшін қаншалықты күш-жігерлерің кетті ?

  • К.Циолковский туралы не айта аласың ?

  • Достарыңа, жақындарыңа қандай сәлем жолдайсың ?













AutoShape 1





















































































































































































Мадақтау қағаздары























Микрафон















Сабақтың соңы

2 минут

Қорытынды бөлім:

Кері байланыс

Үйге тапсырма:№9; 70-бет

Түсінік беріледі.

Осымен балалар бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды.Ғарышқа аяхат жасай отырып біз сендермен түрлі есептерді шығарып ойлау қабілеттерімізді дамыттық, шығармашылық белсенділіктерімізді жоғарлаттық, білім, білік, дағдыны тиімді қалыптастыра алдық деген үміттемін.

Қош, сау болыңдар! Келесі кездескенше!



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?


















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1750
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі