400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жазда ауылға барғанда

Материал туралы қысқаша түсінік
Көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Жанат Нуроллаевна

Мектеп: «ЖББ №24 орта мектебі.» КММ

Күні: Сынып: 5

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жазда ауылға барғанда

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.ӘТН5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.

5.Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттердің) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

Сабақ мақсаты

Төл сөз бен автор сөзіндегі тыныс белгілерді орынды қолдану.

Жаз тақырыбына берілген сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.

Бағалау критерийі

Төл сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.

Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.


Тілдік мақсаттар

Терминдер: пунктуациялық норма, төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілері

Жазу үшін пайдалы тіркестер:

Басында:

- жаз мезгілі туралы;

- жаз мезгілін неге жақсы көретіндігін түсіндіру;

Ортасында:

- жаз мезгілін қалай өткізетіндігі туралы;

- жаздағы ауыл өмірі туралы;

- жазда ауылда өзінің немен айналысатындығы туралы;

Соңында:

- жаз мезгілін ауылда өткізудің артықшылығы туралы;

- жаз мезгіліне деген ойын түйіндеу;

Құндылықтарға баулу

  • қарым-қатынас жасау;

  • өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау;

  • өмір бойы оқуға дайын болу;

  • жауапкершілік;

Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталаған тапсырмалар арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика пәнімен, әдебиет, дене шынықтыру, өзін - өзі тану пәндерімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар бұған дейінгі қазақ халқының дәстүрлері туралы ақпаратпен таныс, бұл білім жаңа тақырыпты анықтауда оқушыларға көмектесе алады. Алдыңғы сабақта сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру дағдыларын шыңдады, бұл дағдыны жаңа сабақта да жетілдіруге мүмкіндік алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату. «Миға шабуыл» әдісі

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер тарауы бойынша сұрақтар қою.

  • Балалар сендер отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қазақ отбасында қандай дәстүрлер мен мерекелер қалай сақталған?

  • Қонақтың неше түрі бар?


Топқа бөлу: Себеттегі жемістерді (алма, алмұрт, жүзім) алу арқылы 3 топқа бөлінеді.



ТЖ. «Конверттегі сұрақ» әдісі

3 топқа ішінде 4 сұрақтан жазылған конверттер таратылады. Сұрақтар төл сөз, автор сөзі, төлеу сөздің ережесі мен тыныс белгілеріне қатысты болып келеді. Топ конверттегі сұрақты тез арады ашып, "Жүгірме жауап" ойынын ойнайды.

Яғни, жауабы дайын топ оқушысы сөреге жүгіріп келіп, мұғалімге жауабын сыбырлап айтады. Мұғалімнен жауаптың дұрыс/бұрыстығы туралы кері байланыс аған соң жүгіріп орнына барып, келесі сұрақты ашады. Осылай жалғаса береді. Сұрақтар жауабын бюірінші болып аяқтаған топ жеңіске жетеді.

Ж. Мәтінді түзету және редакциялау.

Оқушылар тыныс белгісі қойылмаған мәтінді қолдарына алады. Тыныс белгілерін қойып, түпнұсқамен салыстырады.


Мәтін:


- Әке, ауылға қашан барамыз? - деп, ентіге жүгірі кірген баласына әкесі күлімсірей қарап:

- Ботам-ау, ата-әжесін сағынған кішкентай жүрегіңнен сол! - деп маңдайынан иіскеді.

- Әке, атам маған "ауылға келсең, құла тай сенікі болады" деген.

- Иттің күшігі, ата-әжең үшін емес, құла тай үшін барғың кеп тұр-ау ауылға шамасы? - деп әкесі баласына қулана қарады.

- Жоқ, әке! Құла тайға мініп ап, ертелі-кеш атаммен жылқы кезегіне барғым келеді. Әжемнің күбі пісуден қолы ауырады. Оған да көмектескім келеді, - деді танауы елпілдеп.

- Қолғанатым менің! Ата-әжесінің қолғанаты, - деп риза болған әкесі: - Айнаш, баланың киімдерін, бізге жол сөмкені дайындашы! Ауылға жүреміз, - деп бірден шешім қабылдағанын білдірді.


Мәтіндегі тыныс белгісі жоқ сөйлем

Дұрыс нұсқасы

Ереже






Дескриптор:

- мәтінмен танысып, ондағы тыныс белгілерді қойып шығады;

- төл сөз, автор сөздеріндегі тыныс белгілерінің ережесімен дәлелдейді;


ҚБ. Оқушылар бір-бірінің кестесін тексеріп, дескрипторға сүйеніп ауызша кері байланыс береді. "Бас бармақ" әдісі арқылы ҚБ жүргізеді.









Жемістер суреттері



конверттер

























Сабақтың ортасы

Сергіту сәті: Кунфу-панда

Оқушылар әр тыныс белгісін өзінің бекітілген қимылдарымен көрсетеді. Сонан соң мұғалім автор, төл сөздері кездесетін диалогтің сөйлемдерін кідіріспен оқиды. Оқушылар әр сөйлемнен соң онда келетін тыныс белгілерін сәйкес қимылдармен көрсетеді.

“,” - оң қолдарын қиғаштай төмен түсіреді;

“.” - жұдырығымен алдыға тіке қол сермейді;

“?” - жұдырығымен сұрақ белгісіндей ирек жасап, қолын алға сермейді;

“!” - жұдырығымен тіке төмен түсіріп, алға қолын сермейді;

“-” - шынтағын кеуде тұсына қойып, оң жаққа жылжытады.


Ж. Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.



ТЖ. "Суретке қатысты 10 сөз" әдісі

Әр топ сретке қатысты 10 сөз айтады. Әр топтың айтқандары бойынша іріктеліп, ортақ 10 сөз алынады.


Дескриптор:

- сюжетті суреттер желісімен кемінде 10 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырып жазады;

- жазу барысында тірек сөздерді пайдаланады;

- төл сөз және төлеу сөз, автор сөздеріндегі тыныс белгілерді орынды қолданады;


ҚБ. Жазғандары жиналып, мұғалім дескрипторға негізделген жазбаша кері байланыс беріледі.





суреттер






























Сабақтың соңы


Оқушылар рефлексиясы: «БҮБ» әдісі:

Білемін

Білдім

Білгім келеді





«БҮБ» кестесі




Саралау:


Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


С деңгейлі оқушылар үшін дайын жоспар, жазу құрылымы беріледі. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөздерінде келетін тыныс белгілерінің қойылу сызбасы беріледі. Қабілетті оқушылар дескрипторда көрсетілген 10 сөйлемге бағынбай мәтін құрастыра алады. Олар тірек сөздерді пайдаланбай да арырмашылықпен жаза алады. Әңгіме жанрынан бөлек басқа жанрда (өлең) да жаза алады.

"Бас бармақ" әдісі, дескрипторға негізделген ауызша/жазбаша кері байланыс беру



Оқушылардың жазба жұмыстарын мұғалім жинап алып, жазбаша кері байланысты дескрипторға сүйеніп жүргізеді.

  • топтық, жұптық жұмыс формалары;

  • "миға шабуыл;

  • мәтінді түзету, редакциялау кестесі;

- "Кунфу-панда"сергіту сәті;

- «Конверттегі сұрақ» әдісі;

- сюжетті суреттер желісімен әңгіме құрау;

- "суретке қатысты 10 сөз";

  • оқыту үдерісінің интерактивті тәсілдемеге негізделуі;

  • «БҮБ» әдісімен кері байланыс ұсынылады.





Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?


Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі