Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жазда ауылға барғанда

Материал туралы қысқаша түсінік
5.ӘТН5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану. 5.Ж3.Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Отбасындағы дәстүрлі мерекелер

Күні

Сынып: 5

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бесбаева Аида Есимхановна

Қатысқандар саны: 10 оқушы

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Жазда ауылға барғанда

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.ӘТН5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану.

5.Ж3.Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: тақырып бойынша әңгімелейді.

Көптеген оқушылар: сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады.

Кейбір оқушылар: төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Жетістік критерийлері

Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады.

Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Тілдік мақсат

Алақай, жайлау, ауылға деген сағыныш, асыр салып ойнау, суға шомылу, асық ойнау.

Құндылықтарды дарыту

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Алдыңғы оқу

«Қонақ күту» дәстүрін біледі.

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=CZY3LId72Fo


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Гүл сыйлау» әдісімен психологиялық ахуал туғызып, гүлдің сабындағы сұрақтарға жауап беру арқылы үй жұмысын тексеремін.

  • Балалар, қонақжайлылық туралы

қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

  • Үйге келген қонақ қайда отырады?

  • Қонаққа қандай құрмет көрсетесіздер?

Қолдарындағы гүлдер арқылы оқушыларды 2 топқа бөлемін.

1-топ қызғалдақтар

2-топ сарығалдақтар

«Гүл сыйлау» әдісі



Сабақтың ортасы

6-35 минут


Миға шабуыл

Бейнебаян көрсетемін. (жазда ауылға

барғанда)

  • Балалар, бұл қай кез?

  • Жазда сендер қайда барасыңдар?

  • Ауылда сендер демалысты қалай өткізесіңдер?- деген жетекші сұрақтар қою арқылы оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтатамын.

1-тапсырма

ТЖ. Оқушылар “Үштік одақ” әдісімен екі айтушы, бір автор рөлдерінде қысқа қойылым қоюға дайындалады.

Қойылымнан соң мұғалімнің басқаруымен іс-әрекетті сыныппен талдайды.

Дескриптор:

  • Оқушылар қысқа қойылым қояды;

  • Диалогқа автор, төл сөздерді кіріктіреді;

Оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-біріне кері байланыс береді.

- өте жақсы


- жақсы


- қанағаттанарлық

ҰЖ. - Балалар, осы жұмыстан қандай қорытынды шағара аламыз?

- Біздің қысқа қойылымда қандай рөлдер болды?

- Неліктен бізге автор қажет болды? –деген сұрақтар қойып, оқушы жауаптарын саралап, мүғалім өз сөзін сабақ мақсатына және тақырыбына алып келеді.

-Балалар, біз бүгін сабағымызда автор сөзі және төл сөзінде келетін тыныс белгілердің орны, оларды жазу барысында орынды қолдануға дағдыланамыз. Алдымен төл сөз және автор сөзіндегі тыныс белгілердің орналасуын еске түсірейік.

2-тапсырма

Алдыңғы сабақта оқушылар төл сөз бен автор сөзі туралы білімді меңгерді. Сол ережені қаншалықты меңгергенін пысықтау үшін жұптық жұмыс ұйымдастырамын. Бұл жұмысты Арқамен арқаға” (бәк ту бәк) диктанты арқылы жүзеге асырамын. Оқушылар өзара жұп құрайды. Оларға автор сөзі, төл сөзі бар екі сөйлемнен тұратын тыныс белгісі жоқ қысқа мәтін әрқайсысына ұсынылады. Оқушылар бір-біріне арқаларын беріп отырады да, 1-оқушы мәтіннің 1сөйлемін оқиды. 2-оқушы жазады. Сонан соң рөлдерімен ауысады. Жазып болған соң қолдарындағы мәтінді алдарына қойып, жұмыстарын алмасып, өзара бір-бірін тексереді. Тексерген соң мәтіннің дұрыс нұсқасы беремін.

Мәтін

- Алақай! Ертең сабақ болмайды, - деді сыныпқа жүгіріп кірген Айдос. Сол сәт артында түрған мұғалім: - Оны қайдан естідің? - деп сұрады. (тыныс белгісі жоқ мәтін беремін, бір-бірін тексерген соң мәтіннің дұрыс нұсқасы беріледі)

Дескриптор:

  • Оқушылар мәтінді тыңдайды;

  • Диктантты жазады;

  • Автор сөзі, төл сөзінің тыныс белгілерін қояды;

ҚБ Оқушылар бір-бірінің жұмыстарына жазбаша кері байланыс береді.


3-тапсырма

ТЖ. Оқушыларға тақырыпқа қатысты суреттер беріледі. Олар суреттерді басшылыққа ала отырып, “Жазда ауылға барғанда” тақырыбында «суреттер сөйлейді» әдісі бойынша шағын әңгіме құрастырады. Жазылым барысында төл сөз және автор сөздерін дұрыс қолдану, пунктуацияға ерекше мән беру қажеттігі ескертіледі.

Дескриптор:

  • Суреттер желісімен әңгіме құрастырады;

  • Әңгіме желісіне автор сөзі, төл сөздерді кіріктіреді;

  • Олардың тыныс белгілерін дұрыс қолданып қояды;

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді.

2 жұлдыз- ұнаған 2 нәрсесін, 1 тілек- жақсартуды қажет ететін ұсыныс айтады.


Миға шабуыл


https://www.youtube.com/watch?v=CZY3LId72Fo







«Үштік одақ» әдісі









«Бас бармақ» әдісі
































«Арқамен арқаға» әдісі





























«суреттер сөйлейді» әдіс








«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі



Сабақтың соңы

4 минут

Оқушылар рефлексиясы: «Ойлаудың бес гүлі» әдісі арқылы жүргізіледі.

1. Бүгін мен жаңадан не үйрендім?

2. Қандай қиындық болды?

3. Бүгін кімге көмегім тиді?

4. Сабақтан алған әсерім

5. Менің көңіл күйім


Гүл суреті

Саралау оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Көмекті қажет ететін оқушылар үшін төл сөз бен автор сөзінің ережесі үлгі ретінде ұсынылады.

Үлгіге сүйеніп, сөйлемнің тыныс белгісін қояды.

Абай Ақылбайдан

Қалада не хабар бар деп сұрады. Абай былай деді Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік. Қабілетті оқушыларға «бес жолды өлең» жазу ұсынылады.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

«Гүл сыйлау» әдісі

«Миға шабуыл» әдісі

«Үштік одақ» әдісі

«Бас бармақ» әдісі

«Арқамен арқаға» әдісі

«Суреттер сөйлейді» әдісі

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

«Ойлаудың бес гүлі» әдісі





Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Оқушыларға сабақ барысында қауіпсіздік техникасын сақтау ережесі түсіндіріледі.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс

енгіздім және неге?




Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері сабақ барысында орындалды. Оқу мақсатына жету үшін қолданылған әдістер тиімді болды.

Оқушылар төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолданды. Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырды. Өз ойларын ортаға еркін салды, бір-бірімен ой алмасты.

Сабақ өз деңгейінде өтті.

Жоспарланған саралау іске асты. Берілген тапсырма тақырыпқа, мақсатқа сәйкес болды.




Уақытты ұтымды, тиімді қолдандым.


Жоспарыма өзгеріс енгізген жоқпын.

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1: «арқамен арқа» әдісімен жазған диктант.

2: «суреттер сөйлейді» әдісімен құрған шағын әңгіме.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1: сергіту сәтін қосу

2:




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
856
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12