Сөйлеуді дамыту: Жазғы кемпірқосақ
Оқу қызметінің мақсаты
Балалардың ұғымындағы жыл мезгілінің табиғи құбылыстары, ай аттары, апта
күндері жайындағы білімдерін бекіту; таң, күн, кеш, түн мезгілдерінің атауы мен
ауысуы туралы түсініктерін тиянақтау; сөздік қорын молайту, логикалық
ойлауын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; аңғарымпаздыққа, жан-жақтылыққа
тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
Қызыл, тоқсары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін, кемпірқосақ.
Әдіс-тәсілдер
Ғажайып сәт, сәлемдесу шеңбері, жұмбақ жасыру, миға шабуыл, сұрақ-жауап,
кері байланыс, психологиялық жағдаят, тапсырмаларды орындау, сурет
бойынша әңгіме құрастыру, «Адасқан сандар» тапсырмасы, «Керісінше айт»
дамытушы-сөздік ойыны, «Бұл не, бұл кім?» дидактикалық ойыны, «Дұрыс
барсаң - дұрыс табасың» ойын тапсырмасы, оқу қызметін пысықтау.
Құрал-жабдықтар
1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР
Интерактивті тақта, доп, cурет, слайд, 7 түсті конверт.
2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Сандар (1-ден 10-ға дейінгі).
Оқу қызметінің барысы
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Ғажайып сәт
Педагог суретшінің киімін киіп, балаларды қарсы алады. Амандасады.
1
1.1. Педагог-суретші:
- Балалар, мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?
Балалар:
- Суретші.
- Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, балалар, бір-бірімізбен амандасайық!
Сәлемдесу шеңбері
Балалар шеңберге тұрады.
Қандай ғажап күн бүгін,
Күміс күлкі жан-жағым,
Оңға қарай жүреміз,
Солға қарай жүреміз.
Иілеміз, күлеміз.
Көңілді болып жүреміз.
Балалар бір-бірімен амандасады.
Суретші амандасады.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Дұрыс айтасыңдар, мен суретшімін. Мен сендерге өзім салған әдемі суретті
алып келдім.
1.2. Жұмбақ жасыру.
- Суретті көрсетер алдында сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ.
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат асылды. (Кемпірқосақ)
Кемпірқосақтың суреті шығып тұрады.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Педагог кемпірқосақты тамашалауға шақырады. Балалардан оның түстерін
сұрайды. Кемпірқосақтың жолақтарының сандарын және орналасу ретін сұрап
әңгімелеседі.
2.1. Проблемалық жағдаят.
2
Педагог:
- Қандай ғажап, керемет! Кемпірқосақ қонаққа келді. Оның түрлі-түсті
жолақтары бар. Балалар, кемпірқосақтың жолақтары сиқырлы екен.
Кемпірқосақтың түстері жоғалып кетеді.
- Балалар, бір жағдай болды. Кемпірқосақтың түстері жоғалып кетті.
- Не істесек екен? Мен кемпірқосақтың түстерін ұмытып қалдым. Қай түстен
кейін қайсысы екенін де білмей тұрмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
- Әрине, көмектесеміз.
- Жақсы!
2.2. Тапсырмаларды орындау.
Педагог қолын қалтасына салады да, 7 түсті конверттерді алып шығады.
- Қараңдар, балалар! Менде түрлі-түсті конверттер бар.
Әрқайсында бізге арналған тапсырмалар бар екен. Тапсырмаларды ретімен
орындасақ, кемпірқосағымыздың түстері орнына келеді. Алдымызда осындай
кемпірқосаққа жететін қиын жолдар бар. Біз өзіміздің білімімізді тексеріп
көрейік, дайынсыңдар ма? Иә.
- Алдымен, балалар, кемпірқосақтың неше түсі бар екенін есімізге түсірейікші? (7
түсі бар.)
- Қандай түстер? (Қызыл, тоқсары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.)
2.3. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
- Алдымен, балалар, бірінші конвертті ашайық! Қай түсті таңдасам екен, балалар,
айтыңдаршы?
3
Балалар:
- Қызыл түсті. (Қызыл түсті конвертті ашады.)
Педагог тапсырманы оқиды.
- Күндер ыстық болады,
Көбелек гүлге қонады.
Суға түсу, құмға қызу,
Бұл қай кезде болады? (Жазда.)
Жаз көрінісі шығып тұрады.
- Дұрыс айтасыңдар, жаз мезгілі.
- Жазда қандай құбылыстар болады, қандай өзгерістерді байқаймыз?
Балалардың жуаптары:
- Күн ыстық болады, балалар суға түседі, күнге қыздырынады.
- Жаз айлары - маусым, шілде, тамыз.
- Қане, біздің жазымыз қандай болады?
Балалар:
- Жайдары жаз, ыстық жаз, көңілді жаз, қызықты жаз.
Педагог:
- Жарайсыңдар, балалар! Біздің кемпірқосағымыздың алғашқы жолағы да
шықты. Әрі қарай екінші конвертті ашайық.
- Ол қандай түс?
- Тоқсары.
Екінші конверттің тапсырмасын оқиды (Тоқсары түсті конвертті ашады.)
- Балалар, біз кемпірқосақтың неден кейін шығатынын білеміз бе?
- Жаңбырдан кейін шығады.
Балалардың жауабы.
4
- Ендеше, балалар, жаттығу жасайық.
Саусақ жаттығуы «Жаңбыр».
Жаңбыр жауды себелеп (саусақтарды сілкілейді),
Тырс-тырс, тырс-тырс (бір алақандарына екінші қолдың саусақтарымен
тырсылдатады).
Жапырақты жамылып (алақандарын беттестіреді),
Бұға қалды көбелек (алақандарын айқастырады).
- Жарайсыңдар, балалар! Екінші тапсырманы да орындадық. Міне, балалар,
екінші жолағымыз да шықты.
2.4. Педагог:
- Кемпірқосақтың келесі түсіне қай түсті таңдаймыз? (Үшінші сары конвертті
таңдайды.)
- Келесі жолағымыз шығу үшін «Адасқан сандар» тапсырмасын орындауымыз
керек.
Балаларға 1-ден 10-ға дейінгі сандар беріледі, соларды рет-ретімен
орналастыруы керек, педагог өз шеберлігіне қарай ұйымдастыруына болады.
5
- Жарайсыңдар, кемпірқосақтың сары жолағы да шықты. Балалар, үстелдің
үстінде жасыл, көгілдір, көк, күлгін конверттер қалды. Қайсын таңдаймыз?
Балалар жасыл конвертті таңдайды.
Педагог:
- Балалар, бұл тапсырма тапқырлыққа арналған.
- Күн күндіз шығады, ай ... (түнде) шығады.
- Кешкісін тамақтанамыз, ... (түнде) ұйықтаймыз.
- Жұма күнінің алдында қай күн болады?
- Сейсенбіден соң аптаның қай күні?
- Үш мысықта неше құйрық болады?
- Екі тышқанда неше құлақ болады?
- Жарайсыңдар, бұл тапсырмаларды да орындадық. Кемпірқосақтың келесі
жолағы да шықты. Шаршадыңдар ма? Келесі көгілдір түсті таңдайық. Балалар,
қазір аздап ойын ойнап демалайық.
«Керісінше айт» дамытушы сөздік ойын.
Мақсаты: қарама-қарсы сөздер жұбын табу, сөздік қорларын молайту.
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Педагогтің қолында доп болады. Бір сөз
айтып, допты бір балаға лақтырады, допты қағып алып, ол сөздің антонимін
айтып кері лақтырады.
6
Үлкен-кішкентай, ыстық-суық, биік-аласа, алыс-жақын, ақ-қара ... (осылай
жалғаса береді).
2.5. Педагог:
- Міне, біздің екі конвертіміз қалды. Алтыншы конвертіміз көк түсті. Мұнда
қандай тапсырма бар екен көрейік?
«Бұл не, бұл кім?» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: заттың атау және жалпы атауын табу.
Интербелсенді тақтадан суреттер шығады. Бала оның қандай зат екенін айтады.
Жалпылама атауын атайды.
7
2.6. Мысалы: алма (жеміс). Кит (балық). Доп (ойыншық) осылайша ойын жалғаса
береді.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
- Жарайсыңдар, балалар, бұл тапсырманы да орындадық. Жолағымыз шықты.
Бізде тек күлгін түсті конвертіміз қалды.
«Дұрыс барсаң - дұрыс табасың» ойын тапсырмасы.
Мақсаты: кеңістікті бағдарлау және қозғалыс координациясын сақтауға үйрету.
Санамақ арқылы жетекші баланы таңдайды. Айтылып тұрған нұсқау мен
шарттарды орындап, керекті қадамдар жасалады. Табылған
сыйлықтар балаларға арналады.
- Міне, барлық тапсырмалар орындалды. Кемпірқосағымыз жолақшаларын енді
жоғалтпайды. Ол сендерге алғыс айтып қоштасады. Сау болыңдар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жазғы кемпірқосақ

шағым қалдыра аласыз