Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жазғы мектеп 4 сынып тапсырмалары.pdf

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазғы мектеп 4 сынып тапсырмалары.pdf
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1


Page 2








Page 3




Қ Ы З Ы Қ Т Ы Т А П С Ы Р М А Л А Р



Сандардың арасына (көбейту, қосу, алу) белгілерін қойып, есептің дұрыс
жауабын табыңдар. FAKON_Z





Page 4


Сандарды орналастыр


Берілген сандарды қасындағы ұяшықтарға дұрыс орналастырыңдар.








Page 5


Табиғат
Табиғатты қорғау- біздің парызымыз Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына
елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін,
оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды
тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген. Табиғат - тіршілік
көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда
өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі
әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін
сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды
көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын
жарады.
Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі
түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар
қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет
әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-
шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»),
Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»),
Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар
маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті.
Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы
жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ
қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ
ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз
табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ,
адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға
да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші
әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға
мәлім.
1.Суреттеу қай сөйлемде?
А) Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге
бөленесің
В) Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді
С) Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген.
Д) Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады
2.Тіршіліктің көзі не?
А) Су В) Табиғат С) Ауа Д) Жаңбыр
3.«Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті» деп жырлаған кім?
А) А.Құнанбаев В).Ы.Алтынсарин С) М.Жұмабаев Д) Қ.Мырзалиев
4.Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындар нені білген?
А) Табиғат сұлулығын В) Табиғат құдіреттілігін С) Табиғат сырын Д) Табиғат
көркемдігін
5. Өзің ұнайтын жыл мезгілін әсерлі, көркем сөздермен сипаттап қысқаша әңгіме жаз.
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________


Page 6


Ескерту!
Екі қол бір мезетте қозғалуы керек! Бүкіл назар ортадағы
сызықта болады.






Page 7












Page 8






Page 9


КҮРДЕЛІ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШ:
у + 260 =650 + 350 600- х =3•90 6•х = 30+330 х•30=1000 – 160


54+х=720׃6 880׃у = 535-491 а-45=389-254 300 +а =45•20

Бір сергіп ал
Бір-бірімен жарысқа
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу, кім білді?


Түйе, бота маң басқан.
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі.
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.



Page 10



Екінші жартысын сал!









Page 11


Зор тұлға
Әр ғасырдың өзінің біртума азаматтары , аты аңызға айналған көрнекті
тұлғалары болады. Солардың бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Есімі дүние
жүзіне белгілі болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте
Социалистік Еңбек Ері. Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Верный қаласында қарапайым
шаруа отбасында дүниеге келген. 1931 жылы Д.А.Қонаев Мәскеудегі Калинин
атындағы «Түсті металдар» институтына оқуға жіберілді. 1936 жылы осы
институттың тау-кен факультетін бітіріп, Балқаш мыс қорыту комбинатының
Қоңырат кенішіне кен инженері болып барды.
Мұнда Д.А.Қонаев қарапайым жұмысшыдан, кеніш директорына дейін көтеріледі.
Ұлы Отан соғысы кезеңінде Риддер кен орнының және Лениногор кен
басқармасының директоры болды. Кейін Министрлікте қызметін атқарды. 1952
жылғы сәуірде Ғылым Академиясының академигі және оның президенті болып
сайланды.
1. Мәтінде қай дәуірдің кезеңі баяндалған?
А) Кеңес дәуірі
В) Қазақстан Республикасының алғаш құрылған дәуірі
С) Азаматтық соғыс кезеңі
Д) Ақ патша дәуірі
2. Мәтіннің тақырыбы:
А) Адам және оның қоршаған ортасы
В) Білім және ғылым
С) Әлеуметтік қарым- қатынас
Д) Мемлекеттер мен қалалар
3. Қонаевтың зор тұлға екендігі қай тіркесте ашылып тұр?
А) Біртума азамат
В) Социалистік Еңбек Ері
С) Ғылым Академиясының академигі
Д) Аты аңызға айналған
4. Қонаевтың еңбек жолын ретімен көрсет
А) 1912, 1931, 1936, 1952
В) 1931, 1936, 1952
С) 1936, 1952
Д) 1912, 1931
5. Д. А. Қонаев қай жылы кен инженері қызметін атқарды?
А) 1936 В) 1938 С) 1941 Д) 1950
6. ҰОС кезінде қандай қызмет атқарды?
А) кен инженері
В) Қоңырат кенішінің директоры
С) Риддер кен орнының директоры
Д) тау-кен факультетін аяқтады.
7. 1952 жылғы сәуірде қандай қызметке сайланды?
А) Ғылым Академиясының академигі және оның президенті
В) Қоңырат кенішінің директоры
С) Риддер кен орнының директоры
Д) кен инженері
8. Д. А. Қонаевты сипаттап жаз. Ол қандай тұлға?
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________


Page 12



Есепті шығар.



Page 13


Дыбыстық талдау жаса.




Берілген сөздерді дұрыс орналастырыңдар








Page 14


Судоку
Ашық тұрған торкөздерді 1-ден 9-ға дейінгі бірлік сандармен толықтырып
шығыңдар. Бірақ кез келген тік бағанда және кез келген көлденең қатарда бірдей
цифр болмауы керек. Сондай-ақ қалың сызықпен бөлінген торкөз блогының кез
келген көлденең және тік қатарларында да цифрлар бір-бірін қайталамауы тиіс.


Fakon_z
Сөзжұмбақтар
Сандармен белгіленген әріптерді ұяшықтарға орналастырып, жасырылған сөздерді
табыңдар.



Page 15






Page 16




Балаларға арналған сканворд









Page 17















Page 18







Page 19


Оқу сауаттылығы
Бірлік
Данияр мектептен келсе, үйдің алды омбы қар болып қалыпты. Ол тамағын ішіп,
аздап демалды да, аулаға шықты. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға
кірісті. Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгеді. Жалғыз
өзі қанша қимылдаса да, ісі өнбеді.
– Данияр! Кел, мен саған көмектесейін, – деді көрші үйдегі досы Нариман. Нариман да
қол шанасын сүйреп шығыпты.
– Содан кейін бірігіп біздің үйдің алдын тазалайық, жарай ма?
– Жарайды, – деді Данияр қуанып. Екеуі екі шанамен қар толтырып тасып, жұмысты
тез аяқтады. Осыдан кейін Нариманның үйінің алдына келді. Бұлардың жанына көрші
үйдегі Берік пен Серік келді. Төртеуі ойнап-күліп жүріп, қызу еңбекке кірісті. Олардың
бұл істеріне үлкендер сүйсіне, қызыға қарайды.
– Алақай! Екі сағатта бәрін бітірдік! – деп айқайлады балалар. Осылайша, төрт дос күш
қосып, төрт үйдің алдын лезде-ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты – бірлік еді.
1. Қар шығаруға бірінші болып көмекке келген досы
A. Данияр
B. Серік
C. Нариман
D. Берік
2. Нариман мен Даниярға көмектесуге кімдер келді?
A. Нариман мен Алмас
B. Берік пен Серік
C. Жандос пен Ерік
D. Ерік пен Данияр
3. Мәтін мазмұнына сай келетін мақал
A. «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық»
B. «Еңбектің наны тәтті»
C. «Біріккен бітіреді, ұйымдасқан ұтады»
D. «Еңбек етсең, емерсің»
4. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас » деген мақалды осы мәтінге
қатыстырып, ой елегіне өткізе отырып, үш сөйлеммен аяқтап жазып көр.

___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________






Page 20




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
04.12.2024
189
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12