400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жазғы орман мен дала»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Тобы: «Балапан» ІI-кіші топ

Тәрбиеші: Магзомова И.М

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің:Сурет салу

Тақырыбы: «Жазғы орман мен дала»

Мақсаты: Орман мен дала түсінікті салыстырмалы түрде түсіндіру.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Бояу түстерімен еркін сурет салуға үйрету. Биік және аласа түсініктерін бекіту.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Жазғы табиғат бейнесі туралы әңгімелесу.

Қажетті көрнекі құралдар: суреттер, көрнекіліктер, қылқалам, акварель бояу

Билингвалдық компонент: Орман - лес

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы





Шаттық шеңбері

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан!


-Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан!

Балалар бірге қосылып айтады.

Іздену –ұйымдастырушы






























Тыныштық сәті (Музыка әуенімен)

-Балалар, бәріміз көзімізді жұмайық. Денемізді бос ұстап, өзімізді еркін етіп отырайық. Көз алдымызға кең даланы, жайқалған гүлдерді, биік-биік ағаштарды елестетейік. Солардың арасымен жәй басып өтіп бара жатырмыз. Жанымызда сарқырап аққан бұлақ көздің жауын алады. Қандай керемет ия, балалар!

-Ал, енді көзімізді ашайық. Өздеріңді қалай сезіндіңдер?


-Балалар, жазғы орман, табиғат керемет болады. Оның таза ауасына, ән салған құстарына ештеңе жетпейді.

Суретпен жұмыс

-Суретте нені көріп тұрмыз?

-Жайқалған далада не өсіп тұр?

-Ағаштардың түсі қандай екен?

-Балалар не істеп жүр?

-Жарайсыңдар, енді бір бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі.



-Балалар, алдымыздағы ақ бетке акварель бояумен суретті бояймыз. Ақ бетте табиғаттың бейнесі бейнеленген.



-Балалар тынышталып отырып, көз алдарына керемет даланы елестетеді.



-Балалар көздерін ашып, өздерін қалай сезінгендерін айтады.





-Әдемі табиғатты.

-Ағаштар өсіп тұр.

-Жасыл түсті.

-Далада, таза ауада ойнап жүр.



Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі.

-Балалар қимылмен жасайды.

-Балалар ақ беттегі суретті акварель бояумен қылқаламның көмегімен бояйды.

Рефлексиялық-қорытындылау

шы






-Балалар, бүгін біздер ненің суретін салдық?


-Ағаштардың түсі қандай болады екен?

-Ия, олар жайқалып, әдемі болып өседі екен.

-Жұмыстарымызды аяқтағандарымыз көрмеге қоямыз.

Мадақтау, марапаттау.

-Жазды даланың суретін салдық.

-Жасыл түсті.


-Балалар аяқтаған жұмыстарына қуанып, көрмеге қояды.


Күтілетін нәтиже:

Жаңғырта алады: Қылқаламмен және бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіру кезіндегі қолдың қимыл-қозғалысын дамыту.

Түсінеді: Жазғы дала мен орман бейнесін бейнелеуге үйрету.

Қолданады: Ұқыпты жұмыс істеуге үйрету, тиянақтылыққа тәрбиелеу.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі