400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жазғы сауықтыру. Гүлдер әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған орта, гүлдер туралы түсінік беру, қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, бөлме гүлдері мен дала гүлдерінің айырмашылығын түсіндіру. Тапсырмалар арқылы тілдерін дамытып, сөздік қорын байыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбиеші: Каусова Арайлым Абашкеновна

Уақыты: 19 маусым 2019 жыл.

Тақырыбы: Гүлдер әлеміне саяхат.

Мақсаты: Қоршаған орта, гүлдер туралы түсінік беру, қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, бөлме гүлдері мен дала гүлдерінің айырмашылығын түсіндіру. Тапсырмалар арқылы тілдерін дамытып, сөздік қорын байыту.Қағаздан гүл жасауды үйрету арқылы еске сақтау қабілетін арттыру. Гүлдерді күтіп – баптауға, әдемілікке, сұлулыққа деген сезімін ояту арқылы табиғатты қорғау білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері, бақылау,көрсету, түсіндіру,әңгімелеу, сергіту сәттері, ойын.

Көрнекілігі: Гүлдердің суреттері, бөлме гулдері, «Гүл шоғын құрастыру» дидактикалық ойын.

Билингвалдарсыңары. Гүлдер – цветы - flower.

Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр. Қане, бәріміз қонақтармен амандасып алайық.

- Көңіл күйіміз қалай?

- Жақсы

Шаттық шеңбері .

Табиғат біздің анамыз.

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз.

Біз әдепті баламыз.


- Балалар қазір жылдың қай мезгілі

- Жаз.

- Ауа – райы кайдай.

- Жылы.

- Балалар, табиғат нешеге бөлінеді?

- Екіге /өлі және тірі/

- Тірі табиғатқа нелер жатады?

- Өсімдік, адам, жануар.

- Өлі табиғатқа нелер жатады?

- Тас, тау, су.

Әтеш: Сәлеметсіңдер ме! Мен «Гүлдер әлемінен» келдім. Гүл ханшайымының сиқырлы гүлдерінің күлтелерін байқамай жұлып алдым. Мен ол гүлдерді анама сыйлайыншы дегем. Енді не істеймін, сол себептен көңіл күйім жоқ. Гүл ханшайымы ренжейтін болды.

Тәрбиеші: Әтеш, сен мұңайма, біз бір амалын табамыз.

Әтеш: Мен жұлып алған гүлдің күлтелері сиқырлы, егер сол күлтелердегі тапсырмаларды орындайтын болсақ, гүлдің күлтелері қалпына келеді. Балалар, маған көмектесіндерші!

Тәрбиеші: Балалар, әтешке көмектесеміз бе? Олай болса, «Гүлдер әлеміне» саяхатқа аттанайық. Балалар, ыңғайланып отырыңдар, көзімізді жұмамыз.

Кең даланың ауасы таза, құстар сайрап, су сылдырлап, самал жел ағаштың жапырақтарын тербейді. Әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр. Енді көзімізді ашайық.

Міне, балалар, «Гүлдер әлеміне» де келдік, бізді гүлдер қарсы алып жатыр, олар бізбен амандасып жатқандай. Міне, мына жерде гүлдің күлтелері жатыр.

Әтеш: Мен жұлып алған гүлдердің күлтелері ғой, егер тапсырмаларды орындасақ, гүл қалпына келеді.

Тапсырмаларды орындаймыз ба?

1-тапсырма: Жұмбақтың шешуін тап.

Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң сәні бұзылады.

Бұл не? /Гүл/.

2-тапсырма: Гүлдер туралы тақпақтар, - білесіңдер ме?


Амангелді Ақбота

Қызыл-жасыл, көк гүлдер,

Қайдан, қалай өстіңдер?

Не жейсіңдер, не ішіп,

Қанша жасқа жеттіңдер?

Серік Сырғалым

Гүлім, гүлім өсе бер,

Әдемі боп, асыл боп

Күндей жайнап кете бер,

Қызыл, сары, жасыл боп.

Медеухан Айару

Жақсылықты қолдаймыз,

Табиғатты қорғаймыз.

Тал егеміз бақтарға,

Айналасын қоршаймыз.

Ерланова Айзере

Гүлдер,гүлдер, шоқ гүлдер

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Тұра берші жайқалып.

Тұра берші нұрланып.

Есен Айару

Түрлі – түсті әйбат.

Гүлдер шықты жайнап.

Қызыл – жасыл аймақ.

Қырға шықты ойнап.


Балалар, жарайсыңдар! Шаршап қалмас үшін сергіту сәтін жасайық.


Сергітусәті.

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап демалып.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалған.


3-тапсырма: «Гүл шоғын құрастыру». (дидактикалық ойын).

Ойынның шарты бойынша балалар алдарында тұрған гүл күлтелерін алып гүл құрастырады.

4-тапсырма: «Қағазға гүл жабыстыра аласындар ма?»

Балалар біз қағаға гүл жабыстыра аламыз ба?

Гүлдерді үнемі күтіп баптау керек. Оны аяқпен таптап, босқа жұлуға болмайды. Қағаздан гүл жасап бір-бірімізге сыйлауға болады. Сонда біздің гүлдеріміз жайқалып, табиғатымызды әсемдеп тұрады. Гүл – табиғаттың әсем көрінісі. Адамдарға қуаныш пен бақыт сыйлайды.

Балалар, қағазға гүл жабыстырып түлкіге сыйлайық, ол анасына сыйласын.


Ғажайып сәт:

(Гүл ханшайымы келеді).

Гүл ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің әлемімде қайдан жүрсіндер?

Әтеш: Гүл ханшайымы, «Гүлдер әлеміне» балалардан көмек сұрап, мен ілестіріп келдім.

Өйткені мен сіздің сиқырлы гүлдеріңізді рұқсатсыз жұлып алдым. Мені кешіріңізші! Балалар маған көмектесті.

Гүл ханшайымы: Балалар, сендер менің сиқырлы гүлдерімнің тапсырмаларын орындадыңдар ма?

Балалар: Иә.

Гүл ханшайымы: Балалар, әтеш рұқсатсыз гүлді жұлып алғаны үшін бір жолға кешіреміз бе?

Балалар: Иә, кешіреміз.

Тәрбиеші: Гүлді жұлуға болмайды. Егер гүлді аналарыңа сыйлағылырың келсе, үлкендердің көмегімен жұлып немесе сатып алуға болады.

Әтеш: Гүл ханшайымы, балалар, сіздерге мені кешіргендеріңіз үшін рақмет, енді мен рұқсатсыз гүлдерді жұлмаймын.

Гүл ханшайымы: Балаларға рахмет, саған көмектесті. Менің әлеміме келіп, гүлдерімнің тапсырмаларын орындап, гүлдерімді қалпына келтіргендерің үшін мен сендерге " Қызыл гүлім - ай" әнін сыйға тартамын.


Балалармен бірге әтеш пен гүл ханшайымы шаттық шеңберге тұрады бірге қайталайды.


Қол ұстасып тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы.

Сау – саламат болайық.


Тәрбиеші: Балалар, біз «Гүлдер әлеміне» келіп гүлдерді тамашаладық, әдемілігіне қызыға қарадық. Бұл әдемілікке кімге рахмет айтуымыз керек?

- Табиғат-анаға.

Тәрбиеші:

- Балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

- Иә, ұнады.

- Біз неге көмектестік?

- Әтешке

- Біз қайда бардық?

- «Гүлдер әлеміне» саяхатқа.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 шілде
1729
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі