Пәні: әдебиеттік
оқу.
Сабақтың
тақырыбы: Жазғытұрым.
Мақсаты:
1.
«Жазғытұрым» өлеңінің
мазмұнын аша отырып, көктем
мезгіліндегі өзгерістерді сипаттау.
2.
Өлеңді
мәнерлеп
оқыта отырып, ой өрістерін
дамытуға, білімдерін кеңейтуге жағдай
жасау.
3. Табиғатты қорғауға, сүюге,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
Дәстүрлі.
Сабақтың
типі: жаңа сабақты
меңгерту.
Сабақтың
көрнекілігі: көктем
көрінісі бейнеленген
суреттер, I.Жансүгіров портреті,
сөзжұмбақ.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
Үй тапсырмасын
сұрау. Мұстафа Шоқай кім еді?
Мазмұнын сұрау.
Жаңа
сабақ.
1. Қызығушылықты
ояту.
Оқушыларды 4 топқа
бөлу.
1-топ - қыс, 2-топ — көктем,
3-топ - жаз, 4-топ - күз. Әр топ өз аты бойынша тақпақ, өлеңдер
айтады, әр мезгілдегі өзгерістерге
тоқталады.
Сұрақтар мен
тапсырма:
1. Қазір жылдың қай
мезгілі?
2. Көктем айларын
ата.
3. Көктемде табиғатта қандай
өзгерістер болады?
Көктем
Жер
қараяды.
Құстар
келеді.
Қар
ериді.
Күн
жылынады.
Жылғалардан су
ағады.
Көктемнен кейін қай мезгіл?
Мағынаны ашу.
-
Ілияс Жансүгіров кім?
-
Ақын.
-
Жансүгіров (1894-1938) Талдықорған облысы Ақсу
ауданында дүниеге келген.
Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Шығармалары:
«Құлагер»,
«Күй», «Күйші», «Дала» поэмалары, балаларға арналған өлеңдер,
т.б.
«Жазғытұрым» өлеңін мәнерлеп оқып
беру.
Жазғытұрым
Ой, балалар,
балалар!
Жылы – жылы жел
соқты,
Жылғалардан су
ақты.
Қаңқыл – қаңқыл қаз
кепті,
Жер қарайды – жаз
кепті.
Желкілдейді көк
майса.
Желіндейді мал
жайса.
Ауыл көшті
қыстаудан,
Әне, апамдар қой
сауған.
І.
Жансүгіров
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп
оқыту.
Сұрақтар мен
тапсырма:
Өлеңде жылдың қай мезгілі
суреттелген?
Мәтінде көктемгі өзгерістер
қалай суреттелген?
Жазғытұры, яғни жазғасалым
табиғаттың жаңарып, өзгеруі жайында
әңгімелету.
I. Ой
толғаныс.
1-топ көктем көрінісін
суреттеп жазады.
2-топ жазды
бейнелейді.
3-топ өлеңді мәнерлеп оқып,
мазмұнын айтады.
4-топжұмбақ
шешеді.
Қар
кетіп,
Қыр
көгерді.
Құс қиқуы
көбейді.
Жерге диқан дән
сеуіп,
Қорадан жас төл өрді.
(Көктем)
4. Үйге тапсырма
беру. «Жазғытұрым» өлеңін жаттап
келу.
Бағалау: