400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жазғытұрым" І. Жансүгiров.

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сынып ашық сабақ әдебиет пәні бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Оқу ісінің орынбасары: Н.Токин.

Күні:10.02.2016 ж

Пәні: Әдебиеттік оқу.


Сабақтың тақырыбы

І. Жансүгiров. Жазғытұрым.

Мақсаты






Сабақтың мақсаты: Жыл мезгілдері туралы мағлұмат беру.
Білімділігі: Ақын шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу.
Дамытушылығы: Өлеңнің мәтіні арқылы сөздік қорын байытуға , өз ойын қорытындылай алуға мүмкіндік ашу.
Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, ізгілікке, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Автор туралы мағұлмат алып, оны қолданады.Жыл мезгілдерін ажырата біледі, өлеңнің мазмұнын түсініп, мағынасын ашады. Өз ойларын еркін жеткізіп, шығармашылықпен жұмыс жасайды.Тапсырмаларды топтасып, жұптасып тату орындайды.Табиғатқа қамқор болып, оның тамаша тұстарын көре біледі.

Психологиялық ахуал

3 минут

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Топқа бөліну. Көктем, күз, қыс.

Көктем-күн мен түн теңеседі, құстар келеді, күн ыси бастайды,малдар төлдейді.

Күз –жапырақтар сарғаяды, құстар қайтады, күн суиды,жемістер піседі,сабақ басталады.

Қыс-қар жауады, мұз қатады, сырғанақ тебеді,күн қысқарады.

Топ ережесін еске түсіру.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге шаттық шеңберін орындайды.


Жыл мезгілдеріне байланысты топтасады.

Қызығушылықты ояту.

7 минут










Үй жұмысын тексеру.

Абай. «Жазғытұры»

Өлеңді әр топтан бір оқушы айтып береді.

-Көктем мезгіліне қатысты қазақ халқының ырымдарын айтып келу.

*Сәуір болмай-тәуір болмас.
*Ұлыс күні қар жауса, нұр жауады, келер жылы жақсы болады.
*Ұлыс күні күн сәулесін төгіп тұрса, сол жылы молшылық болады.
*Егер көктемнің алғашқы жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады.
*Көктем құйынды, дауылды болса, қыс аязды болады.
*21 наурызда күн мен түн теңеледі.
Күн ұзарып, түн қысқарады.

Жаңа сабақ.
а) Әр топ өз жыл мезгілдері туралы айтады. -Айтылмай қалған қай жыл мезгілі?
-Ендеше, балалар біз бүгін жаз мезгілі туралы айтылған «Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз.

ә) «Тұлғаны тану» Бұл кім? Ілияс Жансүгіров.

автордың өмірбаянымен танысу.
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы мамыр айында Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қызылтаң кеңшарында дүниеге келген.Қазақтың көрнекті ақыны дүниеге келген. Қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, ақын 1937 жылы жаламен ұсталып, нақақтан құрбан болды. Ілиястың «Құлагер», «Күй», «Күйші», «Дала» поэмалары бар.


-Өлеңде не туралы айтылады деп ойлайсыңдар? Плакатқа өз ойларын сызбамен түсіру.
б) Өлеңді мәнерлеп оқу.


Сергіту сәті. «12 мүше сөйлейді»


в) Оқушылармен сұхбат.
1.Өлеңде жылдың қай мезгілі жырлаған?
2. Өлеңде қандай жыл мезгілдерінің байланысы байқалады?
3.Мағынасы түсінексіз сөздерді тауып айт.

1. Өлеңде көктемнің қандай белгілері айтылған ?
2. Өлеңді қандай бөліктерге бөлер едің, ат қойып көр.

3.Мағынасы түсінексіз сөздерді тауып айт.

1. Құстар қандай күйге түседі?

2. Жазғытұры жан-жануарлар қандай күйге түседі?

3.Мағынасы түсінексіз сөзді тауып айт.


г)Дәптермен жұмыс.

-Мағынасы түсінексіз сөздердің астын сызып қой.

Жазғытұрым-көктем мен жаз мезгелінің байланысы.

Қыстау-қыста тұратын жылы мекен.

Күзеді –жылқының жал,құйрығын қиып,әдемілеу.

Қырқыпты-қойдың қалың жүнін алу.

Топпен жұмыс.
І-топ. Суретке қарай отырып, эссе жазу.
ІІ-топ. Сурет салу.
ІІІ-топ. Семантикалық карта толтыру.

Мағынаны тану.


3 минут




3 минут









5 минут




1 минут


3 минут












7 минут






Ой толғаныс

7 минут

Үйге тапсырма.

1 минут

Өлеңді жаттау.Табиғат құбылыстарына байланысты мақалдар жаттап келу.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Бағалау.

3 минут

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бір-бірінің бағаларын тыңдайды.Бағаларын күнделіктеріне қойдырады.

Кері байланыс

2 минут

Хат жазу. Бүгінгі сабақтың қалай өткендігі және не үйренгендіктерің туралы , тілектерің туралы ата-аналарыңа, ата-әжелеріңе, мұғалімдеріңе хат жазыңдар.

Парақшаларды алып хат жазады, оқиды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
626
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі