400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жазық фигуралар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ, мұғалімдерге тәжірибе алмасу үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

ДОІЖО _______________Боранбаева А.Қ. 31-сабақ

Пән: Математика

Сынып: 1 «Ә» -сынып

Күні: 14.10.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Абдиева А.С.

Сабақ тақырыбы

Жазық фигуралар

Оқыту мақсаттары

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік  фигураларды (куб,  шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Сабақ мақсаттары

Жазық және кеңістік фигураларды ажыратады, оларды қоршаған ортадағы заттармен салыстыра алады.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар: Фигуралар мен кеңістік фигураларын танып, ажыратып атайды.

Көптеген оқушылар: Жаңа ұғымдарды орынды қолдана алады, қоршаған орта заттарымен сәйкестендіреді.

Кейбір оқушылар: Фигуралардың өлшемдері туралы, кеңістік фигураларының беттерін біліп, өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийлері

1.Жазық және кеңістік фигураларын таниды, салады, атайды.

2.Қоршаған орта заттарымен салыстырады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларда бір-біріне деген құрмет көрсету қасиетін тәрбиелеу.

Тілдік мақсаттар

үшбұрыш;

дөңгелек;

шаршы;

тіктөртбұрыш;

жақ.

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



















Сабақтың ортасы

І. Психологиялық ахуал

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз!

Қайырлы күн, біз бақытты баламыз!

ІІ. Алдыңғы білімге оралу.

Қораптан геометриялық фигураларды алу арқылы топтың атын қою.

  1. – Бұл қандай фигура? Цилиндр, конус, шар, текше, пирамида деп топқа бөлінеді.

  2. ІІІ. «Артық фигура» ойыны.

  3. –Балалар, берілген фигуралардан артық фигураны ажыратып алайық.

  4. Shape2

  5. – Неге бұл фигура артық деп ойлайсыздар?

  6. Кеңістік фигура дегеніміз не? Бос кеңістігі бар, көлеңке түсіретін фигураны кеңістік фигура деп атайды.

  7. – Мына ( үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, сопақ, төртбұрыш) фигураларды тақтаға жапсыруға бола ма?

  8. –Бұлар нені білдіреді?

  9. – Бұлар кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы екенін білдіреді. Сондықтан бұларды жазық фигуралар деп атайды.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жазық фигураларды тану. Жазық фигуралар тақта, дәптер, қағаз сияқты бір жазықтықта жатады.

(Т) Тәжірибе жасау. «Кім жылдам?» ойыны.

Оқушыларға цилиндр, конус, пирамида, текше беріледі. Оқушыларға ақ қағазға сол фигуралардың бір жағын бастырып салу тапсырылады.

- Алдарыңыздағы кеңістік фигураны ақ қағазға жағын не қырын, табанын бастырып салыңыздар.

- Не пайда болды? Цилиндр –дөңгелек. Тік бұрышты параллелопипед- тіктөртбұрыш. Пирамида-үшбұрыш. Текше-шаршы пайда болады

Хормен қорытынды ереже: Жазық фигура кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы.

Дескриптор: Жазық фигура кеңістік фигураның бір жағынан пайда болатынын біледі.

(Т) «Алғырлар» ойыны. Қоршаған ортамен байланыстыру.

- Айналамызға қарайық, сандар қандай заттардың бетінде тұр?

Перде -1, шкаф – 2, картина – 3, алаша – 4, доп – 5.

Кеңістік фигуралар Жазық фигуралар

Shape10 Shape8 Shape9 Shape4 Shape5 Shape6 Shape11 Shape12 Shape7 Shape3



Тапсырма. Қайсысы кеңістік фигура, қайсысы жазық фигура екенін ажыратып, алдарыңыздағы торкөзге сандарын үлгідегідей етіп жазыңыздар.

Дескриптор: Қоршаған ортадағы заттарды жазық фигураға және кеңістік фигураға ұқсастығын біледі.

Тапсырма. Әр топта жемістердің суреттері берілген.

Жемістердің санның айту, сол санға анықтама беру және өрнек құрап, оқу.

- Жемістер нешеу және қандай фигураға ұқсайды.

Әр топ жемістер нешеу болса, сол санның анықтамасын «бес қадам» әдісі бойынша айту.

І-қадам: 10 натурал сан. Себебі, 1 және 0, екі цифрдан тұратын сандарды екі таңбалы сан деп атайды.

ІІ-қадам: Себебі, заттарды санауда, санын өрнектеуде қолданатын сандарды натурал сандар дейміз.

ІІІ-қадам: «1» натурал сандардың бірлігі.

ІҮ-қадам: Себебі, натурал сандар бірнеше бірліктен құралады.

Ү-қадам: 10 саны он бірліктен құралып тұр.

Қалғандары сол санға өрнек құрастыру.

Құрастырған өрнектерін оқыту. Қосу амалының анықтамасын айту.

Дәптермен жұмыс.

Кеңістік фигуралар, жазық фигуралар.


Сабақтың соңы












Бағалау

Қорытындылау:

Оқушыларға жазық фигураларды көрсете отырып, тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаймын:

—Жазық фигура дегеніміз не?

—Кеңістік фигураларды ата?

— Цилиндрдің табанын бастырып сызса, қандай фигура шығады?

— Егер параллелепипедтің жағын бастырып сызса, қандай фигура пайда болады?

—Шаршы алу үшін қандай фигураны бастырып сызу керек?

Рефлексия:

Оқушыларды жинаған смайлигі арқылы бағалау.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
 

Топтық жұмыс барысында өз бетінше фигураларды сызады,  жазық фигуралары мен кеңістік фигураларының айырмашылығын айтады

Оқушылар сабақ соңында:

жазық фигураларды;

әрбір фигураның өзгешелігін анықтауды;

жазық фигура кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы екенін біледі.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

 

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
586
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі