жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жазық фигуралар
|
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Талды ауылы Талды жалпы орта білім беру мектебі КММ Мұғалімнің аты-жөні: Иманбекова Динара Газизовна Бастауыш сынып мұғалімі |
|
|
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күні: Сынып: 1сынып |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақ тақырыбы |
Жазық фигуралар |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: жазық фигуралармен (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пи-рамида) ажыратады. Көптеген оқушылар: жазық фигуралармен (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пи-рамида) көрсетеді. Кейбір оқушылар: Фигураларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді. |
||||
|
Бағалау критерийлері |
-жазық фигуралармен (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) денелерін ажыратады -Геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын анықтайды. |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады. Оқушылар келесілерді орындай алады, заттардың жиынға белгілерге сай енуін түсіндіру және талқылау.
Жазық геометриялық фигуралар , екі өлшемді форма,үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік бұрыш Пәнге тән лексика мен терминология: түсіндіру, талқылау
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау Мұндай фигураларды қайда қолдаңдыңыз? Жазу Мектеп ауласынан көруге болатын жазық фигураларды тізіп шығыңыз. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Еңбек және шығармашылық
|
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, Көркем еңбек |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Үлкендердің көмегімен ермексаздан қандай да бір жазық фигура жасап әкелу. |
||||
|
Бастапқы білім |
Кеңістік фигуралар 1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы
|
Сабақ басында: Ширату жаттығу «Үлпілдек» ширату жаттығуы Әрбір балаға кішкентай мақта таратылады, ол мақтаны көпсітіп, жеңіл әрі үлпілдек етіп жасайды. Белгіден кейін бала өзінің «үлпілдегін» ауада құлап кетпейтіндей ұзақ үрлеп жүреді, бірақ қолдың көмегін пайдаланбайды. Егер кімнің «үлпілдегі» ауада ұзақ ұсталса сол бала жеңіске жетеді
Сабақтың тақырыбын мақсатын айту Оқушыларға “жазық фигуралар” ұғымын кеңіс-тік фигуралары жақтарының көмегімен түсіндіру. Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш секілді жазық фигуралармен танысу және бір-бірінен ажырата білу.
Тірек сөздер үш тілде: Үшбұрыш Тіктөртбұрыш Дөңгелек
1-тапсырма (Тыңдалым-Айтылым) (С) Қане, тапшы: бұл кім? Оның үйі қайда? Тапсырма сипаттамасына сүйене отырып, бірдей фигураларды таба білу дағдыларын дамытуға бағытталған. “Суретте қандай геометриялық фигуралар бейнеленген?” деп сұраймын. Қабілеті жоғары оқушыға, фигуралардың сөздерін дауыстатып оқытамын.
|
Мақта Интер белсенді тақта |
|||
|
Сабақтың ортасы |
2-тапсырма (Т-А), (Жазылым) (С) Орындап көр. Берілген тапсырмада оқушыларға айналасын зерттей отырып, пішіні жазық фигуралар болатын немесе ізі жазық фигураның пішінін елестететін заттарды табуды ұсынамын. Қабілеті төмен оқушыға ресурс арқылы қолдау көрсетемін. Сергіту жаттығуы. 3-тапсырма Қалыптастырушы бағалау. (Тыңдалым-Айтылым), (Жазылым) (С) Жазық фигураларды қызыл түспен, ал кеңістік фигураларды көк түспен бояу және фигураларды атау. Қабілеті төмен оқушыға диалог арқылы қолдау көрсетемін. |
Геометриялықфигуралар, бояу қарын дашта ры |
|||
|
Сабақтың соңы |
4-тапсырма. (Тыңдалым-айтылым) (С) Музыканы қосып, геометриялық фигуралармен ойнатамын. Музыка ойнап тұрған кезде оқушылар фигураларды бір-біріне беріп отырады. Музыка тоқтаған кезде фигура кімнің қолында қалса, сол оқушы фигураның атын айтуы керек. Рефлексия: Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Геометриялық фигуралар музыка |
|||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
|
1-тапсырма Қабілеті жоғары оқушыға, фигуралардың сөздерін дауыстатып оқытамын. 2-тапсырма Қабілеті төмен оқушыға ресурс арқылы қолдау көрсетемін. 3-тапсырма Қабілеті төмен оқушыға диалог арқылы қолдау көрсетемін.
|
Дескриптор: -Жазық фигураларды табады және қызыл түспен бояйды. - Кеңістіктік денелерді анықтайды және көк түспен бояйды. |
Сергіту жаттығуы Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық Алға қарай озбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. |
|||
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Қыс»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай шығармаларын оқып үйренуге баулу. Бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейтуге көмектесу.
Дамытушылығы. Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, іздену, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі. Туған жер табиғатын сүюге және қорғауға, ұқыптылыққа, тапқырлық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Интербелсенді тақта, призентация,
Сабақтың түрі: дамытушылық, жаңа білім беру.
Сабақтың әдістері: Қарлы кесек әдісі, галереяға саяхат, сұрақ- жауап, тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, ой қозғау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды 2 топқа қар қиыршықтары арқылы бөліп отырғызу.
1-топ қар
2-топ қыс
ІІ. Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң!
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Ал қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме апайлар!
ІІІ. Өткен тақырыпты «қарлы кесек» әдісімен қайталау.
1.Қазақ елі тәуелсіздігін қашан алды?
2.Желтоқсан қаһармандарын ата? Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанқызы, Қайрат Рысқұлбеков
3.Қайраттың ата-анасының есімдерін ата. Әкесі Ноғайбай, анасы Дәметкен.
4.Азаттық жолында әңгімесі кім туралы? Тоқаш
5.Б.Майлиннің қандай әңгімесін оқыдыңдар ? Күлпаш
6.Алмас қылышты ардагер кім ? Бөгенбай
7.Рейхстагқа ту тіккен кім ? Рақымжан
8.Алғаш қазақ жасағын құрған кім ? Қабанбай
9.Жәңгір ханның әскеріне қарсы күрескен батыр, ақын ? Махамбет
10 Батыр Бауыржан мәтініндегі оқиға қай жылы болған? 1941 жылы
11. Тозған шапаның иығына жамылып, абақты қараушысының соңынан ерді. Бұл кім еді? Тоқаш
«Халық жауы» деген жаламен атылған кім? Сәкен Сейфуллин
12. Әлияның Молдағұлова кім? Оқу озаты үздік мерген, батыр.
13. Түрік елінде Қажымұқанмен күрескен кім? Түріктің балуаны Нұрлы.
Жарайсыңдар, балалар біз «Ата-бабам тарихы – менің тарихым атты бөлімін аяқтадық. Осы бөлімнен оқыған мәтіндер арқылы халқымыздың басынан қандай кезеңдерді өткізгендерін білдіңдер?
ІV. Жаңа сабақты бастар алдында «Галереяны шарлау» әдісі бойынша
жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1.Жауып тұрған қарды бақыладыңдар ма?
2.Қар жауған соң айнала қалай өзгереді?
3.Қыста дала қандай болады?
4.Жатқан қарды неге ұқсатар едіңдер?
Ү. Жаңа сабақ
«Туған жерге қыс келді» тарауындағы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Қыс» атты өлеңімен танысамыз
Ой қозғау.
Абай Құнанбаев кім?
Топтастыру.
Ұлы ақын, ағартушы, ойшыл, сазгер, табиғат суретшісі, аудармашы.
Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында Шыңғыс тауында (бұрынғы Семей облысында ) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен сүйді. Абай небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді.
Олай болса, балалар, біз Абай атамыз туралы білетінімізді байқадық.. Абай атамызды бүкіл әлем таныды дедік, енді Абай атамызды бүкіл әлемге танытқан жазушы туралы кім біледі? Абай атамызды танытқан жазушы Мұхтар Әуезов.
Қандай шығармасы арқылы?
«Абай жолы» романы арқылы.
Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
Дұрыс, балалар,енді сабағымызды әрі қарай Абайдың «Қыс » өлеңімен сабақтастырайық.Қазір осы өлеңді сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
ҮІ. Оқулықпен жұмыс.
Әр топтан оқушылар оқиды.
ҮІІ. Сөздік жұмыс.
Соқыр- мылқау -түк көрмейтін.
Оқшырайтып – бір шекесіне сәндеп қию.
Шидем – жұқа тоқылған сырт киім.
Ұлпа –жеңіл, жұқа қар.
Бұрқ -сарқ-қатты дауыл, боран.
Алты қанат ақ орда-алты керегелі үлкен үй.
ҮІІІ. Сергіту сәті.
ХІ. Өлеңнің ішкі мәнін сұрақ- жауап арқылы ашу.
1.Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға,кәрі шалға)
2.Шалдың киімдері қандай? (ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)
3.Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар,қатқан мұз)
4.Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (Аяз атаға)
5.Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр,мылқау адам сияқты)
6.Соқыр мылқау дейтін себебі не ? (Ол ештеңені көрмейді,аямайды,бәрін тоңдырады)
7.Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады)
8.Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер ? (Қатал, ашулы адамның түсі суық болады).
Толықтыру .
Ақын қысты жанды адам бейнесіндей суреттеген. Бұл Абайдың жаңалығы, себебі Абайға дейін ешбір ақын табиғатты жанды нәрсеге теңемеген.Абай атамыз қыстың қатты болатынын, үскірік аязды қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсеткен.Мал баққан қазақ даласының тіршілігі мен бейнесін суреттеген.
Х. Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.
1-топ. «Қыс қызығы» тақырыбына эссе жазу
2- топ. Өлеңді аяқтап жазу.
...............................даламыз
............................... баламыз
................................ шанамыз
................................. боламыз
ХІ.Ізденушілік әдісі.
Абай суреттеген адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеген сөзді тауып дәптерге жазу.
ХІІ. Топтық жұмыс.
1-топ «қыс қызығы» сурет салу
2-топ аққала құрастыру. Жұмбақ жасыру.
-
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
2.Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып. (аяз)
3.Отқа жаңбас,суға батпас (мұз)
4.Қыста бар да, жазда жоқ. (қар)
5.Қанаты жоқ –ұшады.
Аяғы жоқ – желеді.
Аузы жоқ ұлиды. (боран)
6. . Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр- қатты-ақ.(мұз)
ХІІІ.«РАФТ» қоқысқа сөз тастау
Тақтада берілген сөздердің ішінен мәтінге тиісті емес сөздерді қоқысқа тастаймыз
Үсті- бас ақ қырау, түсі суық,
жайқала өскен бәйшешектер,
бұлттай қасы жауып екі көзін,
балалар күні бойы далада ойнайды,
айнала көкпеңбек,
беті-қолы домбығып үсік шалды,
шидем киген малшы теріс айналды,
күн ыстық.
ХІҮ. Бағалау
«Бес саусақ» әдісі
ХVІ. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау.115 бет
7




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген