жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
“Жазықтық бұрыштарды теодолитпен өлшеу”
Ашық сабақ
Тақырыбы: “Жазықтық бұрыштарды
теодолитпен өлшеу”
Орындаған:Назарова Ш.Е.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік мақсаты:
Теодолит аспабымен жазық бұрыштарды өлшеу қағидаларымен таныстыру.
ә) дамытушылық мақсаты: Білім алушыларға теодолиттің құрылысын және қолдану тәсілін мамандыққа еген қызығушылығын арттыру, іскерлік қабілетін қалыптастыру, жұмыс кезінде кәсіби шеберліктерін дамыту.
б) тәрбиелік мақсаты: шеберлікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу.
Сабақтың көрнектілігі: плакаттар, слайд, т.б. көрнекіліктер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ ( сарамандық және теориялық)
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Шығармашылық жұмыс, түсіндіру, сұрақ – жауап, талқылау, бағалау.
Пысықтау сұрақтары:
1. Дайындық жұмыстары неден тұрады?
2. Өлшеу және өлшеудің түрлері
3. Жоғары геодезияға анықтама?
4. Красовский элипсойды қай жылы қолданылды?
5. Геоид,референц – элипсоид деген не?
Дайындыққа 3минут, жауап беруге 1 минут, барлығы 7минут.
Тақырыбы:“ Жазық бұрыштарды теодолитпен өлшеу”
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3.Жаңа сабақты меңгеру:
4.Бейне таспа көрсетіледі.
5.Сабақты пысықтау.
6.Студенттерді бағалау.
7.Үйге тапсырма.
Теодолит
Теодолит – жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш өлшйтін гедезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі – вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) – шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша үлкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы.
Теодолиттердегі горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне байланысты 3түрге бөлуге болады
1және2 класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштырды өлшеуге арналған жоғарыдағы дәлдікті Т1 теодолиті.
Дәл теодолит Т2-3- және 4-класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған Т5-1-және 2-разрядтық трангулациялық жүйелер мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеу және жер бетіндегі маркшейдерлік жұмыстарды жургізу үшін қолданады.
Техникалық Т15,Т30 және Т60-теодолиттік және тахеометриялық жүрістерде және түсіргі жүйелерінде, сондай – ақ жер бетіндегі және жерасты қазбаларындығы
Т1 теодолит Т5 Теодолит
Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер үш топқа бөлінеді:
1) Бағалау мироскобы;
2) Шкалалы микроскоп;
3) Оптикалық микрометрлер;
Негізгі бөлшектері мен олардың қызметі
Көлденең және тік шеңбер – көлденең және тік бұрыштарды өлшеу үшін. Құрылымы: лимба - 0г-тан 360г – қа дейінгі бөліктері мен шеңбер, алидада – есеп алу құрылғыларының элементтері орналасқан аспап бөлігі.
Дүрбі – нысаны нысаналау және көлденең шеңбердің жазықтығына өлшенетін бұрыш жақтарын жобалау үшін.
Цилиндрлік деңгей – аспап осьтерін тіктеуіш жағдайына келтіру және жұмыс барысында осы жағдайдың қалыпты болуын бақылау үшін
Тұғырық – үш көтергіш винттері бар тұғыр.
1 – гейм «Сен маған, мен саған»
2 топ бір – біріне 2 сұрақтан қояды.
Барлығы 4 минут.
1 – гейм « Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
Бөлек – бөлек карточкаларға жазылады
1. Фототопографиялық түсірістің мәні, ерекшеліктері?
2. Дайындық жұмыстары неден тұрады?
3. Теодолиттің негізгі бөліктерін атаңыз.
4. Нивелер және оның құрылысы.
5. Ұзындықты өлшейтін аспаптар.
6. Теодолиттік түсірістің планын қалай жасалады?
7. Теодолитті нүкте үстіне қалай орнатады?
8. Теодолит және оның құрылысы қолданылуы.
9. Невилер түрлері. Атқаратын қызметі.
10.Геодезия пәнінің маңыз және атқаратын міндеттері.
11. Нүктелердің салыстырмалы биіктігі...
Дайындыққа 2 минут, жауап беруге 1 минут.
Теодолиттен есеп алу құрылғылары
Теодолиттен есеп алу дегеніміз – лимб нөлдік штрихымен есептеу индексі арасындағы доғаның мәнін анықтау. Есеп индекстері микроскоп ішіндегі шыны пластинкаларға сызылған.
Жалпы геодезия, солардың ішіндегі тек техникалық теодолиттерде кездесетін екі түрі – бағалау микроскобы мен шкалалы микроскоптар оқып үйретіледі.
2 – суретте Т30 және 2Т30 теодолит микроскоптарының көз жетерлері көрсетілген.ТЗО теодолитінде есеп бір индекс штрих арқылы бағаланып алынады.Бұлай есептеу әдісі неғұрлым қарапайым және мейлінше кіші аралықтың ондық үлестерін бағалауға мүмкіндік береді.
Микроскоптың көз жетерінде(2,а-сурет) ввертикаль (үстінде В-әрпі-мен) және горизонталь ( астында Г әрпімен ) дөңгелектердің кескіндері көрініп тұрады. Екі дөңгелектің де бағалау бөліктері 10-қа тең. Есептеулердегі қозғалмайтын индекс арқылы бөліктердің ондық үлесін көзбен бағалау арқылы жүргізеді.2, а-суретте вертикаль дөңгелектегі есеп 358 48 –қа , ал горизонталь дөңлектегі есептеу 70 05-қа тең.
Қазіргі уақытта ТЗО теодолитті жаңа моделі 2ТЗО теодолитімен ауыстырылған, ол негізі теодолиттен горизонталь және вертикаль дөңгелектер шкаласының бағалау бөлігі 5-тік шкалалық микроскоптың қолданылуымен ерекшеленеді .Есептеулер бұл кезде шкала бөлігінің ондық үлесіне дейінгі дәлдікпен 0,5-қа дейін жүргізіледі.2, ә-суретте горизонталь дөңгелектегі есеп 125 06 –қа, ал вертикаль шкаласындағы есеп-0 26-қа тең. Вертикаль дөңгелек шкаласының таңбалары
( + ) және ( - ) екі қатар цифрлары болады. Шкаланың таңбасы плюс лифб штрихы қиып өтсе, шкала жазулары солдан оңға қарай өседі. Егер лимб штрихының таңбасы минус болса, онда шкаланың төменгі жазулары оңнан солға қарай өсетін цифрлар қолданылады. Осылайша вертикаль дөңгелектей есеп -0 26 тең болып тұр.
Қорытынды нұсқау:
Сабақты қорытындылау.
Жаттығу жұмыстарының орындалу сапасына қарай және студенттердің өткен сабақ материалдарын игерулері бойынша білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру:
Жазық бұрыштарды теодолитпен өлшеп келу.
Аспапты қалыпты жағдайға келтіру.
Жазық бұрышты қайталау әдісімен өлшеу
Қолданылған әдебиеттер:
1.Нурпейсова М.Б., Рысбеков Қ.Б. «Геодезиялық өлшеулер және өлшеу нәтижелерін өңдеу»
Алматы: КазҰТУ, 1997ж. 50б.
2.Фельдман В.Д. Михелев Д.Ш. «Основы инженерной геодезии» М.; Высш.школа 2001ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген