жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жазықтыққа белгі салу
Ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жазықтықта белгі салу.Белгі сызықтарын кернеу.
Сабақтың біліктілік мақсаты: Білім алушыларға белгі салу құралдарының көмегімен (сызғыш,бұрыштама,циркуль,т.б) дайындама металл бетіне белгі салу және оны кернеу жұмыс әдістерін көрсету,үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушыларды таңдаған мамандықты игеруге ұмтылдыру,ынтасын арттыру.Белгі салу жаттығуларын орындауларын ұйымдастыру.Алғашқы дағды-қабілеттерін қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды жаттығу жұмысын орындау барысында техника және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Ұқыптылықпен жұмыс жүргізуге,тиянақты болып,ұжымда өзара сыйласуға ұмтылдыру.
Пәнаралық байланыс: Сызу,геометрия,материалтану,слесарь ісі,техника қауіпсіздігі.
Сабақтықтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Техника қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы плакаттар. «жазықтықта белгі салу». Белгі сызықтарын кернеу.Технологиялық нұсқау карталарын,металл дайындамалары,темір сызғыштар,бұрыш өлшеуіштер,чертикалар,кернерлер,балға түрлері т.б.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.
2.Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру.
3.Құрал-жабдықтардың сабаққа жарамдылығын тексеру.
2. Кіріспе нұсқау кезеңі:
2.1 Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2.2 Білім алушылардың техника қауіпсіздігі,еңбек ережелері туралы білім деңгейлерін пысықтау.
Топ білімгерлерін екіге бөліп,облысымыздың мақтанышына айналған атақты компаниясының аттарын береміз: «КазГермұнай» Осы компанияның қызметкерлері,яғни сіздер бір холдингтің акцияларына ие болу үшін мына сұрақтарға жауап бересіздер.
-Адам өмірін сақтау дегенді қалай түсінесіздер?
- Еңбек және техника қауіпсіздігі ережелері қандай сатылардан құралады ?
- Шеберханада қандай ережелер сақталуы тиіс ?
- Слесарь-сантехниктер қандай жұмыстар атқарады?
- Слесарь мамандары қандай құралдармен жұмыс істейді ?
- Қандай техника қауіпсіздігін сақтауымыз қажет ?
2.3.Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша нұсқау беру:
( Жазықтықта белгі салу.Белгі сызықтарын кернеу.Слаид көрсету.
Металл бетіне белгі салудың мәні мен мақсаты:
-ТҚ ережелерін еске түсіру,пысықтау.
- Аспаптар түрлері,олардың қолданылуы.
- Белгі салу аспаптары (аспап түрі,маркасы,сипаттамасы,құрылымы)
-чертикалар
- сызғыштар,түрлері
- бұрыш өлшеуіштер
- кернерлер
- балғалар
Белгі салу жұмысына дайындық
-верстактар
-металды тексеру әдістері
-металл дайындама әзірлеу
Белгі салу жұмысына қажетті құрал-саймандар:
- Белгі салу аспаптарының жұмысқа жарамдылығы
- Белгі салу және кернеу жұмысы әдісін көрсету
- белгіні металға чертилкамен салу әдісі
- белгіні кердеу тәсілі,мақсаты
Белгі салу жұмысының жарамсыз болу себептері
Ақаулардың пайда болуы және олардың алдын алу жолдары
Техника қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру:
2.4. Кіріспе нұсқауды пысықтау:
«Ой және ойын» бағдарламасы элементтерін пайдаланып, логикалық тізбек бойынша бүгінгі сабақ материалын пысықтаймыз:
Ыммен түсіндірілген жұмыс атауын немесе құрал атауын табу керек:
Р.с. |
Құралдар |
Жұмыстар |
1 |
Дайындама |
Өзін дайындау |
2 |
Сызғыш |
Жұмыс орнын әзірлеу |
3 |
Щетка |
Жұмыс құралын тексеру |
4 |
Чертилка |
Өлшем түсіру |
5 |
Балға |
Белгі салу |
Слайд: Тест
Белгі салу дегеніміз не?
Белгі салу жұмыстарына қандай құралдар керек?
База дегеніміз не?
Белгі салу операциясының жүру процесі?
Белгі салу процесінде қандай техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
Белгі салу жұмысының мақсаты қандай?
Белгі салу жұмысының жарамсыз болу себептері?
Кернер дегеніміз не?
Кернердің түрлері?
Кернердің құрылысы?
Сабақты ауызша пысықтау:
Сабақта қандай мәселе болды?
Қандай жаңалықпен таныстыңдар?
Жазық бетке белгі салу дегеніміз не?
Белгі салу жұмысында қандай құрал – саймандарды пайдаланады?
Белгі салу жұмысына қандай дайындық жұмысын жасаймыз?
Дайындама металдың жарамдылығы қалай тексеріледі?
Жұмыс барысында қандай еңбек және техника қауіпсіздігі ережелері сақталуы тиіс?
3. Құрал- жабдықтарды пайдаланып, жаттығу жұмыстарын көрсету: 9.20-9.40
Жазық бетке белгі салу және керндеу құрал- жабдықтарын дайындау.
Жазыққа белгі салу және керндеу жұмысының әдіс- тәсілін көрсету.
Технологиялық нұсқау карталарын тарату.
4 . Ағымдық нұсқау:
Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу.
Білім алушларды тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.
Білім алушыларға тапсырмаларды бөліп беру.
1 – аралау: Жұмыс орынының дұрыс ұйымдастырылуын, тазалығын және жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.
2 – аралау: Технологиялық жұмыс карталары бойынша жұмыс жүргізулерін бақылау.
3 – аралау: Жұмыс процесінің жүруін, құралдарды дұрыс, ережеге сай ұстай білулерін, білім алушылардың іс- қимылдарын тексеру.
4 – аралау: Жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау.
5 – аралау: Қателіктер жіберген білім алушыларға ескертулер жасап, қосымша нұсқаулар беру.
6 – аралау: Орындалған жұмыстарды тексеру, қабылдау, бағалау.
7 – аралау: Жұмысты аяқтау, жұмыс орнын жинастыру, құрал- саймандарды тазалап, орындалуына салу. Шеберхана ішін тазалау, верстактарды сүрту.
Жұмыс киімдерін ауыстыру.
4 . Қорытынды нұсқау:
Сабақты қорытындылау: Білім алушылардың жаттығу орындауларын сараптап, қорытындылау.
Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жұмыс істеу дағды- қабілетіне қарай білім алушылардың еңбектерін, білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру: Техника қауіпсіздігі ережелерін пысықтау. Қаңылтыр металл бетіне шеңбер, үшбұрыш және төртбұрыш геометриялық фигуралар сызбасын белгілеу.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің
мөлшерін тағайындау,есептеу (айқындау),
қайта есептеу, сондай-ақ оларды жүзеге асыру
қағидаларына
6-қосымша
Оқу орнының
бұрыштама мөртабаны
берілген күні,шығ.№
Анықтама
Азамат____________________________________________________________
(білім алушының Т,А,Ә, туған жылын көрсете отырып)
ол шын мәнінде ___________________________________________________
(оқу орнының толық атауы)
№120 15109 27.08.2012ж.
(білім беру қызметінжүзеге асыруға құқық беретін лицензияның №,
берілген күні және қолданылуы мерзімі көрсетілсін)
________________ сыныбы,курсы,оқу нысаны ________________________
Анықтама_______________________________________ оқу жылына жарамды.
Анықтама әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығына
__________________________________ бөлімшесіне ұсыну үшін берілді.
Оқу орнындағы оқу мерзімі ________ жыл
Оқу кезеңі _______ж. «______» __________нан (-нен)_______ж. «______»дейін
_________________________________ Ескертпе анықтама 1жылға жарамды.
Білім алушы оқу орнынан шығарылған немесе сырттай оқу нысанына ауысқан жағдайларда, оқу орнының басшысы әлеуметтік төлемді алушының тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының бөлімшесіне хабардар етеді.
Оқу орнының мөрі
басылатын орын.
Оқу орнының басшысы: Бейімбетов Қ.Б _________
(Т.А.Ә) (қолы)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген