жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жеке бағдарлы дамыта оқыту( И.С Якиманская)
Авторы: Жакипова Ақтолқын Маратовна
Жеке бағдарлы дамыта оқытудың ерекшеліктерін, маңыздылығын тану.
САБАҚ ЖОСПАРЫ |
|||||||
Курс: |
|
Тобы:
|
|
Сабақ |
|
||
Мамандық, біліктілігі: |
Мамандығы: 0105000, «Бастауыш білім беру» Біліктілігі: 0105013, «Бастауыш білім беру мұғалімі» |
||||||
Пәні |
Жаңа педагогикалық технологиялар |
||||||
Модуль атауы: |
2 бөлім. Оқыту және тәрбиелеу технологиясы |
||||||
Сабақ тақырыбы: |
Жеке бағдарлы дамыта оқыту( И.С Якиманская) |
||||||
Мерзімі:
|
|
Өту ұзақтығы: |
2 сағат (90 мин) |
||||
Өту орны: |
№ |
||||||
Сабақ мақсаты: |
Жеке бағдарлы дамыта оқытудың ерекшеліктерін, маңыздылығын тану. Тәжірибеде қолдана білуге үйрену |
||||||
Сабақтың міндеттері: |
Кәсіби сараптап ойлауды, байқағыштықты, зейінділікті дамыту |
||||||
Күтілетін нәтиже: |
Оқушылар:
|
||||||
Сабақ типі: |
Аралас |
||||||
Сабақ өту әдіс-тәсілдері, қолданылатын педагогикалық технология: |
|||||||
сұрақ-жауап, ойбөліс, дәлелдеу, проблемалық, ізденушілік., ұжымдық, топтық, зерттеушілік, талдау; СТО технологиясы |
|||||||
Қажетті көрнекі құралдар, ОТҚ: |
тірек конспектілер, концептуалдық кесте
|
||||||
Қолданыла-тын әдебиет-тер: |
Негізгі: Жаңа педагогикалық технологиялар, 1, 2 кітап, –Алматы, 2009.
Қосымша: Селевко, Современные образовательные технологии, М, 1998 |
||||||
Оқытушы туралы мәлімет: |
|||||||
А/Ж/Т.: |
Тел.: E-mail:
|
||||||
|
||||
САБАҚТЫҢ КОНСПЕКТ - ЖОСПАРЫ
|
||||
Сабақ барысы |
Уақыты (минуты) |
Оқытушының іс-әрекеті |
Білім алушының іс-әрекеті |
Оқыту ресурстары және материалда-ры |
1.Ұйымдастыру кезеңі |
3-5 мин |
сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын хабарлау |
Білім алушылар сабаққа даярлық жасайды |
|
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру |
15-20 мин |
Үй тапсырмасын сұрау, тексеру |
Білім алушылар сұрақтарға ауызша жауап береді |
Оқулықтар мен тірек – конспекті-лер |
3. Негізгі кезеңдегі іс-әрекетке білім алушыларды дайындау |
3 мин |
Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқушылар алдында тұрған мәселелерді хабарлайды. Жаңа сабақтың жоспарымен таныстырады. |
Жаңа сабақтың жоспары және орындалуымен танысады.
|
Оқытушы жоспары, оқулықтар |
4. Жаңа білім мен қызметті қалыптастыру |
30 мин |
Оқытушы жаңа сабақты түсіндіреді |
Білім алушылар тыңдайды |
Оқулықтар мен тірек – конспекті-лер |
5. Берілген материалды түсінуді алғашқы тексеру |
10 мин |
Оқытушы жаңа сабақтың орындалуын тексереді. Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ арқылы жауап алады.. |
Білім алушылар берілген сұрақтарға жауап береді. |
Оқулықтар мен тірек – конспекті-лер |
6. Алған білімдерін іс-әрекетте қолдану. Білімдерін тексеру және өзін-өзі тексеру іс-әрекеттері |
15 мин |
Жаңа тақырыпқа байланысты білім алушыларға өзіндік ізденіс жұмыс-тарын береді. ІІІ топқа бөлу арқылы оқулықпен жұмыс жасату, топты бақылау |
Жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгереді, талдайды, пікір алмасады және өз пікірлерін ортаға салады. |
Оқулықтар мен тірек – конспекті-лер |
7. Үй тапсырманы хабарлау. Сабақты қорытындылау және рефлексия |
5 - 7 мин. |
ІІІ топ «Смайликтер» арқылы сабақты қорыту
|
Білім алушылар үйге берілген тапсырманы жазып алады.«Смайликтер» әдісі бойынша бүгінгі сабақта ең құнды қандай мәселе не болғанын дәптерлеріне осы сұрақ төңірегінде өз жауаптарын жазады.
|
Оқулықтар мен тірек – конспекті лер
|
Сабақтың барысы мен мазмұны:
1.Ұйымдастыру кезеңі. 3-5 мин.(сәлемдесу, түгелдеу, студенттердің зейінін сабаққа аудару)
2.Сабақтың мақсатын хабарлау: Жеке бағдарлы дамыта оқыту туралы теориялық және практикалық мәселелерді ашып көрсету және түсіндіру
3.Үй тапсырмасын тексеру. 15-20мин.
Дамыта оқытудың негізін салушылар
Дамыта оқыту ұстанымдары
Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру
Дамыта оқыту технологиясы негізінде сабақ жоспарын құру
4. Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқушылар алдында тұрған мәселелерді хабарлау
Сабақтың жүргізу барысы, 50-55 мин.
Жоспар:
І. Теориялық кезең.
Қарастырылатын мәселелер:
Тұлғалық-бағдарланған оқыту жүйесі әрбір оқушыға өз қабілеттіліктері мен қажеттіліктеріне сай меншікті қарқынмен оқу мүмкіндігін бере отырып, қол жеткізген танымдық даму деңгейіне ғана бағдарламайды, сонымен бірге оның бар мүмкіндіктерінен жоғарырақ талаптар қоя отырып, оқушының жеке таяу даму аймағына сай оқытуды тұрақты жүргізу мүмкіндігін береді. Демек, мұндай жүйе оқу іс-әрекеті үшін жаңа жағдайлар жасайды, оқушы тұлғасын оның таяу жатқан даму аймағын ескере отырып, дамытуға оң әсер етеді[9]. И.С.Якиманская тұжырымдауы бойынша «Тұлғалық-бағдарлы оқыту – бала тұлғасын басты деп қарап, оның өзіндік болмысы, өзіндік құндылығы, субъекттік тәжірибесін ең алдымен ашып алып, онан соң оны білім беру мазмұнымен сәйкестендіру жүретін оқыту» деп анықталады [31]. 17 Тұлғаға бағдарланған білім беру қажеттілігін В.В.Давыдов, В.И.Загвязинский, В.В.Краевский, И.С.Якиманская және т.б. негіздеді; ал оқытудың тұлғалық-дамыту функциялары Н.В.Бочкина, З.И.Васильева, Т.И.Мальковская, А.П.Тряпицина еңбектерінде зерттелді. Тұлғалық-бағдарлы білім берудің қазіргі негізінде А.Д.Алферов, Е.В.Бондаревская, Г.Ф.Кириллова, А.И.Кочетов, Г.И.Щукина және т.б. зерттеушілер еңбектеріндегі идеялар жатыр. Индивидтің тұлғалық деңгейін дамытуды оқытудың арнайы функциясы ретінде В.В.Сериков тұжырымдамасында қарастырылды. Оның тұжырымдауы бойынша білім беру мақсаты білім беру үдерісі субъектілерінің толыққанды байқатуы және олардың тұлғалық функцияларын дамыту үшін қажетті жағдайларды жасау деп анықталды. Тұлғалық-бағдарлы білім беру жүйе ретінде индивидтің тұлғалық функцияларын жандандыру және дамыту сияқты мазмұны білім беру стандарты оқушының тұлғалық тәжірибесімен астасып жататын, технологиялары тұлғалық функциялар мен тұлғаның өзін-өзі реттеуінің тұлғалық деңгейін қамтамасыз ететін ерекше мақсаттарды негіздейді. Тұлғалық амал технологиялары арнайы білімдік мүмкіндіктерге ие бола отырып, дүниеге деген құндылық қатынастар тәжірибесін меңгеруді, оқу үдерісіндегі оқушының субъекттік позициясын, оның тұлғалық өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді.
Тұлғалық-бағдарлы оқыту нәтижесінде қалыптасатын оқушы тұлғасы моделі: -проблемалық ситуациядан шығу жолын өз бетінше таба алатын, шығармашылық ізденістік іс-әрекетті жүзеге асыра алатын тұлға; -әлемдік қоғамдастыққа үйлесімді ене алатын және мәдениеттер диалогын жүзеге асыруға қабілетті, жан-жақты интеллектісі бар және мәдени деңгейі жоғары тұлға; -өмірде «Мен-концепциясын» өзін өзі жүзеге асыру, өзін өзі байқату, өзін өзі жандандыру, өзін өзі бекіту қажеттіліктерін жүзеге асыруға қабілетті тұлға; -кәсіби білімдік бағдарламаларды, бейімділіктеріне, қалыптасқан қызығушылықтары мен жекелеген мүмкіндіктеріне сай білімнің жекелеген салаларын саналы таңдап алу және меңгеруге дайын тұлға; 20 -өзінің өмірлік іс-әрекеттерінде жалпы адами құндылықтармен, нормаларды басшылыққа ала отырып, басқа адамды таңдауға және өзін байқатуға құқы бар тұлға ретінде қабылдай алатын тұлға. Өкінішке орай, әдеттегі оқушы моделінде ертеңгі талап пен дәстүрлі білім беру жүйесі арасындағы бағдарлау айырмашылығы бар екенін көрсетеді.
Тұлғалық бағдарлы педагогика мәселесі ресейлік ғалымдар еңбектерінде XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап орын ала бастап және «тұлғалық бағдарлы педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғалық бағдарлы технологиялар» терминдері пайда болды.
Тұлғалық бағдарлы білім берудің әдіснамасын сонымен қатар И.С. Якиманская да карастырады. Ол тұлғалық бағдарлы оқытуда оқушының субъектілік тәжірибесіне сүйену керек деп есептейді. Субъектілік тәжірибе танымда айқындалатын жеке іс- әрекеттің негізі больш табылады. Сондықтан, білім беру үдерісінде оқушының субъектілік тәжірибесі мұғалімнің беретін тәжірибесі арқылы мәдени сипатқа ие больш өзгереді, дамытылады, жетілдіріледі. И.С. Якиманскаяның тұжырымдамасы бойынша тұлғалық бағдарлы педагогикадағы білім берудің мақсаты - білім алушының жеке тұлғалық қасиеттерін мақсатгы түрде анықтап, дамыту үшін қажетті жағдайларды (әлеуметтік, педагогикалық) тудыру, ол қасиеттерді «мәдениеттендіру», әлеуметтік мәнді іс-әрекеттерге айналдыру. Білім беру үдерісі бұл жағдайда бІлім алушы мен педагог арасындағы оқу диалогына негізделіп кұрылып, ол бағдарламаланған іс-әрекетті бірігіп жасауға бағыггалған.
Оқу диалогы мына қағидаларға сүйенеді:
-мектептегі арнайы ұйымдастырылған оқытуға дейінгі қалыптасатын субъектілік тәжірибеге ие баланың даралығын, өзіндік құндылығын, өзіндік ерекшелігін тану;
-білім беру дегеніміз өзара байланысқан екі үдерістің - оқыту мен оқудың бірлігі;
-оқытуда белгіленген меңгерудің әлеуметтік мәнді үлгілерін өзгертуге бағытталған жеке іс-әрекетті оқу ретінде түсіндіріп, білім беру үдерісін жобалау, оны қайта жасаудың мүмкіншілігін қарастыруы тиіс;
- білім беру үдерісін құруда және іске асыруда әрбір оқушының тәжірибесін, оның әлеуметтану деңгейін («мәдениеттенуі») анықтау максатында жұмыс ұйымдастырылуы тиіс;
-оқу жұмысының қалыптасатын тәсілдерін бақылап отыру; білім беру үдерісіне қатысушылардың ұжымдық-орындаушылық әрекеттерін арнайы ұйымдастыру;
-білім беру үдерісінде оқытумен берілетін қоғамдық-тарихи тәжірибе және оқушының субъектілік тәжірибесі бірігеді;
- қоғамдық-тарихи және жеке тәжірибелердің өзара әрекеттесуі оқушының субъектілік тәжірибесін ығыстырмай өзара үйлесімділікте қолданылуы тиіс;
- оқушының дамуы (әлеуметтенуі) тек нормативті іс-әрекетті меңгеру арқылы ғана емес, сонымен бірге дамудың көзі ретіндегі өзінің субъектілік тәжірибесІн әрдайым өзгерту, байыту арқылы да жүргізілгені дұрыс;
- оқу - оқушының іс-әрекеті ретінде танымды қамтамасыз ететін үдеріс болып ұйымдастырылуы керек;
- қажетті білім мен икемділікті меңгеру негізінде танымдық қабілеттерді қалыптастыру - оқытудың басты мазмұны болып табылады.
ТАПСЫРМА:
Концептуалдық кестемен жұмыс:
№ |
Техн. атауы |
Ұқсастығы |
Айырмашылығы |
1 |
|
|
|
2 |
|
|
|
3 |
|
|
|
Педагогикалық технология түрлерін сипаттаңыз.
Білімалушы білімін бақылау және тексеру сұрақ-тапсырмалары:
Технология атауы |
Технология сипаттамасы |
|
|
|
Білім берудің гумандық сипаты дегенді қалай түсінесіңдер? Оның мәні неде?
Тұлғалық-бағдарлы білім беру технологияларының түрлерін атап көрсетіңдер.
Дамыта оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктерін дәйектеңдер. Аталған технологияда білім алудың,оқытудың және оқудың қандай әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады?
Неліктен деңгейлеп оқыту технологиясын әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту деп тұжырымдаймыз?
Жаңа сабақты қорытындылау.3мин.
«Смайликтер» әдісі бойынша бүгінгі сабақта ең құнды қандай мәселеге ие болғанын дәптерлеріне сұрақ төңірегінде өз жауаптарын жазады.
|
|
|
Жалғастыруға дайынмын |
Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес |
Түсінбеймін, қайталап қарау қажет |
6.Сабақтың қорытындысын шығарып, қысқаша түсінік бере отырып бағалау. 3мин.
7.Үйге тапсырма беру 3-4 мин.
Негізгі:
Айтбаева, Жаңа педагогикалық технологиялар, А, 2012ж
Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технологиялары. Алматы, 2005.
Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. –Алматы, 2004.
Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы,
Қосымша:
Селевко, Современные образовательные технологии, М, 1998
Оқытушы: ___________________ Жакипова А

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген