Жеке бақылау және сабақ рефлексиясы арқылы оқушылардың академиялық үлгерімін жақсарту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеке бақылау және сабақ рефлексиясы арқылы оқушылардың академиялық үлгерімін жақсарту

Материал туралы қысқаша түсінік
Lesson Study өткізу тәжірбиесі НЗМ Халықаралық бакалавриат дизайн пән мұғалімі Алиева Алуа Кадыровна. Зерттеу жүргізуге тандалған сынып қатысушылар саны 13 оқушы. Lesson Study тақырыбы: жеке бақылау және сабақ рефлексиясы арқылы оқушылардың академиялық үлгерімін жақсарту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Егер сіз оқытуды жақсартқыңыз келсе, басқа мұғалімдермен жұмыс жасаудан жақсы не болуы мүмкін - жоспарлау, бақылау, кері байланыс алу және сабақты ойластыру?”

Кэтрин Льюис, 2002


Lesson Study өткізу тәжірбиесі

НЗМ Халықаралық бакалавриат дизайн пән мұғалімі Алиева Алуа Кадыровна. Зерттеу жүргізуге тандалған сынып қатысушылар саны 13 оқушы.

Lesson Study тақырыбы: жеке бақылау және сабақ рефлексиясы арқылы оқушылардың академиялық үлгерімін жақсарту.

Педагогикалық тәжірбиені дамыту мақсатында Lesson study оқыту зерттеуін жүргізе отырып өз орындаған әрекеттерді, сабақты зерттей отырып, күшті және әлсіз жақтарын анықтау арқылы, жеке даму жоспарын құрастыру.

Бұл процесс үздіксіз ұзақ болғандықтан ең алғашқы қадам осы саланы зертеу, тренерлермен кездесу, жұмысты жоспарлау, жұмыс тобын анықтау болып табылады. Lesson study кезеңдері келесі үлгіде орындалды:

1 сурет. Lesson Study қадамдары.


Күтілетін нәтиже ретінде сабақтың оң динамикасы, өзгеруі және жақсаруына бағытталған практикалық - зерттеу болып табылады. Сонымен қатар жүйелі түрде жинау және талдау арқылы 8Д сынып оқытудың негізгі мәселесі шешу. Үш деңгейлі оқушылар нәтижелерін жақсарту.

Зерттеу жүргізу үшін топ мұғалімдері анықталды. А - жоғарғы, В - орта, С - төменгі деңгейлі оқушылар, сабақтардың өткізілу күндері белгіленді.

Бірінші сабақ тақырыбы “CorelDraw бағдарламасымен танысу (интерфейс, құралдар, практика)”. Сабақтын мақсаты: Программа интерфейсімен танысу. Өтілген сабақты бақылау, талдау жасау нәтижесінде келесі қорытынды жасалынды: төмен мотивация, А, В, С оқушылардың әрекеттеріне кері байланыс, мұғалімнің сенімсіздігі, көп рөлде мұғалім әрекет (Teacher center) жасайды. Талқылау барысында осы кемшіліктер ескеріліп келесі сабақты критикалық ойлау стратегиялары қабылданды.

Екінші сабақ тақырыбы “САНДЫҚ АҚПАРАТТЫ ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕЛЕР АРҚЫЛЫ ӨҢДЕУ”. Сабақтын мақсаты: есептеуге арналған негізгі 3 амалымен жұмыс жасау

Үшінші сабақ тақырыбы “САНДЫҚ АҚПАРАТТЫ ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕЛЕР АРҚЫЛЫ ӨҢДЕУ(жалғасы)”. Сабақтын мақсаты: формулалармен танысу.

Оқушы А үлгерім жақсы қыз, бірақ белсенді емес, көп уақытта тыныш отырып және тапсырманы өздігінен орындайды. Сұрақ пайда болған кезінде ғана мұғалімге жеке келіп сұрайды. Тұрақты танымдық қабілеті бар, оқу қызығушылығының деңгейі жоғары. Табысқа жету критерийлері: оқушының сынып алдында белсенділік қасиеттін дамыту.

Lesson Study - дан кейін A оқушы өзгерісі - толық күшімен жұмыс жасауға талпына бастады, екі ұлмен жұмыс істегендіктен, ол көшбашы рөлін қабылдауға мәжбүр болды, өйткені оның жұмысының сәттілігі топ мүшелеріне байланысты болды, шығармашылық қабілеттерін көрсетті, оның пікірін тыңдай бастады.

В оқушысы барлық пәндер бойынша орташа үлгерімге ие, бірақ көбінесе ол тапсырманы өзі орындауға тырысады, сабақты талқылауда белсенді емес. Сабақтың негізгі бөлігі сабақтын оған қатысы жоқ бөлігін тыңдамайды. Табысқа жету критерийлері: мұғалім сұрағанда белсенділік танытуға ғана емес, сонымен қатар қарым - қатынас дағдыларын да үйрету.

Lesson Study - дан кейін кейін В оқушы өзгерісі - өйткені ол жоғары деңгейлі оқушылармен жұмыс істеді, сол дәрежеде жұмыс жасауына тура келді. Олардың жұмысының нәтижелерін көргенде және олардың рөлдері тең бөлінген кезде (оларда ортақ бір құжат болды, бірақ әрқайсысы өз бөлігін жазуы керек еді) ол жауапкершілгі артып, белсенділік таныта бастады, осылайша пән бойынша академиялық қабілетін жақсартты.

С оқушысы әлсіз оқу қабілеттеріне ие, өйткені жиынтық бағалау жұмыстарында барлығын бір мезетте орындау салдарынан жұмыс сапасы жеткілікті деңгейде болмайды. Сабақтарда белсенділік танытпайды. Оны оқу процесі қызықтырмайды. Табысқа жету критерийлері: топта жұмысқа тарту, оқушының ынтасын арттыру.

Lesson Study - дан кейін С оқушы өзгерісі - ол оқуға деген көзқарасын айтарлықтай жақсарта бастады бірақ топта жұмыс істей отырып, ол да өз жұмысына жауапты болуы керек және жұмысты уақытында аяқтау қажет екенін түсінді. Оның тобы одан жұмысты орындауды талап еткендіктен, ол белсенді бола бастады бастапқыда өз идеясын да ұсынды. .

Әр зерттеу сабағынан кейін мұғалімдер тобы сабақтың сәтті сәттерін және нені жақсарту керектігін анықтайтын бірлескен пікірталас өткізді. Бақылаушылар сабақтың соңында бақылау жүргізу арқылы А, В, С студенттері үшін қандай әдістер мен стратегияларды қолданудың тиімділігін кеңес ретінде берді. Келесі сабақты құрастыру кезінде бақылаушы мұғалімдердің әрбір пікірі құнды болды. Lesson Study тағы бір маған ұнаған тұсы ол сен басқа мұғалімдер сабағына қатыса аласын. Мысалы төменде мен қатысқан зерттеу сабақтары:

  • Мисс Ақсауле (ағылшын пәні) 2 сабақ

  • Жанагүл (ағылшын пәні) 1 сабақ

  • Ержан (ағылшын пәні) 1 сабақ

  • Мисс Лаззат (химия пәні) 1 сабақ

Өкінішке орай, Мен бір мұғалімнің толық 3 сабақтан тұратын цикліне қатыса алмадым.

Бірінші сабақ бойынша кері байланыс ағылшын тілі мұғалімі Салтанат Калиева. Сабақ тақырыбы 10.11.2021 “CorelDraw бағдарламасымен танысу (интерфейс, құралдар, практика)”.

2 сурет. Кері байланыс ағылшын тілі мұғалімі Салтанат К.


Екінші және үшінші сабақ бойынша кері байланыс ағылшын тілі мұғалімдері Сейилханова Гульназ және Салтанат Калиева. Сабақ тақырыптары: “САНДЫҚ АҚПАРАТТЫ ЭЛЕКТРОНДЫ КЕСТЕЛЕР АРҚЫЛЫ ӨҢДЕУ”

3 сурет. Кері байланыс ағылшын тілі мұғалімі Сейилханова Г.

3 сурет. 2-3 сабаққа кері байланыс формасы мұғалімдер Сейилханова Г. және Салтанат К.


Сабағымды зерттей отырып, алынған кері байланыс негізінде мен оқытушылық қызметімді жақсартуға, бастапқыда мақсат қойғанымдай 8Д - сыныпта оқу үлгерімін жақсарту мақсатына жеттім деп айта аламын. Бағалау нәтижелері А, В, С және бірнеше басқа да оқушыларда оқу үлгерімі айтарлықтай өсті. Әрине басқа да факторлар әсері бар болу мүмкін, бірақ мен нақты айта аламын Lesson Study маған көмектескен тұстары тапсырманы қалай дұрыс құру керек екендігіне және барлық оқушылар сабақ процесіне қатысуға қолайлы жағдай қалай тұғызу қажеттіген түсінуге септігін тигізді. Сондай - ақ, екінші семестрдегі 1 - ші циклден кейін сол сыныпта топта ұзақ уақыт жұмыс істеуге мәжбүр болған салдарынан, бірлік пайда бола бастады.

Lesson study жүргізу барысында кездескен қиындықтар:

Оқушыларда: тапсырмалардың уақыт шеңберін сақтамау, жеке ізденіс дағдысы қалыптаспаған.

Мұғалімдер тобында: жүктеме салдарынан бір цикл сабақты барлық мұғалімдер бірдей қатыса алмауы, уақытты ұтымсыз пайдалану, оқытудың тиімді әдістерін таңдау.


Шешу жолдары:

Оқушылар үшін: уақытты тиімді пайдалануды үйрену, техникалық дағдыларды менгеруді жалғасытыру.

Мұғалімдер үшін: тайм - менеджмент сақтау, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, кәсіби шеберлікті жетілдіру.

Келесі оқу жылдарында мен сабақтар циклін қайта өткізіп, Lesson study-ге қатысуға бел будым. Мен Lesson Study мүмкіндіктерін мұғалімдік тәжірибемде пайдалануға көптеген жақсы мүмкіндік беретінін түсіндім, олар:

* оқу процесін, сабақты егжей - тегжейлі қарауға;

* оқу процесі шынымен жоспарлағандай жүріп жатқан жатпағаның көруге;

* жоспарлаудың қандай әдістері тиімді екенін анықтауға;

* ынтымақтастық жағдайында әріптестермен бірлесіп оқу процесін жоспарлау және жүзеге асыру.



















Пайдаланған әдебиеттер


1. «Lesson study» как способ совершенствования практики обучения».

Методическое пособие. Астана 2014


2. Пит Дадли (Великобритания). «Lesson Study: теория и практика применения»

Астана, 2013. https://figym.kz/uploads/LS_tpp.pdf


3. Пит Дадли. «Руководство для учителей по реализации подхода Lesson study (исследование

урока)» Астана 2013. https://lessonstudy.co.uk/wp-content/uploads/2013/07/Lesson-Study-Handbook-Russian.pdf



4. Рашидова Э. П. Lesson Study — совершенствование практики учителя в современной школе.

https://www.azbyka.kz/lesson-study-sovershenstvovanie-praktiki-uchitelya-v-sovremennoy-shkole


5. Ахмедова Л. А. Практический опыт проведения Lesson study. 28.05.2018

https://clck.ru/32pEdg


6. Chen, X., & Yang, F. (2013). Chinese teachers’ reconstruction of the curriculum reform through lesson study. International Journal for Lesson and Learning Studies, 2(3), 218-236.


7. Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014. «Lesson study» как способ совершенствования практики обучения». Методическое пособие. Астана 2014


8. Что такое исследование урока http://lessonstudy.kz/?page_id=10


9. Практический опыт проведения Lesson study https://inlnk.ru/Rj5X9p



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2025
80
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі