400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жеке бас гигиенасы»ЖЖЕ Қорытынды сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жеке бас гигиенасы»ЖЖЕ Қорытынды сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағаты

«Жеке бас гигиенасы»

ЖЖЕ: Қорытынды сабақ

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Дұрыс тамақтану

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жеке бас гигиенасының маңыздылығын түсіндіру, тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыру және дұрыс әдеттерге баулу.

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

Оқушылардың жолда жүру ережелері туралы алған білімдерін бекіту.

Жол қауіпсіздігін сақтау мәдениетін дамыту.

Жол апаттарының алдын алуға байланысты жауапкершілікке баулу.

Құндылықтарды дарыту

Өз денсаулығына жауапты болу, тазалық ережелерін сақтау жеке адамның міндеті екені айтылып, жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)


Оқушылармен амандасу

Сабақтың мақсатын түсіндіру

Қызығушылықты ояту: «Тазалық – денсаулық кепілі» мақалын талқылау.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

слайд






Сабақ басы (10 мин)

Балалар, біз бәріміз жақсы білетіндей, «Тазалық — денсаулық кепілі» деп бекер айтылмаған. Денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық ережелерін сақтау өте маңызды. Осы тәрбие сағатында жеке бас гигиенасының маңыздылығын, оның денсаулығымызға қалай әсер ететінін талқылаймыз. Гигиена дегеніміз не?

Қандай жеке бас тазалығы ережелерін білесіңдер?

Күнделікті қандай тазалық шараларын орындайсыңдар?

Қолды жуу (тамақ ішер алдында және кейін, сырттан келген соң)

Тіс тазалығын сақтау (күніне кемінде 2 рет тіс тазалау)

Шаш, тырнақ күтімі

Киім мен аяқ киімнің тазалығы

Душ қабылдау және теріні күту

Компьютер

Ортасы (25мин)


Денсаулыққа әсері:

Гигиенаны сақтамау ауруларға әкелуі мүмкін (ішек инфекциялары, тері аурулары)

Тазалық – жағымды сырт келбеттің және өзіне деген сенімділіктің кепілі

Оқушылармен «Қолды дұрыс жуу» техникасын көрсету

«Гигиеналық күн тәртібін құрастыр» шағын топтық жұмыс

"Денсаулық адамға табиғаттың берген ең үлкен байлығы. Алайда сол байлықты сақтап қалу әр адамның өз қолында. Тазалықты сақтау, жеке бас гигиенасына көңіл бөлу — дені сау болудың басты шарты. Қолды жуу, тіс тазалау, таза киіну сияқты қарапайым әдеттерді күнделікті орындау арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады. Деніміз сау болсын десек, әрдайым тазалықты ұмытпайық!"

ЖЖЕ: Қорытынды сабақ

Біз не үшін жол жүру ережелерін білуіміз керек?

Қандай ережелер сенің есіңде қалды?

Сендер жолда жүргенде қандай қауіпсіздік шараларын ұстанасыңдар?

Жолда жүрудің негізгі ережелерін қайталау:

Жаяу жүргіншілерге арналған ережелер

Бағдаршам сигналдары (қызыл, сары, жасыл)

Жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану

Қоғамдық көлікте қауіпсіздік ережелері

Велосипед және самокат пайдаланушыларға арналған ережелер.

Ойын:

  • «Қай сигнал дұрыс?» (Бағдаршам түстеріне қатысты сұрақтар)

  • «Қауіпсіз және қауіпті әрекеттер» (Мұғалім жолдағы әртүрлі жағдайларды сипаттайды, оқушылар қауіпсіз не қауіпті екенін анықтайды)

Практикалық жұмыс:

  • «Менің қауіпсіздік маршрутым» (Оқушылар өз үйлеріне дейінгі қауіпсіз бағытты сызба түрінде көрсетуге тырысады)

Балалар, жолда жүру ережелерін сақтау біздің өміріміз үшін өте маңызды. Әрқайсысыңыз осы ережелерді ұстанып, өздеріңізді және айналаңыздағы адамдарды қауіптен қорғаңыздар. Жол қауіпсіздігі мәдениеті біздің болашағымыздың кепілі!

Қорытынды ұран:
"Жол тәртібін білейік — аман-есен жүрейік!"

Бұл адам денесінің, киімінің және айналасындағы заттардың тазалығын сақтау арқылы аурулардың алдын алу ережелерінің жиынтығы.


























Мұғалімді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Өз тәжірибелерімен бөліседі.








Бағдаршам түстерін анықтап, дұрыс жауап береді.









Өз маршрутын сызып, қауіпті және қауіпсіз аймақтарды белгілейді.

Жұмыстарын топ алдында қорғайды.


Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Жолда жүру ережелерін есте сақтауға уәде береді.

Компьютер

































Компьютер






Жол белгілері бойынша презентация


Соңы (5мин)






Оқушылардың пікірін тыңдау

«Тазалық сақтайық – деніміз сау болсын!» ұранын айту

Оқушыларды дұрыс гигиеналық әдеттерге шақыру

Сабақ ұнады ма?

Бүгін қандай жаңа ақпарат білдіңдер?

Осыдан кейін жеке бас гигиенасын қалай сақтайсыңдар?

Оқушылар түрлі тәсілдермен өз ойларын білдіреді:

Саусақ белгісі әдісі (бас бармақ жоғары — бәрін түсіндім, көлденең — орташа түсіндім, төмен — түсініксіз болды);

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі (екі ұнаған нәрсе, бір ұсыныс);




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
06.02.2025
238
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12