400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жеке меншік балабақшада балаларды тәрбиелеуде адамгершілік құндылықтардың маңыздылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамның жеке меншік балабашаға деген көзқарасы туралы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Целиноград ауданы білім бөлімінің

ЖШС «Балбөбек-2014» балабақшасының

директоры Хасенова Жанар Наухановна


«Жеке меншік балабақшада балаларды тәрбиелеуде адамгершілік құндылықтардың маңыздылығы»

  Мектепке дейінгі мемлекеттік  білім берудің тапшылығы республика бойынша сезіледі. Осы қажеттілікті жою үшін Үкімет тарапы жекеменшік балабақшаларға, атап айтқанда қамту мүмкіндігі 70 баладан аспайтын шағын мекемелерге қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, 1 балаға кететін шығынның жартысын дотация арқылы мемлекет төлейді. Бұл мемлекеттік балабақшаға кезегі келмеген ата-аналарға жасалған жақсы мүмкіндік.  Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жеке балабақшаға жолдамалар беріліп, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы балабақшалар ашылды. 

Дегенмен, жекеменшік   балабақшадағы санитарлық   нормалар, бөлмелердің ауданы,     бөлмелердің саны белгілі талап   қойылады.

Бүгінде мектеп жасына дейінгі балаларды мемлекеттік бала бақшалармен қамтамасыз ебала бақшалардың болуы қажет. Осындай жеке меншік мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде санитарлық нормаларға біраз жеңілдік жасалған.

«Мәселен, мемлекеттік бала бақша ауласында 1 балаға 6 шаршы метр бөлінсе, жекеменшік шағын балабақшада – 4 шаршы метр қарастырылған. Тұрғын үйдің 1,2-қабатында орналасқан балабақша үшін сол тұрғын үйдің қоқыс жәшігін пайдалануға рұқсат етіледі, яғни балабақшаға арнап бөлек қоқыс жәшіктері орналастырылмайды. Сол сияқты шағын балабақшада медициналық маманның болуы міндеттелмейді, тек қана баланы қарайтын бөлме қарастырылады.

Балабақшада 25-30 балаға 1 жуыну бөлмесі (оның ішінде дәретхана). Бос орынды барынша максималды қолдану жайылма төсектерді пайдалану құпталады. Бұл төсектер жиналмалы келеді, сонымен қатар үстіндегі төсектен құлау қаупі жоқ.

Мемлекет   алдымен «Балапан»   бағдарламасы, кейін «Қол жетімді   мектепке дейін білім беру»   бағдарламасын қолға алды, не   үшін, балапандардың мектепке   жақсы дайындықта баруы үшін.

Мектепке дейінгі бала тәрбиесі ата-аналар үшін маңызды мәселе. Баланың мектепке дайындығы, бала бақшадағы қауіпсіздігі қоғамды алаңдатады. Әсіресе, бизнеске негізделген жекеменшік балабақшалардағы ахуал қалай? 

Біз балабақшамызда бала тәрбиелеуде ең басты бағытты - адамгершілік тәрбиесін алға ала отырып з, адамгершілік құндылықтарды негізге алуда   бала тәрбиесінде көптеген жетістіктерге жеткенімізді байқадым;

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің,достарының мінезінен, жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата - ана мен

тәрбиешілердің басты міндеті.

Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы

игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды. Мысалы «Шалқан» ертегісін тыңдап болған соң, балалар шалқанды көптің көмегімен жұлып алғанын білді. Ал, «Ақшымышым» ертегісін тыңдап болып, кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық, мейірімділік сезімдерімен танысты.

Адамгершілік дүниесіндегі жалғасып келе жатқан қымбат

қазыналарымыздың бірі – бесік жыры, мақал - мәтелдер болып келеді.

Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу арқылы, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға болады.


Өз – өзіне қызмет ету;

- Кішкентай топтарда балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір - біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтуға баулу. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым - қатынастарын қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.


- Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу қызметке қажет ермек саз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.

- Серуен кезінде гүлдерді қопсыту, шөптерін жұлу, ойын алаңымызды таза ұстауға үйрету. Бірде серуенде сәбилерді жапырақ жинауға шақырылады, балалар 2 - 3 жапырақ жинаған соң «жинағым келмейді» деп тарай бастады. Сол кезде мен жұмыс жоспарын ойын жоспарына айналдырып жібердім, әкелген жапырақтардан бастарына гүлшоқ жасадым, оны көрген кішкентайлар қуанып, барі де жинай бастады. Бұл серуенде балаларды тек қана жапырақ жинауға емес, топпен жұмыс жасауға, үлкендерге көмектесуге, еңбексүйгіштік қасиетінің алғашқы игеріміне баулыдым.


Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.


Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, өз - өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Адамгершілікке,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде, тәрбиешінің жұмыс күнін ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы турде қамтылады.

Тәрбиешінің тәртібі, іс - қимылы, балалармен, үлкендермен қарым - қатынасы кішкентай сәбилер үшін үлгі болып, олардың жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Балабақша мен отбасы арасындағы тығыздық артқан сайын бүлдіршіндеріміздің адамгершілік құнды қасиеттері арта түседі. Осыдан келіп, бүлдіршіндерімізде жақсы қылықтар, ұжымдық қарым - қатынас, адамгершілік сезімдері,

еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер туралы түсініктер қалыптасады. Кішкентай бөбектеріміз адамгершілік қасиеттерді ата - анасынан, үлкендерден, тәрбиешілерден насихаттау арқылы емес, тек шынайы көру, сезіну қатынасында алады. Адамгершіліктің құнды қасиеттерінің негізі отбасында қалыптасады,


Қазақ халқы баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла, жолын кеспе» деген ұлағатты, тыйым сөздердің мәні зор. Бала бойына кішіпейілділік, сыпайылық, сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре білсек, адамгершілік тәрбиесінің жемісіне бөленетініміз анық!

Тәрбиенің алтын бесігі - балабақшамыздағы сәбилерімізді адам баласына тән асыл қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық!

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
634
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі