400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеке психологиялық қабілетін дамыту ерекшеліктері,негіздері.Жеке бас психологиялық қабілетінің қалыптасуы.Спортпен шұғылданушылард

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке психологиялық қабілетін дамыту ерекшеліктері,негіздері.Жеке бас психологиялық қабілетінің қалыптасуы.Спортпен шұғылданушылардың психологиялық қалыптасу қабілеті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дәріс № 20


Тақырып: Жеке психологиялық қабілетін дамыту ерекшеліктері,негіздері.Жеке бас психологиялық қабілетінің қалыптасуы.Спортпен шұғылданушылардың психологиялық қалыптасу қабілеті.


Жоспары:

1«Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы» психологиялық тренинг бағдарламасы, принциптері мен мақсат-міндеттері.

2.«Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы» психологиялық тренинг бағдарламасында қолданылатын психологиялық тест әдісі

3.Бағдарлама ережелері мен талаптары.


«Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы» психологиялық тренингі бағдарламасының мақсаты - жеке тұлғаның, жалпы оқушыларды тәжірибелік бағытта психологиялық дайындауды, интенсивті жүзеге асыру үшін қолданудың ерекшелігі зор. Бұл оқушылардың әлеуметтенуі, оған психологияның әсерін ескерумен сипатталады.

Жалпы тренингтік қалыпқа келтіру әдетте, топтық мақсаттардан тұрады:

1) Психологиялық заңдылықтарды, механизмдерді, жеке тұлға мен адамдар арасындағы қарым- қатынасты қарастырады;

2) Жекелік дамуы, шығармашылық потенциалдың, өмірде оптималды деңгейге жетуі және бақыт пен сәттілікті сезіну;

3) Коррекцияға қатысушылардың өзін - өзі тану, өзіндік іздену және эмоционалды күйдің бұзылуы, өзіндік іс - әрекеттің өзгеруі негізінде болуы;

4) Топтағы қатысушылардың психологиялық мәселелерін қарастыру және олардың шешім қабылдауына көмек көрсету;

5) Субъективті өзіндік сезімнің және психологиялық денсаулығының жақсаруы. [1]

Тренингтің бірінші спецификалық топтық мақсаты - қарым- қатынас, ал тренингтің өзіндік өсуі – екінші орында тұрады. 3-5 топтың мақсаты психотерапиялық және психопрофилактикалық болып табылады. Тренингтерде олар көбінесе қосымша ретінде қолданылады. Мақсат тапсырмаға байланысты болады. Егер мақсат жұмыстың нақты бағытын көрсетсе, онда тапсырмалар нақты қадамдарын жасайды.

«Тұлғаның өзін-өзі дамытуы» тренингі оқыту мен тәрбие беру жүйесінде жеке тұлғаның қалыптасуына, азаматтық қоғам мен индивидті әлеуметтендірудің әдістемесіне теориялық парадигма дайындауға мүмкіндік тудырады. Мына мәселелерді қамтиды:

  • ақиқатқа жетуге ұмтылу; 

  • өзінің «Менін» тану арқылы адамның биік мәртебесін орнықтыру; 

  • әлемді тануға ұмтылу; 

  • табиғатпен, айналадағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынас орнықтыру; 

  • мінез-құлықтағы әдептілікті қалыптастыру;[4] 

Тұлғаның құрылымын және оның тұтастығын қамтамасыз етіп жетілдіретін психологиялық қасиеттер. Олар өмірдің мақсатымен және іс-әрекетімен, құнды бағдарлығымен, нұсқауларымен тығыз байланысты, яғни өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру міндеттерін атқарады. Өзіндік сана қажет кезінде ғана орын алады. «Объективті өзіндік сана» тұжырымдама тұрғысынан, ол жасалатын әрекеттің талабы мен өзі туралы пікірдің қиылысуымен қарастырылады. Өзіндік санаы дамытатын қозғаушы күштерді индивидтің шынайы өздігінше әрекеттене, айналадағылармен арақатынасын өзгерте алуыана іздеу қажет. Сана, өзіндік санадан өз «Мен»-ін туындамайды, керісінше тұлға санасының дамуынан, яғни өз бетінше субъект бола бастағанда өзіндік сана туындайды. Практикалық және теориялық іс-әрекеттің субъектісі боларда, «мен»-нің өзі сол іс-әрекетте қалыптасады. Адам психикалық сферасының өзінің «мен»-іне қабілетін және мінезі мен темпераменті арқылы өзгешелігін анықтайтын тұлғалық қасиеттерін атайды. Адамның басынан кешіретін ахуалдары мен күйлері, бар өмірінің психикалық мазмұны тұлғалық құрамына кіреді. Бірақ, арнайы мағынасын, өзінің «мен»-іне қатынасы барлардың ішіне психикасында бейнеленіп ішкі өмірінің тарихына сезіміне әсер еткендері ғана тән бола алады.[3]

Дене белсенділігі арқылы өзін-өзі тану бұлшық еттер қызметі, ішкі органдар мен адамның психикалық жағдайлары арасындағы тығыз байланыстың болуымен қамтамасыз етіледі. Дене тәрбиесі үдерісі адамның ішкі дүниесіне, оның санасына және іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Дене жаттығуларының әсерімен организмнің барлық органдары мен жүйелерінің қызмет ету сипаты өзгереді, олардың құрылымы жетіледі, ауруларға, стрестік жағдайларға (титықтау) орнықтылығы артады, дененің соматикалық және психикалық саулығы нығаяды. Осындай бейнеде бастауыш сыныптардың өзінде дене жаттығулары балалардың психикалық дамуына қолайлы жағымдылықта әсер етуі үшін мүмкіндік туғызып қана қоймай, олардың өздері бұлай әсер етудің механизмдері жайлы бастапқы білімді алуы тиіс.

Дене тәрбиесінің тиімділігі, оның көмегімен шұғылданушыларда салауатты денсаулық дағдылары, стрестік жағдайларда өзін-өзі бақылау, агрессивті іс-әрекеттерден бас тарту бейімділігі және агрессивті озбырлыққа жол бермеуге дайын болу сияқты жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Дене тәрбиесі үдерісінде оқушылардың «мен» деген адамдық бейнесі, өзіне деген сенімділігі тәрбиеленіп, қалыптасады.

Қозғалыс белсенділігі өзіне тек қандайда бір қозғалыс әрекеттері мен дағдыларды ғана меңгертіп қоймайды, сонымен бірге танымдық және жеке тұлғалық аспектілері де қатар тәрбиеленеді. Бір жаттығудың өзін қозғалыс қабілеттерін дамыту үшін және қимылдық әрекеттерді жетілдіру ретінде ғана емес, сол сияқты ойындық үлгіде балалардың интеллектуалдық дамуы үшін де пайдалануға болатыны бұрыннан белгілі.

Алайда дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін жұмыстарды балалар мен жас жеткіншектердің жеке ерекшеліктерін зерттеусіз жоспарлап, құру мақсатты тәрбиелеу нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік туғызбайды. Тек балалардың жеке ерекшеліктерін зерттеуден кейін олардың психикалық саулығын қалыптастыру үшін дене тәрбиесінің құралдарын (дене жаттығуларын) іріктеп, таңдау кезінде маңызды педагогикалық принцип, дидактикалық (грекше «Дидактикос»- оқыту, үйрету) іс-әрекет кезіндегіден кем түспейді.

Дене белсенділігі барысында жүзеге асырылатын барынша тиімді психологиялық-педагогикалық әдістердің бірі ілеспелі әсер ету принципіне негізделген, яғни оқушылардың іс-әрекетін, жағдайы мен қызметін басқарудың кешенді әдісі болып табылады. Бұл принциптің мәні, мысалы, дене қозғалысының шапшаңдық (немесе күш, төзімділікте т.б.) сапасында нақтылы өзгеріске қол жеткізуге қолданылатын құрал (жаттығу) мүмкіндік туғызады делік, яғни өз кезегінде психикалық өрісінде (мысалы, ақпаратты алу және шешімді тез қабылдау шапшаңдығы) бағытты өзгеріске қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Мұнда ілеспелі әсер ететін дене жаттығулары келесі дене қозғалысы сапасының дамуы үшін алғы шарт жасайды, сонымен бірге жаттығу бір мезгілде қатарласып (паралель) дене және психикалық ортасына әсер етеді.

Жалпы алғанда, жалпы тәрбие мен дене тәрбиесінің арасында өзара тікелей байланыс болады. Мысалы, жеке тұлғаның, оның ішінде әсіресе жас жеткіншектердің жастарында ерекше маңызды, өмірде өз орынын айқындауында өзін-өзі тану үлкен рөл ойнайды. Өз кезегінде ол дене жүктемелерін анықтаудың жағымды мотивациясы әсерімен, әсіресе қимылдық және спорттық ойындар барысында барынша тиімділікте қалыптасады. Организмнің дене күш-қуаты қорларының артуымен барынша табысты әлеуметтенуіне мүмкіндік жасайды.

Тәрбие үдерісі жоғары көңіл-күймен сәттілік жағдайында жүргізілсе жоғары табыстылық деңгейінде іске асырылады. Дене мәдениетімен шұғылдану кезінде мұндай көңіл-күй жағдайы әсіресе спорт ойындары кезінде оңай жүзеге асады. Алайда көңіл-күй сәттілігінің деңгейі ойынның мазмұны мен созылу ұзақтығына ғана емес, яғни ойыншылардың жынысына, жасына, дене даярлығы жағдайына да байланысты. Д.А.Беленов және О.В.Козыревалардың (2004) мәліметтері бойынша, мектепке дейінгі жастағы балалар созылу уақыты 20 минуттан аспайтын қысқа уақытқа белгіленген ойындар кезінде барынша қанағаттану сезіміне бөленеді. Жарыс түрінде емес, ойындардың ойнау уақытын арттыруға болады. [2]

Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.

Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.

Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстануын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруіне мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып, адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжайды. Жеке адамның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды. Сонымен қатар адамзат жинақталған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. Сана объективтілік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Өзіндік сана-сезім – сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі.

Қорытынды: Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады. Адамның өзін-өзі тануында, оның басқаның бағалауы мен ұжымдық бағаның маңызы ерекше. [4]



Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. – М.: Ось, 89. 

2.Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. - М., 2001 

3.Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. - М., 1995 

4.Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
935
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі