Материалдар / Жеке, топтық және командалық тактикалық әрекеттер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеке, топтық және командалық тактикалық әрекеттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қозғалыс әрекеттерін бақылайды. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2023
370
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп

«Шардара» мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні

Байтугелов Р.

Сынып

10 «Ә»





Күні

17.02.2023





Қатысушылар саны:

25





Қатыспағандар саны:






Бөлім

Спорттық командалық ойындар арқылы бірлесе әрекет етуі

Сабақтың тақырыбы

Жеке, топтық және командалық тактикалық әрекеттер

Оқу мақсаттары

10.1.1.1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру

Сабақ мақсаттары

Түрлі арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындау кезіндегі дәлдікті, бақылауды және икемділікті дамыту

Бағалау критерийі

Қозғалыс әрекеттерін бақылайды. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: ойындар олардың жеке де, сондай-ақ командалық та физикалық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: кері серпу, ұшып келіп ұру, допты беру; допты лақтыру, қағып алу, алып жүру (қолмен/аяқпен), ұру; қарсы тұру, шабуыл, қорғаныс; тактика, проблема, шешім; қауіпсіздік; рөлдер және қалыптар: қорғаушы/шабуылдаушы, ойыншы, гол соғушы/қақпашы, орталық/бүйірлік, байланыстырушы; дәлді; орталық.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- сендер бұл ойында қандай тактиканы қолдандыңдар?

- сендер допты ұстап қалу немесе доппен ілгері жүру үшін қандай тактикаларды пайдаландыңдар?

- бұл ойынды жақсырақ ойнау үшін, сендерге нені жетілдіру қажет – жекен немесе командалық дағдыларды ма?

- сендер өз ойындарыңа қатысты қазір, қарсылас командаға қарсы ойынның бастапқы тәжірибесі болған кезде қандай шешімді басқаша қабылдар едіңдер?

- сендер ойын ережесін сақтадыңдар ма?

- ойындардағы қауіпсіздік туралы неліктен хабардар болуымыз керектігін айта аласыңдар ма?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Сабаққа спорттық киіммен келу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Кері байланыс арқылы бағалау

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, волейбол торлары немесе аумақты белгілеу үшін орындықтар/конустар, сондай-ақ пенопласттан жасалған доптар

Сабақтың

ортасы

25 минут

(Т, К, Ф) Төрт адамнан тұратын топтар волейбол ойнайды. Ойынның мақсаты – допты кері қарғығанға дейін қайтару оппонентке онымен ойнауға азырақ уақыт беретінін түсіну. Бір ойыншы допты арты жақтан сызық соңынан (егер бұл ол үшін тым қиын болса, жақынырақ арақашықтықтан) ол залдың қарама-қарсы бөлігінде қарғып түсетіндей етіп береді. Доп оны ұрғанға дейін қарғып кетуі мүмкін, бірақ ойыншылардың қалған бөлігі ол қарғып түскенге дейін немесе қарғып түсу кезінде ұруы мүмкін. Аталған уақыт кезеңінде ұшу кезінде қанша соққы жасалғанын есептеңіз.

Тапсырма бойынша саралау: қабілеті төменірек оқушылар допты кеті ұрғанға дейін қағып ала алады. Допты қарғып түскенге дейін қайтару – жақсы шабуылдау тактикасы екендігіне назар аударыңыз. Сұраңыз: Сендер бұл ойында қандай шабуылдау тактикаларын пайдаландыңдар?


Волейбол ойынындағы допты жоғарыдан қабылдау әдісін үйреніңіз.

Дескриптор

ойын ережесін және ойыншының тұрысын анықтайды;

жаттығуды талапқа сай, қатесіз орындайды.



Сабақтың

соңы

5 минут

Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді.

Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.


Үй тапсырмасы: жалпы дамыту және бой жазу жаттығуларын орындау

Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!