400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі оқытудың белсенді әдістері мен технологияларын пайдалану жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқушытудың әдістерін үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі оқытудың белсенді

әдістері мен технологияларын пайдалану жолдары


Оқыту үрдісін жаңашыл ұйымдастырудың, мұғалімдердің шығармашылығын дамытудың оқушылардың белсенділігін арттырудың негізгі құралы оқытудың белсенді әдістері мен педагогикалық технологиялар болып табылады.

Оқушылардың белсенділігін арттыратын әдістерді интерактивті тәсілдер деп атайды.

Белсенділік француздың «activite» (әрекет күші) – әрекеттілік, әрекетті мінез-құлық. Белсенді – әрекетшіл, әрекеттегі, әрекетті деген сөзден шыққан. Психолог ғалымдар И.А. Джидарьян, С.Л.Рубенштейн, Б.Г. Ананьев және т.б. белсенділікті адамның субьект ретінде қасиеттері деп санайды.

В.В. Горшков, В.А. Петровский, Т.Н. Овчарова және басқа педагог ғалымдардың тұжырымдауларынша, субьектің белсенділігі іс-әрекетте, процесте мақсаттылықты жүзеге асыратын, әдіс-тәсілдер мен амал-жолдарды еркін пайдалануға мүмкіндік жасайтын және оларды құрылымдап өңдеп жетілдіретін; жаңа тапсырмларды сын көзбен қабылдайтын, іс-әрекет нәтижелерін бірнеше бағытта, шығармашылықпен болжайтын тұлғаның интегративті қасиеті ретінде қарастырылады. Ғалымдар белсенділіктің өзіне тән мынадай ерекшеліктерін: іс-әрекет формасының қарқынды, жігерлі, қайратты, дербес, батыл сияқты белгілерін атап көрсетеді. Белсенді әдістеме оқудың мақсатына жетуге және идеяларды түсінуге көмектесетін құрал болып табылатын өзара белсенді қатынас негізіндегі әдістеме (1)

Белсенді әдістеме сабақ барысында оқушылардың өзара оқушы мен мұғалімнің арасында іс-әрекеттің деңгейі аса жоғары, неғұрлым көп болуына септігін тигізеді. Оқушылардың өзара және оқушы мен мұғалімнің арасында әрекеттің қандайда болмасын бір проблемаларды шешу жолдары мен ұсынылған шешімнің қаншалықты көңілге қонымды немесе дұрыстығын талқыға салу арқылы іске асырылады.

Белсенді әдіске проблеманы немесе бір мәселені шешу үрдісінің мәні ерекше. Өйткені белсенді әдістің мақсаты оқушыға дайын күйінде жай ақпарат беру емес, оларға өздігінше оқып үйренуге, жауап іздеуге, өздігінен оқу материалын қабылдау дағдыларын дамытыға, «қалай оқу керектігін үйгенуге» бағытталған тәсіл. Белсенді оқыту әдістемесінде басты білім көзі оқушылардың өмірлік тәжірбиесі болып саналады.

Белсенді оқыту әдістемесінде топтағы оқушылардың сандық құрамы өзара қатынастың не оқудың сапалығын білдірмейді. «Өзара қатынас» әдісінің басты айырмашылығы – оқушылардың өзін-өзі ашуы, ашылу


үрдісімен байланыстылығында. Оның мәні - оқушылар білім алу дағдыларын өзара қарым-қатынас арқылы меңгереді. Белсенді әдістеменің мақсаты – оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрету немесе оқытуға үйрету.

Белсенді әдістемені пайдаланудың факторлары:

Оқушылар ақпарат алып қоймай, сол проблеманың шешімін табу жолы мен шешімнің дұрыстығын түсіндіре білуі, өз ойларын талдауы, бағалауы және дәлелдеуі.

Бір талқыланып отырған мәселе бойынша дұрыс шешімдер қабылдау дау туғызатындықтан оқушылар өз көзқарастарын, идеяларын, пікірлерін терең талдайды, сараптаудан және қорғаудан өткізеді, соның нәтижесінде олардың ойлау белсенділіктерінің деңгейі жоғарылайды.

Оқушылар қайсібір мәселені шешу барысында өздерінің күнделікті өмірде алған тәжірибелерін не басқалардың тәжірбиелерін пайдаланады.

Мұғалім де кейбір мәселелерді оқушылардан біледі, үйрене алады.

Мысалы: оқушылар жұп болып немесе шағын топпен жұмыс жасағандағы өзара қарым-қатынас әдісінің тиімділігі біріншіден, оқушылар сынып алдында айта алмағанды немесе тек мұғалімге айтатын ойларымен шағын топтарда өздерінің сыныптатары бөлісе алады. Екіншіден, оқушылар өздерінің жеке көзқарасынан не пікірінен басқа жақсы, дұрыс идеялардың пікірлердің бар екендігін біледі.

Педагогикалық еңбектерге қарасақ «адам өзі істеген нәрсе немес заттың 80%-ын, оқығанның 20%-ын, ал естігеннің 10%-ын есте жақсы сақтайды екен.(2)

Белсенді әдіс-тәсілдердерінің ішінде ми шабылуын ұйымдатыру жолының ерекшелігі оқушы өз идеясын ұсынады.

Ми шабуылының басты мақсаты - оқушылардың ойын білу, мүмкіндігінше көбірек ойларын еркін, ашық түрде айту, көзқарастарын білдіру. Бұл тапсырманы оқушылардың жаңа материалдарды меңгергенге дейінгі білгендерін анықтауға және мәліметтермен алмасуға, толықтыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мұғалімдер тәжірбиесінде белсенді оқыту әдістері мен педагогикалық технологияның алуан түрлі нұсқаларын пайдалану оқыту мен тәрбиелеуді жүйелі және тиімді ұйымдастыруға оң әсерін тигізеді.

«Педагогикалық технология» ұғымына көптүрлі сипаттама, түрлі ұғымда анықтама берілген.

«Технология» сөзі грек тілінен аударғанда – өнер, шығармашылық, шеберлік, ілім, заң деген мағынаны білдіреді.

Технология –теория мен практиканың арақатынасы бола отырып, мұғалімнің шығармашылығының негізі болып табылады, себебі: дұрыс мақсат қою арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетіне жағдай


жасайтын, ерекше ынталылық пен қызығушылыққа әкелетін сабақ жоспарын жобалау, құру және ұйымдастыру нәтижеге әкелетіні белгілі. Ғалымдар педагогикалық технология-оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті ретінде жобалау, алда қойылған нақты мақсаттарға сай оқыту үрдісін тиімді құру, жүзеге асыру болып табылады деп атап көрсетеді Педагогикалық технология ұғымына ғалымдар түрлі анықтамалар берді:

  • Дидактикалық жүйесінің құрамдас, процессуалдық бөлігі

(М. Чошанов)(3).

  • Оқыту мен тәрбиелеу құралдарын, формаларын, әдістерін анықтаудағы, психологиялық-педагогикалық талаптар жиынтығы (Б.Т. Лихачев) (4).

Педагогикалық технологиялар оқыту әдістемесінен өзінің өндірістілігімен, нәтижесінің тұрақтылығымен ажыратылады

(А.М, Кушнир)(5).

Педагогикалық технологияның маңызды қызметінің бірі - жеке тұлғаның даралығын, құндылығын, қабілеттерін, мүмкіндіктерін ескере отырып, тұлғаның қасиеттерін дамытуға бағыттау болып табылады.

Ғылыми еңбектерде «Тұлға – дербес әрекет ететін субьект, адамның қоғамдық өмірінің дара нысанасы. Жеке тұлғалық – жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшелігі индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі» деген анықтама берген. Жеке тұлғаға бағытталған технология – оқушының өзіндік тәжірбиесін анықтау, жетелеу, пайдалану, танымдық қабілетті дамыту, өзін-өзі тануға, анықтауға, білімін әділетті бағалауға жағдай жасау.

Педагогикалық технологияны дұрыс құрастыру оқу тәрбие процесінің тиімділігін, педагог пен оқушының шығармашылығын арттыру, жеке тұлғаның өзіндік құндылықтарын, даралығын дамытуға, алған білімін өмірлік тәжірбиесінде қолдануға өздігінен білім алуына, жетілдіруіне көмектеседі





Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Педагогика. Оқулық/Абай атындағы ҚазҰПУ нің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. Алматы., 2015.

  2. Интерактивтік әдістеме. Алматы., 2001.

  3. Чошанов М.М. Гибкая технология проблемно-модульного обучения. М.: Просвещение, 1996.

  4. Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекции. М.: Прометей. 1992.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі