400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТ-АДАМ ЖАНЫН ТҮСІНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог-психологтың жұмыс барысында ескеретін этикасы, құқығы, диагностика жүргізу, кеңес беру мәселелері
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша

білім бөлмінің «№46 орта мектебі» КММ

педагог- психологы Сабырбаева Алмагуль

Зейнелкабденовна


ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТ-АДАМ ЖАНЫН ТҮСІНУ


Ертеректе А.В. Луначарский «Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдірсе, онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы тас бүлінсе, онда ол өңдеуге кетеді, алайда ең бағалы гаухар тастың өзі, жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үлкен қылмыс немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды біле отырып жұмыс істеу қажет» деген пікір айтқан екен. Адам жұмбақ. Адам жаны - құпия. Адам мінезі-әр алуан. Сондықтан талай ғасырлар бойы Адам ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі болып келді. Адам болмысының табиғатының, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуімен қалыптасуына , төңірегіндегі басқа адамдармен қарым- қатынасының ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан уақыт озумен бірге өрістей түскен. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объект, ал ғылымдардың әрбірі өзіне тән ерекше мәселелермен айналысады. Ал психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сыйып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі, әр қандай нақты заттың өзі мен қабылданған кейпі, бір- бірінен ажыралып тұратыны даусыз. Сол себепті де пән атының өзі де грек тілінен аударуында психология- жан туралы ғылым дегенді аңғартады.

Оқушы жанын зерттеудің өзіндік ерекшелігі мен түрлері көп. Психологиялық қызметтегі диагностиканың басты мағынасы- балаларды бір – бірімен салыстыру емес, әрбір баланың ішкі жан дүниесіне терең үңіле біліп және баланың жан дүниесін түсіну болып табылады.

Психодиагностика көмегімен практик психолог мына негізгі міндеттерді шешеді:

  • Адамда психологиялық қасиеттердің немесе мінез- құлық ерекшеліктерінің болуын анықтау.

  • Белгілі қандайда бір қасиеттің даму деңгейін анықтау.

  • Адамда диагносталған психологиялық және мінез –құлық ерекшеліктерін бейнелеу.

  • Әртүрлі адамдардың зерттелген қасиеттерінің даму деңгейін салыстыру.

Сонымен бірге психодиагностика адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайды және нақты сапалық тұрғыдан талдайды. Психологтың кәсіби іс- әрекеті этикалық нормалар мен талаптар аясынан шықпауы керек. Яғни, психолог психологиялық зерттеу әдістерін және әдістемелерін жақсы білу қажет және оларды тәжірибеде қолдануда кәсіби- этикалық принциптерді білуі және сақтауы маңызды.

Психолог жұмысында зерттеу нәтижесінің сапалығын арттыру үшін психодиагностикалық әдістемелерге мынадай талаптар қойылады:

  • Психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді таңдауда, нәтижелерін қорытындылауда абай болып және баланың құқығын бұзбауы керек.

  • Психологиялық білімі және кәсіби дайындығы жоқ адамдар психология мәселелері бойынша психодиагностикалық, психокоррекциялық және басқа жұмыстардың жүргізулеріне жол бермеу қажет.

  • Кәсіби тәуелсіздік принципін сақтау

  • Ғылыми талаптарға (сенімділік, валидтілік, нақтылық) сәйкес келуі қажет.

«Өзара әңгімені әркім одан көп пайда көріп, көп білім алатындай етіп жүргізу керек» деген Гераклиттің сөзін үнемі пайдаланамын, олай дейтінім, маған, яғни жанын тынышталдыра алмай жүрген жан келіп, бар ішкі жан- дүниесіндегі болып жатқан арпалысты түсінуім үшін маған сол оқиғаға еніп кетуім керек, сол сияқты диалог арқылы әңгіме өрбітіп, қиналып жүрген сұрақтарына жауап берсем болғаны деп ойлаймын.

Әрбір психодиагностикалық әдістеме ғылыми талаптарға сәйкес келгенде ғана алынған нәтиженің адекваттылығына еш күмән болмайды. Алайда кез- келген психодиагностикалық әдістемелерді қолданушыларға төмендегі ережелерді жадысына сақтаса артық болмас .

  • Адамды өзінің келісуінсіз, еркінен тыс немесе алдау жолымен психологиялық зерттеуге мәжбүрлей алмаймыз, тек соттық және медициналық тәжірибе жағдайларында ғана мәжбүрлей алады.

  • Кез келген адам өзінің зерттеу нәтижелерін білуге құқылы.

  • Кәмелетке толмаған балаларды тестілеуде, олардың ата-аналары тестілеудің нәтижелерін білуге құқылы.

  • Зерттеушілерге психологиялық тестілеудің қорытындысын ұғынықты, әрі жеткілікті деңгейде түсіндірілуі керек.

  • Егер тестілеу адамның ақыл ой деңгейін анықтау мақсатында жүргізілсе, онда зерттелінуші тестілеудің мақсаттарын және нәтижелерге қойылатын талаптарды білуге құқылы.

  • Психолог диагностика нәтижесінде алынған мәліметтерді таратуға және барлығына жария етуге болмайды.

  • Психолог психодиагностикалық жұмыстың қрытындысының адекваттылығына жауапты және кәсіби психодиагностиканың барлық талаптарына сәйкес келуі керек.

Психологтың ұстанатын этикалық принциптері баланың мүддесін қорғаумен бірге, оның жан дүниесіне зиян келтіруге мүмкіндік бермейді. Әрбір психолог этикалық-құқықтық ережелерді жұмыс барысында ұмытпағаны жөн, бұл психологтың кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыра отырып, өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпал етеді. Осындай қасиеттерге Н.Н. Обозовтың пікірінше:

- Ұстамдылық және шыдамдылық

- Жоғары мәдениеттілік деңгей

-Жағдайды талдау біліктілігі

- Коммуникативтік біліктілгі

- Мінез- құлқының икемділігі

- Кәсіби әдептілік

- Конфликтология негіздерін білу

- Өзін ұстау біліктілігі

- Ұйымдастырушылық біліктілігі

Сонымен бірге білім саласында қызмет істейтін психолог ҚР –ның Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық педагогты қолдау туралы», «Бала құқығы туралы» заңдарды және басқа білім беру мәселесі жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогикалық психология, жалпы психология, жас ерекшелік физиология теориясын, әлеуметтік психология мен даму психологиясын, мектеп гигиенасын; оқыту бағдарламасы мен жоспарын, оқулықтарды, психология және педагогикалық ғылымның негізгі жетістіктерін білуге міндетті дей келе, әрбір психолог- адамның жан-жарасын емдеушісі ретінде бұдан әрі жұмысты жүзеге асыру үшін өзіне, бірінші кезекте белгілі дәрежеде өзінің жеке тұлғасына талаптар қоя білуі керек. Өйткені, психологтың жұмысы білім ордасындағы баланы жан-жақты дамуына ықпал етеді және адам тағдырына маңызды да жауапты орын алады. Тек өзінің кәсіби іс әрекетін дамыта алатын, кәсіби- қажетті деңгейде көмек көрсете білуге дағдыланған маман ғана еңбек нарығы мен қоғам сұранысына ие және білім беру қызметінің сапасын жоғарылатуға ықпалын тигізеді.

Менің осыған дейінгі жүргізілген жұмыс тәжірибемде көптеген жағдайларға тап болдым. Ата-анасы тарапынан қаралмай қалған бала, мұғалімдермен тіл табыса алмай жүрген оқушы, қиын оқушы , отбасында қиын жағдайға тап болған бала көптеп кездеседі. Осылардың әрқайсысымен жұмыс жүргізу арқылы бір-бір азамат болуына үлес қосып жүрген жанмын. Мектеп, педагог-психологының жұмысы ешкімге көрінбес, бірақ атқарылып жатқан жұмысқа көз жүгіртіп, ішіне енген адам ғана ол жұмыстың ауырлығын сезеді. Сол жұмыстарды барлық заңдылықтар мен қойылған мақсаттарға сай жүргізілуі тек қана сол саланың маманына ғана тән. Демек, заман талабына сай болу үшін білім саласындағы қызмет ететін әрбір маман еліміздегі білім саласын оздыра дамытуға ерекше үлес қосу керек деп ойлаймын.

Мектеп педагог- психологы ретінде айтарым мен үшін «Әрбір бала- бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!» ұранын басшылыққа ұстанамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қараша
385
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі