Жеке тұлғаның рухани
адамгершілігін
дамытудағы ойынның маңызы
Тәрбиеші:Бисенгалдиева.Ж.А
Баланың бірінші әрекеті- ойын, сондықтан да оның
мәні ерекше. Ойын – адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы.
Қазақ халқының « Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болама ?» деп
айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың
өмірді танып, еңбекке деген қатынасы, психологиялық ерекшеліктері
осы ойын үстінде қалыптасады.
Адам іс - әрекетінің ерекше түрінің бірі –
ойынның пайда болуы туралы зеріттеушілердің көпшілігі өз
еңбектерінде ойын - өнер мен көркемдік іс - әрекеттің алғашқы
қадамы деп түсіндіріледі. Ойында шындықтың көрінісі, оның образды
сәулесі қылаң береді. Өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің
әр түрлі әрекеттеріне еліктеу ойынға тән нәрсе. Ойын кезінде шартты
түрде максаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс -
әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл – ой, адамгершілік,
эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар
ойын барысында: 1) Өзін еркін сезінеді. 2) Ізденімпаздық тапқырлық
әрекет байқатады. 3)Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою
секілді түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне
сүнгійді.
Ойын мен еңбектің бір – біріне ұқсас сыйпаттары
көп, сондықтан кейбір педогог ғалымдар « Жақсы ойын –жақсы жұмыс
сияқты – деп қарағап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін
жасаған. Баланың ойында да жұмыстағыдай белгілі денгейде
жауапершілік болуы тиіс. Олардың айырмашылығы – баланың ойыны нақты
материалдық, рухани байлық жасай алмайды, ал жұмыс оңдай игілікті
өңдірудің негізгі жолы екені белгілі.
Баланың қуанышы мен реңіші ойында аңық байқалады.
Ойын баланы жан– жақты жарасымды тәрбиелеудің
психологиялық және физиологиялық негізі болып табылады.
Ойын баланығ көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана
қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне де әсер етеді.
Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы қарым- қатынас жасайды сол
қарым – қатынас барысында:1) адамдар іс - әрекеттің жақсы жақтарын
аңғарады, жақсы ойлауды үйренеді. 2) жанындағы адамдарды ұнатып,
жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады. 3) бір – біріне
көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянады, қамқорлық жасай біледі.
4) кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады.
Ойын
арқылы баланың баланың бойына адамдық қасиеттермен қатар білімге,
өнерге құштарлығы қалыптасады.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған
ойындар
« Ине мен жіп»
Жүргізуші:
-Мен ине болам, ал сендер жіпсіндер.
- Сендер
менің артымнан бір – бірлерінің белдерінен ұстап тұрындар. Қазір
бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім
жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
«Кім қалай
дыбыстайды»
Ойынға қатысатын балаларды
топтарға ( ит, тауық, жылқы) бөледі. Жүргізуші белгі берген уақытта
ит тобындағы балалар ит болып үріп дауыстайды. Дәл сол сияқты да
басқа топтар өз атауларын қорғап шығулары керек. Соныңда жүргізуші
өзі белгі берген уақытта барлық топ бірдей өз дыбыстарын
шығарады.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған
ойындар
« Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады.
Жүргізуші « су» десе қолдарын алдарына созады, «ауа» десе жоғары
көтереді, «от» дегенде екі қолдарын айналдырады, «жер» дегенде
қолдарын түсіреді. Кім шатасса сол айып өтейді.
« Көңілді шеңбер
»
Балалр
шеңбер жасап отырады, бір – біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі
берген кезде барлығы көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған
балалардың біреулеріне әр тү.рлі заттарды қыстырып қояды ( гүл,
орамал, бантик, көзілдірік) балалар көздерін ашқанда не өзгерді деп
сұрайды. Ең зейінді балаға ойыншық беруге болады.
« Орнынды тап»
Балалар
шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап,
қарап алуы керек, жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің
жан жағына тарап кетеді. ( белгі: шапалақтау) Екінші белгі бойынша
бастапқыда қай орында , кімнің қасында тұрғаның есінде сақтап,
қайта шеңбер түзеді. Өз орындарын тапқан балдар мадақталады,
табалмағандар айып өтейді.
« Сөзді есіңде
сақта»
Тәрбиеші
балаларға бірнеше қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тындау
ұсынылады. Бірінші сөзді тәрбиеші өзі айтады, балалар келесі сөзді
есіне сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу
керек.
1. Көкем
– жаңбыр
2. Жаз –
күн шықты
3. Күз –
тұман түсті
4. Қыс –
қар жауды
5. Аспан
– бұлт
6. Су –
балық.
Зейіңді тұрақтандыруға арналған
ойындар
« Мен
жеңімпазбын»
Орындықтарды ортаға қойып
музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді.
Орындықтар саны балалар санынан бір санға кем болуы керек. Ең
соныңда қалған бала орындықтын үстіне шығып « Мен жеңімпазбын» деп
айтуы керек.
«Құлақ- мұрын»
Балалар шеңбермен тұрады.
Жүргізуші «құлақ» деп мұрынды, «мұрын» деп құлақты ұстайды. Ал
балалар құлақ дегенде құлақты, мұрын дегенде мұрынды көрсету керек.
Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру үшін оларды
шатастырып айтады.