400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту" мәселесін зерттеу барысында оқушының потенциялын ашуға, мынадай даму үрдістерін ұсынуға болады: - оқушының қызығушылығы, - даму үрдісінде шығармашылық қабілетінің артуы; - іскерлік дағдыларының қалыптасуы; - зерттеу мұғалім мен зерттеуші оқушының кәсіби шеберлігінің өсуі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту

Жилкибаева Зауре тулеугалиевна

Ақтөбе қаласы

№ 30 орта мектебі



Қазақстан Республикасының "Білім туралы заңы", Ата заңы 2015 жылға дейін мемлекеттік тұжырымдамасында саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Өйткені, ғылым мен техниканы, өндірісті қазірдегідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды, қабілетті балалардың ішінен шығады. Қабілет деген не? Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Шығармашылық ойлау қабілеті екі түрлі болады: 1. Фантазия (қиял). Еркін ойлау. Бағыттан таю: Өзіндік әсер. 2. Логика (қисын). Сараптай тану. Терістеу. Әділеттілік. Ойды тұжырымдап айту. Қабілеттілік - адамның өз бейімділігі арқылы шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілет дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы - дарындылық. Дарын - баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділіг, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалар арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегі арқылы ашылады. Дарын қабілеті өздігінен жетілмейді, оған да белгілі бір фактор ықпал жасайды: 1. Мектеп өмірі, мектептегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастыру деңгейі. 2. Оқушылар мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас. 3. Отбасы жағдайы. 4: Физиологиялық даму үрдісі. 5. Балаға қажет білімнің берілу сапасы. Бала бойындағы дарындылығыны көп жылдық жүйелі еңбектің нәтижесінде байқауға болады. Схемада көрсетілгендей шығармашыл тұлғаның бойында өте жақсы қасиеттер пайда болады. Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолданып, жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту қажет. Шығармашылық еңбектің маңызды мәселелерін шешу мақсатында мынадай әдістемелерді қолданған жөн: - оқыту мен тәрбиелеу үрдісін жүйелеу; - еңбекті мақсаткерлікке бейімдеу; - педагогикалық ізденіс; - зерттеу жұмыстарының ұстанымдары. Оқушыларға сапалы білім берудің негізгі әдістемесінде және оны ұйымдастыруда. Қазіргі оқыту технологиясы барысында оқушы тыңдаушы ғана емес, олардың ынтасы мен таным деңгейін кеңейту әдістері, тыңдаушыдан белсенді пікір айтушы, ой бөлісуші дәрежесінде болуы керек. Оқушылардың өнерге деген ықыласын арттыра отырып, теориялық деңгейін көтеру, оқушылардың іскерлігі мен ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ойын, қиялын дамыту, оларға эстетикалық тәрбие бере отырып, еңбекке баулу міндеттерін арттыру керек. "Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту" мәселесін зерттеу барысында оқушының потенциялын ашуға, мынадай даму үрдістерін ұсынуға болады: - оқушының қызығушылығы, - даму үрдісінде шығармашылық қабілетінің артуы; - іскерлік дағдыларының қалыптасуы; - зерттеу мұғалім мен зерттеуші оқушының кәсіби шеберлігінің өсуі. Қорытындылай келе, шығармашыл ұстаз ғана шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқушыны тәрбиелейді, яғни шығармашыл білікті ұстаз, зерттеуші мұғалім саналы білім бере отырып, саналы шығармашыл оқушыны тәрбиелейді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
159
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі