400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жекен Жұмақан «Ақ боран» 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғаттың тылсым құбылысын суреттей отырып, мәтіннің негізгі идеясын ашады, талдайды, қорытынды жасайды. Қысқы тән қасиеттерді талдай алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:


Жекен Жұмақан «Ақ боран»


Сабақтың мақсаты:

Табиғаттың тылсым құбылысын суреттей отырып, мәтіннің негізгі идеясын ашу. Қысқы табиғаттың ерекшеліктерін талдау.


Күтілетін нәтижелер:

Табиғаттың тылсым құбылысын суреттей отырып, мәтіннің негізгі идеясын ашады, талдайды, қорытынды жасайды. Қысқы тән қасиеттерді талдай алады.


7 модуль

Сыни тұрғыдан ойлау,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,оқутудағы ақпараттық- коммуникациялық технологияны пайдалану,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,талантты және дарынды баланы анықтау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу


Қолданылатын әдіс – тәсілдер:

«Ратация» әдісі, ЖИГСО әдісі, автор орындығы, эссе, синкуэйн әдісі.


Қолданылатын ресурстар:

Оқулық, интербелсенді тақта,қар қиыршықтары,бағалау парағы, плакаттар, маркерлер, планшеттер.


Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқу құралдарын дайындатып,зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Қыстың суық күніне қарамастан бір – біріне алақан арқылы жылу сыйлап, ыстық лебіздерін білдіреді.Қар қиыршықтарын тарату арқылы топтарға бөлу: 1 – топ «Мұз», 2 – топ «Аяз» ,3 –топ «Боран», 4 – топ «Қар».

Оқу құралдарын дайындап,зейінін сабаққа аударады.

Бір – біріне тілек айтады.

4 – топқа бөлінеді.

Сабақтың кезеңдері:


Білу























Түсіну

Үй тапсырмасына берілген «Дүрбелең» өлеңін «Ратация» әдісі арқылы сұрау.

1) Өлең неге «Дүрбелең» деп аталған?

2) Өлеңдегі басты кейіпкер кім? Бектайдың ісіне баға бер

3) Бектай неге үй ішін әуреге салды? Бектайдың ісіне ұқсас сенің өмірінде қандай оқиға болды?

4) Дәрігер не деді? Ол Бектайдың қулығын білді ме?

Экранда жұмбақтар жасырылады.

  1. Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (Мұз)


  1. Таусылмайтын ақ мақта,

Қысы – жазы тау жақта. (Қар)


  1. Тоңғақты таниды,

Беті қолын қариды. (Аяз)


  1. Көрінбейді өзі,

Айтатын жоқ сөзі.

Ысқырып тұрады,

Серуен құрады. (Боран)

Интербелсенді тақтадан қысқы табиғаттың, боранның дауысын тыңдату.

  • Балалар,қандай дыбыс естіп отырмыз?

  • Қатты боран соғып тұр, ысқырған даусы шығады.

  • Дұрыс айтасыңдар.Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ақ боран» деп аталады.

  • Қане, өткен сабақта мен сендерге Жекен Жұмақан туралы мәлімет жинап келіңдер деген болатынмын.Кімде қандай мәлімет бар екен?

Ортаға сала қояйық.

Экранға назар аударады.

Жұмбақтардың шешуін табады,қыс мезгілі мен жұмбақтың шешуінің арасындағы байланысты айтады. «Ратация» әдісі арқылы алдына келген плакаттағы сұраққа өз тобына сәйкес бірдей түспен жауап жазады.Ең соңында өзіне қайтып келген плакатты алып шығып, топ мүшесі қорғайды.













Оқушылар естіген дыбыстың боранның, қыстың дыбысы екенін айтады.

Оқушылар үйден алдын ала берілген Жекен Жұмақан өмірі туралы жинап келген мәліметтерін ортаға салады.

Қолдану

Оқулықпен жұмыс. «Ақ боран» мәтінін 4 бөлікке бөліп оқиды.ЖИКСО әдісі бойынша мәтінді 1,2,3,4 санай отырып, ұяшықтаға бөлініп кетіп талдайды, пікір алмасады.

Сөздік жұмысы.

Ышқынады – мұнда: қатты соғады

Екілене – желдің екпіндей соғуы

Бүлкек – аттың желіп жүруі


Сергіту сәті

  • Балалар, қазір біз әрі өлең шығарайық, әрі сергіп алайық.Ол үшін барлығымыз орнымыздан тұрайық, мойнымызды бұрайық.

Далада қыс келіп тұр,

Ақ ..... оранып.

Боран алдан соғады,

Аяз бетті .....

Бірақ біздер танбаймыз,

Ойынға әсте .....

Шанаменен ......

Шаңғыны да ......

Қар атысып .......

Осылай біз ойнаймыз.

Балалар әрі өлең шығарады, әрі қимылдар жасап сергіту жаттығуын жасайды.

Талдау

Балалар, қазір біздер «Адасқан сөздер» ойынын ойнаймыз.Сіздерге мәтіннен үзінді беріледі.Мәтіннің ішінде кейбір сөздер алмасып кеткен.Сол сөздерді оқулықпен жұмыс істеп, орнына қоюларын керек.

1 – топ.Түнде жапалақ – жапалақ қар жауса,ертемен жел көтеріліп, көзге шағылысып шығармақ болып тұрған.

2- топ.Кеше ғана күн ашық еді,даланы жапқан ақ көрпе күмістей жылтылдап, ақ түтек, ақ боран ышқынады.

3 – топ. Аяғын жылыту үшін аттан түсті, жиренді жетелеп, домалана аяңдап, біраз жаяулады, қайта- қайта пысқыра берді.

4 – топ. Тебініп қалып, желе жөнелді,жирен басын төмен салып, ызғырық боранды сүзе, үйіріле соққан жел мұны бірнеше рет құлатып кете жаздады.

Жинақтау

«Мұз» тобы. Қыс қызығы тақырыбына сурет салу.

«Қар» тобы.Қыс туралы 5 жол өлең құрастыру.

«Аяз» тобы.Қыс туралы эссе жазу.

«Боран» тобы.Қыс туралы мақал – мәтел.


Ауа - райы туралы халық болжамдары.
Жылқы оқыранып жусаса, боран соғады.
Жылқы жазда ыққа қарап жусаса, қыс қатты болады.
Жылқы ішін тартса, ауа райы бұзылады.
Қой қораға еркін кірсе, қыс жайлы болады.


Әр топ өздеріне берілген тапсырманы бірігіп орындайды.Топ мүшесі ортаға шығып қорғайды.

Бағалау


Сабақтың әрбір бөлімін үш шапалақ, бас бармақ, отшашу арқылы бағалап отырады.Топ басшысы бағалау парағын толтырады.

Рефлексия

  1. Бүгінгі сабақтан не алдың?

  2. Сабақ ұнады ма?

  3. Қай тапсырма қиынға соқты?

Оқушылар сұрақтарға жауап берип, өз ойларын стикерге жазып жапсырады.

Үйге тапсырма



Мәтінді оқып мазмұнын айтып келеді.



Өз сабағыңызға талдау жасаңыз .

Рефлексия

Не сәтті болды?




Не сәтсіз болды?


Нені жақсартуыма болады?


Нені өзгертуге болады?
















№ 61 жалпы білім беретін орта мектеп









Ашық сабақ



Тақырыбы : Ж.Жұмақан «Ақ боран»













Өткізген: К.К.Сопакова

















2016-2017 оқу жылы















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
683
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі